Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен психологиялық тренингтер жинағы



бет74/95
Дата12.06.2022
өлшемі397,32 Kb.
#36739
түріСабақ
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   95
Байланысты:
500 Әдіс-тәсілдер

282. «Стоп кадр»
Оқушылардан тақырыптың, хикаяның және мақұлдаудың стоп-кадрын жасауды сұрайды. Стоп-кадр бұл «камера» өз жұмысын тоқтатқан нүкте – стоп-кадрдың сыныпқа көрінбейтін басы және аяғы бар (Сонымен де ол фотографиялық суреттен айрықшаланады). Топтар өз стоп-кадрларын сыныпқа, суретте не болып жатқанын талқылау үшін, көрсетеді.


283. «Stop-кадр»
Stop-кадр — видеофильмнің бір сәтімен (кадр) жұмыс. Кадрды экранда
тоқтатып қойып, сұрақтар қою арқылы оқушыларды диалогқа тартуға болады. Сыныпта жұптық жұмыс ұйымдастыруға да болады: оқушылардың біреуіне кадрды көрсетіп, екіншісіне осы көріністі толықтай сипаттап беруін тапсыруға болады, екінші оқушы оған нақтылау сұрақтарын беру арқылы көмектесуіне болады.


284. «Сурет сал»
Мұғалім тақырыпты атайды.Фишкалардың көмегімен оқушыларды әртүрлі төрт топқа бөледі.Әр топқа 7 минутта аталған тақырыпқа сәйкес бірлесе отырып сурет салу ұсынылады.Жұмысқа берілген қысқа уақыт шағын топтардың тез және үйлесімді жұмыс жүргізіп, кенеттен пайда болған ойларын суретке түсіруге жұмылдырады.Шағын топтардың салған суреттері бойынша ортада жалпы пікір алысады, оларды түсіндіреді. Топтық талқылаудың негізгі сөздерін мұғалім тақтаға жазады.Бұл сөздер келешекте жаңа сабақ мазмұнының жоспарын жасауда пайдаланылады.


285. «Сұрақ – жауапқа құрылған хат»
Бұл ойынды итальян жазушысы Дж. Родари ойлап тапқан.
Ойынның шарты: Алты оқушыға алты түрлі сұрақ беріледі.
Бірінші сұрақ: “Кім? Не?” (яғни бір оқушы зат есімнен сөз жазады)
Екінші сұрақ: “Қай жерде?” (яғни жатыс септігіндегі тұрған кез келген сөзді жазады)
Үшінші сұрақ: “Не істеді?” (оны үшінші оқушы жазады)
Төртінші сұрақ: “Ол не айтты?” (бұл сөйлем төл сөз арқылы жазылады)
Бесінші сұрақ: “Адамдар не деді?” (бұл сөйлем де төл сөз арқылы жазылады)
Алтыншы сұрақ: “Оқиға немен тынды?” (1-оқушының зат есімін көріп, қорытынды жазады)
Бір қызығы әр оқушы қандай сұрақ берілгенін білсе де, басқалардың сұрағы мен жауабын білмейді. Сондықтан қызықты мәтін құрастырылады.
Мысалы:
а) Құмырсқа
Қонақта
Топырақ жеді
Ол айтты: “Мен бақыттымын”
Адамдар: “Ғұмырың ұзақ болсын”, – деді.
Құмырсқа жарылып өлді.
ә) Шегіртке
Мектепте
Доп тепті.
Ол айтты: “Мен кетемін”
Адамдар: “Біз де кетеміз”, – деді.
Шегіртке сылқ – сылқ күлді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет