Сабақжоспары Кіріспе. Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі Модуль /пән атауы


Көзді тынықтыруға арналған жаттығулар кешені



бет3/3
Дата14.09.2023
өлшемі26,31 Kb.
#107300
түріСабақ
1   2   3
Көзді тынықтыруға арналған жаттығулар кешені.
Халықаралық стандарт бойынша, монитор алдында жұмыс істеген кезде ересек адамдар әр 1 сағат, ал балалар жарты сағат сайын үзіліс жасап отыруы тиіс.
1. Монитордан теріс қараңыз да, көзді жұмып, ашпай тұрып, 10 рет жылдам көзіңізді қысыңыз. Көзіңізді недәуір үлкен жиілікпен және амплитудамен ашуға тырысып, 10 рет жақсылап көзіңізді жыпылықтатыңыз. Ең соңында, қатты таңғалғандай, 10 рет көзіңізді кең ашып, қабағыңызды түйіңіз.
2. Саусақтарыңызға жылу тарайтындай етіп, алақаныңызды күшпен ысқылаңыз. Саусақ ұштарымен көздеріңіздің жанында шекеңізді дөңгелете уқалаңыз. Бұлай еткенде, оң қолыңыздың саусақтары сағат тілі бағытымен, ал сол қолыңыздың саусақтары оған қарсы қозғалуы тиіс. Жартылай жабық қабақтарыңызды еркін ұстаңыз. Бұл жаттығулар кешені көзге «қызмет ететін» бұлшық еттер мен тамырларға әсер етеді.
3. Тағы бір тиімді жаттығулар кешені мынандай. Терезеге қараңыз. Арқаңызбен мойыныңызды бос ұстап, көз көрер қашықтықтағы ең бір алыс нүктеге қараңыз. Терең тыныс алып, назарыңызды мұрыныңыздың ұшына аударыңыз. Тыныс алып, тағы да алыс нүктеге көз қадаңыз. Тағы да тыныс алып, қайтадан қабағыңыздың арасына қараңыз.
4. Көздеріңізді еркін ұстап, жартылай жауып, көздеріңізді жаймен айналдырыңыз. Алдымен бір жаққа, содан соң басқа жаққа қарай бес - бестен толық айналым жасаңыз. Осы жаттығуды 30 секунд бойы жасаңыз.
5. Көздеріңізді жабыңыз. 30 секунд бойы оларды саусақ ұштарымен уқалаңыз.
6. Басыңызды оңға, солға, жоғары, төмен айналдырыңыз. Бірнеше айналым жасаңыз.
7. Әдемі бір суретке немесе терезе сыртындағы көрініске байыппен назар аударыңыз. Көзіңізді 10 - 20 секундқа жабыңыз. Ойша суреттің ішіне кіріңіз. Басында рама шеңберіне салынған көріністерді көзіңізге елестетіп, содан соң раманы ысырып тастап, сол жаққа серуенге аттаныңыз. Осы бір жақта өзіңіздің жаныңызға жайлы мекен тауып алып, сол жерге жайғасыңыз. Деніңізді еркін ұстап, қалай жақсы тыныққаныңызды сезініңіз.
Үй тапсырмасы
Амалдық жүйелердің түрлері



ПБ төрайымы Перебаева Ж.Ж.
Оқытушы Халмуратов А.Д.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет