Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен психологиялық тренингтер жинағы



бет1/95
Дата28.03.2023
өлшемі357,86 Kb.
#76966
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95
Байланысты:
500 әдіс-тәсіл


Сабақта қолданылатын
әдіс-тәсілдермен
психологиялық тренингтер
жинағы



  1. «Интерактивті дәріс»

Орындалу барысы
А. Мұғалім оқушыларға жаңа тақырып бойынша жалпылама дәрістің мәтінін әр топқа арнап береді. Оқушылар арнайы тапсырмаларды орындайды. Мәтін практикалық жұмысқа арналған және нақты болуы қажет. 
В. Оқушылар топ ішінде бір-біріне көмектесе отырып, дәрістің мағынасын түсінеді. Оқушылар өздеріне түсініксіз болған жағдайларға байланысты бір-біріне сұрақтар қоя алады. Мұғалім сұрақтарға ешкім жауап бере алмаған жағдайда ғана сұрауға рұқсат етеді. 
С. Дәрістің мәтінімен жұмыс жасап болған соң оқушылар жекелей тапсырмалар орындайды. Жұмыстың бұл кезеңінде бір-бірінен сұрау, көмектесуге рұқсат берілмейді, оқушылар тек жеке тапсырмалармен жұмыс жасайды.
Әдістің басты ерекшелігі жеке тапсырмаларға арналған бағалау жүйесінде болып табылады. Бағалау салыстырмалы түрде қойылады. Оқушы алдыңғы тапсырмадан қарағанда жоғары ұпай алған кезде ғана топ қоржынына өз үлесін қоса алады. Жоғары ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.



  1. Фильмдерді көру және оны талдау

Сабақ барысында көркем фильмдерді және шағын бейне-баяндарды, олардың үзінділерін қолдануға болады.
Тақырып пен мақсатқа сай материалды тек қана қосымша емес, сабақтың кез келген кезеңінде көрсетуге болады. Көрсетілімнің алдында оқушыларға бірнеше (3-5) кілтті сұрақтарды беріп қою қажет. Бұл талдауға негіз болатын сұрақтар. Фильмді арнай таңдалған жерлерінен тоқтатып дискуссия өткізуге болады. Соңында оқушылармен бірге талдап, қорытындысын шығару қажет.



  1. «Мозаика»

Өткізу кезеңдері
А. Үзінділерге бөлінген, тапсырмамен жұмыс істеу үшін оқушылар 4-6 адамнан құрылған топтарға ұйымдастырылады (логикалық немесе мағыналы блоктар). Шағын топтың әр бір мүшесі өз бөлімі бойынша материал табады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет