Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен психологиялық тренингтер жинағы



бет43/95
Дата12.06.2022
өлшемі397,32 Kb.
#36739
түріСабақ
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   95
Байланысты:
500 Әдіс-тәсілдер

164. «Күн! Тас! Қоршау
Ойын оқушылардың зейіні мен қозғалыс жылдамдығын дамытуға бағытталған. Ойын шарты: оқушылар бірнеше топтарға бөлініп отырады. Кезек-кезек балаларға «Күн!», «Тас!», «Қоршау!» атты бұйрықтар беріледі. Сөздердің айтылу ретін үнемі өзгерту қажет. Оқушылар әрбір сөзге қимылмен жауап берулері шарт. Егер «Күн!» деген сөз айтылса, олар алақандарын ашып, саусақтарын тарбитып, қолдарын жоғары көтереді. «Тас!» сөзінде қолдарын түюлі жұдырықтарымен көтереді. «Қоршау!» сөзінде алақандарын ашып, қолдарын көтереді, бірақ саусақтары бір-біріне тығыз жанасып тұруы керек. Ойын жылдамдығы біртіндеп жоғарылауы қажет. Ешбір қате жібермеген топ жеңімпаз атанады.


165. «Күту уақыты»
Күту уақыты оқушыларға ойлануға және жауап беруге мүмкіндік береді. Сыныптағы барлық балалар бір бағытта және бірдей ойлай бермейді – күту оқушыларға өз ойын жинақтауға және берілген сұраққа жауапты ойластыруға мүмкіндік береді.
Күту уақытының 2 түрі:

  • Мұғалім айтады, содан кейін оқушылар өз жауаптарын бергенге дейін үзіліс жасайды.

  • Оқушы жауап беруді аяқтайды және мұғалім оның жауабына қатысты әрекет еткенге дейін кідіріс жасайды. Бұл амал оқушыға ойын толықтыруға және жалғастыруға немесе басқа оқушыға жауап беруіне мүмкіндік береді.



166. «Күтіңіз және түйіндеңіз»
Оқушыларға олардан күткен негізгі сөздерді анықтауға уақыт беріңіз және сол кезде сұрақты басқаша қойыңыз – анық жауапты, азат жолды және т.б. біріктіру арқылы пікірталасты түйіндей отырып, оқушылардан жалпы қорытынды беруді сұраңыз.


167. «Қағаздағы сұрақтар»
Әрқайсысы қағаз қиындысына өзі білгісі келген немесе өзі жауап бергісі келген сұрақтарды жазып, қалташаға салады. Араластырылған сұрақтар еркін түрде қатысушыларға таратылып беріледі. Әркім өзіне түскен сұрақтарға жауап береді.
Бұл - үй тапсырмасын сұрағанда қолдануға тиімді тәсіл.
168. «Қазымыр оқушы»
Ойын шарты: оқушылар өз араларынан жүргізуші сайлайды. Оқушылар мәтінді тағы бір рет жылдам және мұқият оқып шығады. Ойынның бірінші кезеңінде белгілі бір уақыт аралығында мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады. Кім көп сұрақ құрастырса, сол жеңіске жетеді! Ойынның екінші кезеңінде оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды. Жауап қысқа да нұсқа болуы керек. Жауап берушіні жүргізуші таңдайды. Ойын соңында көп сұрақ қойған «Қазымыр оқушы» анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет