157. «Көкпар» Топтық тапсырма: сұрақ- жауап арқылы білімін бағалау. Мұнда топ мүшелеріне сұрақтар қойылады. Жауап мазмұны, дәйектілігі ескертіледі. Сұраққа дұрыс жауап берген адам шарик (1 балл) алады. Көп шар жинаған адам- көшбасшы.
158. «Көңіл күй букеті» Оқушылар гүлдерді вазаға қояды. Ваза суреті плакатқа салынған. Сабақтағы жұмысын бағалай отырып, әр оқушы аты жазылған стикер-гүлді вазаға бекітуі қажет. Қызыл түс – проблема бар, көмек қажет. Сары түс – барлығы түсінікті емес. Жасыл түс – барлығы жақсы. Стикер түстері әртүрлі болуы мүмкін.
159. «Көңіл күйді анықтау» Сабақ басында оқушылар бір параққа өзінің көңіл-күйін келтіретін сурет (немесе смайлик) салады: суретте олар адамның бет-әлпетін келтіру керек (мәселен, күліп немесе езу тартып тұрған, қабағын түйіп тұрған, бейтарап т.б).Олар суреттерін бір-біріне көрсетеді.Оларға сабақтың аяғына дейін көңіл-күйлерін көтеріңкі деңгейге жеткізу жұмысы тапсырылады.
Немесе көңіл-күй табиғат құбылыстары арқылы көрсетуге болады: жарқырап күн шығып тұр, аспанды бұлт торлаған, жаңбыр немесе қар жауып тұр т.с.с.
160. «Көрсет және әңгімеле» Әр оқушы өз жауабын жазуға/салуға мүмкіндігі болатындай және оны тез арада сізге (сыныптастарына) көрсететіндей етіп, шағын маркер тақтасын қолданыңыз.
161. «Көршіңе әңгімелеп бер» Бұл әдіс оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады.
· сұрақ қойыңыз, ойластыруға уақыт беріңіз;
· одан кейін оқушылардан өз ойларын көршілерімен бөлісуді сұраңыз;
·оқушыларға жаңа тақырыпты айтыңыз және осы тақырып бойынша өздері білетін барлық жағдайды көршісіне айтуын ұсыныңыз.