Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен психологиялық тренингтер жинағы


Оқылым дағдысын дамытуға арналған жұмыс түрлері



бет68/105
Дата16.01.2023
өлшемі472,69 Kb.
#61544
түріСабақ
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   105
232. Оқылым дағдысын дамытуға арналған жұмыс түрлері
Мағынаны ұғынуға арналған оқылым (танысу үшін оқу)
 Оқушылар белгіленген уақыт ішінде қысқа әңгіме мен ақпараттық мәтін оқиды.Олар негізгі мәселелерді анықтап, пікірлерін ауызша ұсынады.
 Оқушылар дәлелдерді анықтай отырып, қысқа дискурстық мәтін оқиды.
 Оқушылар бірқатар мәтінді топтарға бөледі, мысалы, сюжеті/тақырыбы ұқсасмәтіндер т.б.
 Оқушылар өздері жаңа ғана тыңдаған немесе оқыған мәтінге қатысты: Кім? Не?Қашан? Қайда (егер қолдануға келсе: Неліктен? және Қалай?) деген сұрақтарғажауап береді.
Мұғалім жылдам оқып, топқа негізгі мәселелерге қатысты ауызша кері
байланыс ұсыну үшін жеке, ұзын мәтін береді. (Бұл жаттығуды күрделілігіне
қарай саралауға болады).
 Топ мәтіннің мазмұнына қатысты шын/өтірік сұрақтарға команда ретінде жауапбереді.
 Оқушылар басқа оқушыларды мәтіннің мағынасына қатысты «тестілеу» үшін,шын/өтірік және мәтіннен алынған үзінділермен байланысты сұрақтардыәзірлейді.
 Топтар/сынып мәтіннің мәнісін анықтауға арналған әдіс-тәсілдер тізімін
жасайды.
 Оқушылар мәтіннен алынған үзінділермен белгілі бір уақыт ішінде танысадыжәне олардың әрқайсысында болып жатқан оқиғаны жалпылайтын суреттерменсәйкестігін анықтайды.
Егжей-тегжейлі білуге (түсінуге) арналған оқылым (сканерлеу)
 Оқушылар мәтінді қайта оқиды және өздерінің бірінші рет оқығанда нені
қалдырып кеткенін және екінші рет оқығанда байқағанын айтады.
 Оқушылар мұғалім/сыныптасы оқыған қысқа мәтінді тыңдайды, сосын __________неніестерінде сақтағанын айтады. (Олар, бәлкім, маңызды бір тұстарды естеріндесақтар, мысалы, атын, кейіпкерлерін немесестатистикалық деректер).
 Оқушылар жұптасып оқиғаны немесе негізгі идеяны өзгертпестен алып тастауғаболатын, мәтіндегі екінші дәрежелі элементтерді атап көрсетеді. Оқушылар басакөрсетілген материалсыз ненің жоғалтылуы мүмкін екенін түсіндіреді.
Нақты нәрсені анықтауға арналған оқылым
 Оқушыларға белгілі бір сала туралы ақпараты бар бірнеше мәтін ұсынылады.Олардан аталған жағдайда аталған адам үшін тиісті іс-әрекеттерді анықтаусұралады. Мысалы, ақпарат түрлі жастағы ұлдар мен қыздарға арналғанжергілікті клубтарға және/немесе жергілікті көрікті жерлер мен ойын-сауық орындарына қатысты болуы мүмкін. Оқушылар бұл адамдар қандайжұмыстардың қандай түрлерін орындай алатынын анықтайды және өздерінің нені және қашан істей алатынын көрсететін график құрастырады.
 Жұптасып отбасының әртүрлі мүшелеріне арналған жұмыс түрлерін талқылау(әртүрлі жас санаттары, қолжетімдік және т.б.).
 Жұптар романнан үзінді тыңдайды немесе оқиды/бірнеше сюжеттік желісі баршоудан үзінді көреді, сосын нақты осы кейіпкермен немесе сюжеттік желімен не болғанын түсіндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет