3) PADLET. Бұл тақталардың әртүрлі түрлерін таңдауға мүмкіндік беретін онлайн құрал. Мұнда барлық элементтер, яғни жаңалықтар лентасы, карта немесе уақыт кестесі түрінде сізге қажет етіп орналастырылған стикерлері бар қабырға, холст бар. Тақтаға сілтемелер, суреттер, құжаттарды қоя аласыз.
Сурет 4.9. PADLET тақтасы
PADLET тақтасын компьютеріңізге орнатуға немесе браузерде тегін тіркелу арқылы жұмыс жасауға болады. Егер Сізде Gmаil.cоm электронды почта болса онда сол почта арқылы кіріңіз, жоқ болған жағдайда басқа электронды поштаңыз арқылы кіруіңізге болады (4.10-сурет).
Сурет 4.10. PADLET тақтасына тіркелу терезесі
Тақтада жасап жатқан жұмысыңызға басқа қатысушыларды шақыруға, жұмысыңызбен әлеуметтік желілерде бөлісуге, сонымен қатар жасалған жұмысыңызды компьютеріңізге сурет, pdf, csv, кесте түрінде жүктеп алуыңызға болады (4.11-сурет).
Сурет 4.11. Жасалған жұмыспен бөлісу терезесі
Тапсырма:
Жоғарыда көрсетілген тақталардың бірін таңдап, өз мамандығыңызға байланысты тапсырма құрастырып, жасаған жұмысыңызды топтағы студенттерге орындауға қолжетімділік беріңіз
Бақылау сұрақтары:
Интерактивті онлайн тақта деген не?
Онлайн тақталарға мысал келтір
Google Jamboard-тың қандай мүмкіндіктері бар?
Miro тақтасының артықшылықтары қандай?
Padlet тақтасының артықшылықтары қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |