Сабақта интерактивті тақтаны қолдану саласындағы студенттердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру



бет2/2
Дата01.03.2023
өлшемі1,4 Mb.
#70928
түріСабақ
1   2
3) PADLET. Бұл тақталардың әртүрлі түрлерін таңдауға мүмкіндік беретін онлайн құрал. Мұнда барлық элементтер, яғни жаңалықтар лентасы, карта немесе уақыт кестесі түрінде сізге қажет етіп орналастырылған стикерлері бар қабырға, холст бар. Тақтаға сілтемелер, суреттер, құжаттарды қоя аласыз.



Сурет 4.9. PADLET тақтасы

PADLET тақтасын компьютеріңізге орнатуға немесе браузерде тегін тіркелу арқылы жұмыс жасауға болады. Егер Сізде Gmаil.cоm электронды почта болса онда сол почта арқылы кіріңіз, жоқ болған жағдайда басқа электронды поштаңыз арқылы кіруіңізге болады (4.10-сурет).





Сурет 4.10. PADLET тақтасына тіркелу терезесі

Тақтада жасап жатқан жұмысыңызға басқа қатысушыларды шақыруға, жұмысыңызбен әлеуметтік желілерде бөлісуге, сонымен қатар жасалған жұмысыңызды компьютеріңізге сурет, pdf, csv, кесте түрінде жүктеп алуыңызға болады (4.11-сурет).





Сурет 4.11. Жасалған жұмыспен бөлісу терезесі




Тапсырма:

  1. Жоғарыда көрсетілген тақталардың бірін таңдап, өз мамандығыңызға байланысты тапсырма құрастырып, жасаған жұмысыңызды топтағы студенттерге орындауға қолжетімділік беріңіз



Бақылау сұрақтары:

  1. Интерактивті онлайн тақта деген не?

  2. Онлайн тақталарға мысал келтір

  3. Google Jamboard-тың қандай мүмкіндіктері бар?

  4. Miro тақтасының артықшылықтары қандай?

  5. Padlet тақтасының артықшылықтары қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет