Сабақта қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру Өзіңізді таныстырыңыз… Қалыптастырушы бағалау Сабақтың мақсаты



бет1/7
Дата11.12.2023
өлшемі5 Mb.
#137228
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7

«Білім беруді жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» тақырыбындағы оқыту семинары

Астана қаласы

27 қаңтар, 2016 жыл


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Сабақта қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру

Өзіңізді таныстырыңыз…

Қалыптастырушы бағалау

Сабақтың мақсаты:

  • Бағалаудың негізгі тәсілдерін түсіну.
  • Оқыту мен сыныпта оқудың ҚБ қалай байланысатынын қарастыру.
  • Сабақта ҚБ ұйымдастыру формаларын білу.
  • Бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар таңдау.
  • Тапсырмаға дескриптор құрастыруды үйрену.
  • Тиімді кері байланыстың не екенін түсіну.
  • ҚБ тәжірибесін мұғалімдерге қалай таратуға болатынын ойластыру.

Күтілетін нәтижелер
Тапсырма: сабақтан күтетін нәтижелеріңізді жазыңыздар

Не білемін?

Нені білгім келеді?

ҚБ негізгі түсініктер

  • Қалыптастырушы бағалаумұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы (нәтижесі баға ретінде тіркелмейді).
  • Оқу мақсаты - оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқушының оқу барысында меңгерген білім, түсінік, дағды жетістіктерінің күтілетін нәтижесі арқылы қалыптасқан тұжырым.
  • Бағалау критерийі - білім алушылардың оқу жетістік деңгейлері өлшенетін белгі, өлшем, негіздеме.
  • Дескриптор – оқушының жұмысты қаншалықты жақсы орындағанын бағалайтын тұжырым.
  • Тапсырма – оқушының құзіреттілік деңгейін (пәндік, тілдік және т.б.) бағалауға мүмкіндік беретін нақты жағдай.
  • Кері байланыс – қандай да бір жағдайға немесе әрекетке арналған жауап, пікір.

Бағалау қағидаттары



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет