Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен психологиялық тренингтер жинағы



бет36/95
Дата19.03.2023
өлшемі401,34 Kb.
#75481
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   95
Байланысты:
366139-500 діс т сіл

134. «Зерттеудің алты қадамы»
1. Тапсырманы анықтау: Мен нені анықтауым керек? Мен не істеймін? Менқазір не білемін? Маған қандай лексика керек? Мен өз жұмысымды қалайтаныстырамын?
2. Ақпараттың орналасқан орны: Мен ақпаратты қайдан таба аламын? Мағанкім көмектесе алады?
3. Тиісті ресурстарды таңдау: Бұл ақпарат пайдалы ма? Мен нені сақтауым
керек? Маған нені өшіріп тастау керек? Ресурстар қаншалықты сенімді болыптабылады?
4. Ақпаратты ұйымдастыру: Мен жазбаларды өз сөзіммен жаза аламын ба?
Мен оларды қалай ұйымдастырамын? Мен ақпараттың қайдан алынғанын белгіледімбе? Мен жеткілікті ақпарат алдым ба?
5. Идеяларды ұсыну: Менен өз жұмысымды қалай таныстыруды сұрады? Меноны қалай құрылымдауым керек? Мен өз жұмысымды кімдерге таныстыратынболамын? Мен тез тіл табысқышпын ба?
6. Соңғы өнімді бағамдау: Мен бірдемені қалдырып кеттім бе? Менің
жұмысымның мәні бар ма? Мен орфографиялық және грамматикалық нормалардыңсақталуын тексердім бе? Мен өз жұмысымды оқыған адамның алдында мақтанышсезіне аламын ба? Мен не үйрендім?

135. «Иә, жоқ»
Мақсаты: ұсынылып отырған жаттығу арқылы оқушылар жиналып қалған жағымсыз эмоцияларынан арылып, жағымды қарым-қатынас құруға ынталанады. Жаттығу соңында сынып оқушыларының жұмыс істеуге деген қабілеті байқалады. Сыныпта шу болуы мүмкін. Кейде балалар бір емес, бірнеше адаммен жауаптасулары да мүмкін.
Нұсқау: «Жұптарға бөлініп, бір-біріңе қарама-қарсы тұрыңдар. Жұптарыңда кім «Иә», кім «Жоқ» жауаптарын тыңдайтынын анықтаңдар. «Иә» жауабынан ойын басталады. Екінші бірден «Жоқ!» деп жауап қайтару керек. Бірінші адам аздап дауысын көтеріп, тағы да «Иә» десе, екіншісі де көтеріңкі дауыспен «Жоқ!» дейді. Әрқайсыларың әуел бастан таңдап алған сөзді ғана қайталауларың қажет. Ол сөздерді өздеріңнің қалауларың бойынша ақырын, қатты, дөрекі, сыпайы түрде айтуларыңа болады. Осы екі сөздің көмегімен шағын дау өткізулеріңе болады, бірақ бір-бірлеріңді ренжітуге болмайды. Тоқтату туралы белгі берілісімен, ойын тоқтатылады».
Жаттығуды талдау:

  • Өзіңді қалай сезініп тұрсың?

  • Саған қай сөзді айтқан ыңғайлы: «Иә» сөзі ме, әлде «Жоқ» па?

  • Сенің дауыс ырғағың қалай болды? Қатты ма, әлде ақырын ба?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет