232. Оқылым дағдысын дамытуға арналған жұмыс түрлері Мағынаны ұғынуға арналған оқылым (танысу үшін оқу) Оқушылар белгіленген уақыт ішінде қысқа әңгіме мен ақпараттық мәтін оқиды.Олар негізгі мәселелерді анықтап, пікірлерін ауызша ұсынады.
Оқушылар дәлелдерді анықтай отырып, қысқа дискурстық мәтін оқиды.
Оқушылар бірқатар мәтінді топтарға бөледі, мысалы, сюжеті/тақырыбы ұқсасмәтіндер т.б.
Оқушылар өздері жаңа ғана тыңдаған немесе оқыған мәтінге қатысты: Кім? Не?Қашан? Қайда (егер қолдануға келсе: Неліктен? және Қалай?) деген сұрақтарғажауап береді.
Мұғалім жылдам оқып, топқа негізгі мәселелерге қатысты ауызша кері
байланыс ұсыну үшін жеке, ұзын мәтін береді. (Бұл жаттығуды күрделілігіне
қарай саралауға болады).
Топ мәтіннің мазмұнына қатысты шын/өтірік сұрақтарға команда ретінде жауапбереді.
Оқушылар басқа оқушыларды мәтіннің мағынасына қатысты «тестілеу» үшін,шын/өтірік және мәтіннен алынған үзінділермен байланысты сұрақтардыәзірлейді.
Топтар/сынып мәтіннің мәнісін анықтауға арналған әдіс-тәсілдер тізімін
жасайды.
Оқушылар мәтіннен алынған үзінділермен белгілі бір уақыт ішінде танысадыжәне олардың әрқайсысында болып жатқан оқиғаны жалпылайтын суреттерменсәйкестігін анықтайды.
Егжей-тегжейлі білуге (түсінуге) арналған оқылым (сканерлеу) Оқушылар мәтінді қайта оқиды және өздерінің бірінші рет оқығанда нені
қалдырып кеткенін және екінші рет оқығанда байқағанын айтады.
Оқушылар мұғалім/сыныптасы оқыған қысқа мәтінді тыңдайды, сосын __________неніестерінде сақтағанын айтады. (Олар, бәлкім, маңызды бір тұстарды естеріндесақтар, мысалы, атын, кейіпкерлерін немесестатистикалық деректер).
Оқушылар жұптасып оқиғаны немесе негізгі идеяны өзгертпестен алып тастауғаболатын, мәтіндегі екінші дәрежелі элементтерді атап көрсетеді. Оқушылар басакөрсетілген материалсыз ненің жоғалтылуы мүмкін екенін түсіндіреді.
Нақты нәрсені анықтауға арналған оқылым Оқушыларға белгілі бір сала туралы ақпараты бар бірнеше мәтін ұсынылады.Олардан аталған жағдайда аталған адам үшін тиісті іс-әрекеттерді анықтаусұралады. Мысалы, ақпарат түрлі жастағы ұлдар мен қыздарға арналғанжергілікті клубтарға және/немесе жергілікті көрікті жерлер мен ойын-сауық орындарына қатысты болуы мүмкін. Оқушылар бұл адамдар қандайжұмыстардың қандай түрлерін орындай алатынын анықтайды және өздерінің нені және қашан істей алатынын көрсететін график құрастырады.
Жұптасып отбасының әртүрлі мүшелеріне арналған жұмыс түрлерін талқылау(әртүрлі жас санаттары, қолжетімдік және т.б.).
Жұптар романнан үзінді тыңдайды немесе оқиды/бірнеше сюжеттік желісі баршоудан үзінді көреді, сосын нақты осы кейіпкермен немесе сюжеттік желімен не болғанын түсіндіреді.