Сабақта қарастырылатын сұрақтар


Кейнс әсерінің мағынасы: бағаның өсуімен байланысты ақшаға деген сұраныс өседі; ақша ұсынысының тұрақтылығы жағдайында пайыз



бет2/2
Дата05.04.2022
өлшемі22,83 Kb.
#29895
түріСабақ
1   2
Байланысты:
жиынтық сұраныс

Кейнс әсерінің мағынасы: бағаның өсуімен байланысты ақшаға деген сұраныс өседі; ақша ұсынысының тұрақтылығы жағдайында пайыз мөлшерлеме деңгейі артады. Пайыз мөлшерлеме деңгейінің артуынан экономикаға салынатын инвестиция көлемі қысқарады, олай болса, сұраныс қисығы да қысқарады

Мөлдір: 10-11 бет


Пигу әсері немесе байлық әсері.

Нақты кассалық қалдықтар – ақшаның сатып алу күшін ескере отырып, ақша қорының резервтелетін бөлігі.

Баға деңгейі өсумен қолдағы ақшаның сондай-ақ қаржы активтері(банк салымдары, бағалы қағаздар) нақты құны төмендейді. Адамдар өздерін нашар сезіндеі және сатып алцдан бас тартады. Баға төмендеген кезде кері әсер байқалады.

Байлықтың әсері, еі алдымен, тұтыну арқылы содан кейін, аз дәрежеде – жиынтық сұраныстың бастқа компоненттері арқылы әсер етеді.



Импорттық сатып алулардың әсері:

Импорттың тұрақты бағасымен ел ішіндегі бағаның өсуі отандық тауарлар мен қызметтерге сұраныстың отандық тауарлар мен қызметтерге сұраныстың төмендеуіне және импорттық тауарларға сұраныстың өсуіне әкеледі.

Шетелдіктер отандық тауарларды аз сатып алады.

Экспорт азаяды және испорт өседі Басқаша айтақанда, таза экспорт азаяды, сондықтан жиынтық сұраныс азаяды.

Диана: 13 бет

Ұзақ мерзімдік жиынтық ұсыныс қисығы елдің өндірістік мүмкіндіктерін анықтайды және мынадай шарттарға негізделіп құрылады:



  • өндіріс көлемі тек өндіріс факторларының санына және қолдағы бар технологияға байланысты анықталады, ал баға деңгейіне тәуелді емес;

  • өндіріс факторларындағы және технологиялардағы өзгерістер өте баяу жүзеге асырылады;

  • экономика өндіріс факторлары толық қамтылған жағдайда жұмыс істейді, және сәйкесінше, өндіріс көлемі өзінің потенциалды көлеміне тең болады;

  • бағалар мен атаулы жалақы икемді, олардың өзгерістері нарықтардағы тепе-теңдікті ұстап тұрады.

Ұзақ мерзімдегі жиынтық ұсыныс қисығы тік сызық түрінде болады. Ол өндіріс көлемінің табиғи (потенциалды) деңгейін сипаттайды («Экономикс» оқулығын қарауды ұсынамыз), яғни жұмыссыздық деңгейі өзінің табиғи деңгейінде болатын, ал өндіріс көлемі ресурстар толық қамтылған жағдайда қарастырылады. Жиынтық сұраныстың өзгерістері бағалар деңгейін өзгертеді («Экономикс» оқулығын қарауды ұсынамыз).

Ұзақ мерзімде жиынтық ұсыныс қисығындағы өзгерістер өндіріс факторлары мен технологияларды өзгерту кезінде орын алуы мүмкін.

Ұзақ мерзімдегі жиынтық ұсыныс қисығының жағдайы классикалық макроэкономикалық теорияға сәйкес келеді және жоғарыда атап өткеніміздей, өндірістің нақты деңгейі өндірістің табиғи (потенциалды) деңгейіне тең болады.

Ерсұлтан: 14 бет

Кейнстік үлгі экономиканы қысқа мерзімді кезеңде қарастырады және ол келесі алғышарттарға негізделеді:

• экономика өндіріс факторларының толық қамтылмаған жағдайында жұмыс істейді;

тауар бағалары, атаулы жалақы және басқа да атаулы шамалар тұрақты, яғни икемсіз, оларға нақты өзгерістер өте баяу әсер етеді;

• нақты шамалар (өнім көлемі, нақты жалақы, жұмысбастылық) нарықтық өзгерістерге өте сезімтал болып келеді. Қысқа мерзімде жиынтық ұсыныс қисығы көлденең немесе оң көлбеулі сызық түрінде болады («Экономикс» оқулығын қарауды ұсынамыз).



Сонымен, қысқа мерзімде жиынтық ұсыныс қисығының бойымен жиынтық сұраныс қандай да бір фактордың әсерінен өзгеріске ұшырағанда өндірістің нақты деңгейі өндірістің табиғи деңгейіне сәйкес келмейді. Мұнда жиынтық сұраныс өзгергенде (жиынтық ұсыныс қисығы көлденең болғанда) атаулы айнымалылар (баға деңгейі, еңбекақы мен пайыз мөлшерлемесі) өзгермейді және нақты айнымалылар (өндірістің нақты деңгейі және жұмыспен қамту деңгейі) өзгереді. Бұл төтенше кейнстік жағдай деп аталады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет