Сабақта қолданылатын көрнекіліктер Сабаққа қатысты тұсаукесер, А4 форматындағы қағаздар, постерлер


Барлық оқушылар бір-бірінің қолынан ұстап, кезекпен жақсы тілектер айтып шығады



бет2/3
Дата27.11.2023
өлшемі75,92 Kb.
#128804
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Отан деп соқсың жүрегің. Сынып сағаты

Барлық оқушылар бір-бірінің қолынан ұстап, кезекпен жақсы тілектер айтып шығады.


- Жақсы, енді барлығымыздың көңіл күйіміз жағымды тілектермен көтерілгеннен кейін бүгінгі сабағымызды бастайық!

Оқушылар мұғалімнің айтқанын тыңдап, шеңберге тұрып, жақсы тілектер бір-біріне тілейді.
Мысалы: Күнің сәтті болсын, бақытты бол, ешқашан ауырма және т.б.


Сабақтың ортасы

1)«Мен саған, сен маған» әдісін қолдану. Мұғалім барлық оқушыға мақал-мәтелдің бірінші жартысын айтады, оқушылар сол мақалды жалғастырады.
Мұғалім: Балалар, мен сендерге қазір осы тақырыбымызға байланысты, яғни Отан туралы мақал-мәтелдердің бас жағын ауызша айтып беремін, ал сендер сол мақалдардың соңғы жақтарын дұрыс табуыңыз қажет.
1. Туған жердей жер болмас,
(Туған елдей ел болмас.)
2. Отансыз – адам, (ормансыз – бұлбұл.)
3. Отан үшін отқа түс (күймейсің.)
4. Туған жердің күні де ыстық, (түні де ыстық.)


2) Мұғалім барлық оқушыларға берілген жұмбақтарды оқиды, жауабын бірінші тапқан балаға сыйлық беріледі.


Мұқалім: Мақал-мәтелдерді жалғастыру сендерге оңай болған сияқты, сондықтан мен дәл қазір жұмбақтарды оқып, жасырамын, ал сендер сол жұмбақтардың жауабтарын дұрыс табуыңыз қажет!


1.Шаңырақ – күн,
Уықтары-нұр шашқан.
Екі пырақ, көк аспанға ұласқан.
Жарқырайды темірқазық жұлдызы,
Жол көрсетіп, алға бас-деп, Қазақстан. (Жауабы: Елтаңба)


2. Ыстық дейді оны оттан,
Патриот оны ұнатқан. (Жауабы: Отан)


3. Асқақтатып Сарыарқа даламды,
Ерлік ісі үлгі болған бабамды.
Оң қолымен ұстап тұрып жүрегін,
Бүкіл елім осы әнге салады. (Жауабы: Ән-ұран)


3) Тақтаға «Қазақстан» деген сөздің әріптері шатасып беріледі. Сол әріпті оқушылар орнына дұрыстап қою қажет. Оны дұрыстап қойғаннан кейін оқушылар ауызша «Қазақстан» деген сөзден тағы басқа сөздер құрастырады.


Мұғалім: Оқушылар, тақтаға қарайықшы. Нені көріп тұрсыңдар? Ия, тақтада бірнеше шатасқан әріптер ілініп тұр екен. Қанеки, осы әріптерді дұрыс орнына қоюға кім көмектесе алады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет