169. «Қазына іздеу жолында» Сабақ тақырыбына қатысты ақпаратты жасырыңыз.Оқушылар жасырылған ақпаратты табуы керек. Күрделілік деңгейінарттыру үшін, тақырыпқа қатысы жоқ ақпарат қосып, оқушыларданоларға қажетті жəне қажет емес ақпаратты ажыратуды сұрауыңызға болады.
170. «Қайтадан құрастыру» Сабақ уақытын жұмысты қайта өзгерту үшін қолданыңыз. Бұл оқушыларға жақсартуға бағытталған кері байланысқа назар аударуға мүмкіндік береді. Бұл үдеріс сонымен бірге кері байланыстың құнды екендігін қуаттайды және оқушыларға қолайлы атмосферада жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
171. «Қане, қайтала!» Ойын шарты: мәтінді оқып шыққаннан кейін қолдарына қалам мен қағаз алып, сұрақтар құрастырады. Сұрақтарын өз іштерінен сайланған жүргізушіге өткізеді. Барлықтары сұрақ құрастырып болған соң, жүргізушіден кез келген парақты алып, жауабын ойластырады. Жауаптарын талдағаннан кейін, мәтін тәртібі бойынша орналастырады. Содан кейін өздерінің жауаптары бойынша құрастырылған мәтінді мазмұндап береді. Ойын соңында өз мәтіндерін берілген үзіндімен салыстырады. Ойын қорытындысы бойынша ең белсенді оқушы анықталады.
172. «Қарама-қарсы бағалауға негізделген диалог» Бұл - «ой қозғаудың» түрі. Оның негізгі ұстанымы мынадай: идеялар «Ой қозғау» тәсіліндегідей ұжымдық тұрғыдан келтірілгенде, оларға қарама-қарсы идеялар да құрастырылып отырады.
Бұл тәсілді қолданғанда төмендегідей кезеңдерді ұстану қажет:
Бірінші кезең.
Диалогқа қатысушылар топтарының құрамын белгілеу.
Екінші кезең.
Проблеманы (мәселе, сұрақ, жағдаятты) талдау тобының құрамын белгілеу.
Шешімін қажет ететін мәселені құрастыру.
Құрастырылған мәселе мен тәсілді қалайша қолдануға болатындығын қатысушыларға хабарлау.