Сабақта өзін-өзі танудың әдістемелік тәсілдерінің қалай жүзеге асырылғандығы



Дата22.05.2023
өлшемі19,4 Kb.
#95985
түріСабақ
Байланысты:
2. Өзін-өзі тану сабағының есебі (1)


2.1. Өзін-өзі тану сабағының рефлексивті есебі

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы,


«М.Атымов атындағы№6 орта мектеп»КММ
Өзін-өзі тану мұғалімі Абдиева Кундыз Койбагаровна

  • Сабақта өзін-өзі танудың әдістемелік тәсілдерінің қалай жүзеге асырылғандығы:

«Ар-ұждан үні» тақырыбында № 3 сабақ 8 «А» сыныбында жоспарға сай өзін-өзі тану пәнінің барлық әдістемелік тәсілдерімен өткізілді. 5 «Т» ережесін басты мақсатқа алып, сабақты бастадым.
Жағымды күйге келу. «Нұрға бөлену» баяу музыка қою арқылы
Нұрға бөленуді мәнерлеп айтып бердім. Үй тапсырмасына берілген мәтіннің сұрақтары бойынша оқушылар орташа деңгейде жауап бере алды.
Жиғанбай Марал: «Ар-ұждан үні адамды үлкен шыңға жетелейді, болашаққа деген мақсатымызды айқындайды» - десе.
Сағынғали Нұрсәт: « Шәкәрімнің бойынан: шынайы, шыншыл, білімге деген құштарлықты, Ар-ұжданмен өмір сүре білетінін байқадым» -деп жауап берді.
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Ұждан барлық дүниеден биік»деп алынған дәйексөзбен жұмыс жасадым.
Биғали Дидар: «Жақсы адам болу үшін ең бірінші ар-ұждан үніне мән бере отырып, халықтың даналығын бойымызға сіңіріп өсуіміз керек»- деп дәйексөзді аша білді.
Әңгімелеу бөлімінде мұғалім сыйына алынған «Бір баланың оқиғасы» туралы аңыз әңгімені оқып, сұрақтар қойылып оқушылар жауабы тыңдалды.
Шығармашылық іс-әрекет барысында топқа бөліп, тапсырмалар берілді. Тапсырмаларды орындап, қорғау барысында өз ойларын толық жеткізе алды.
Топқа берілген жұмыс жасауда, топпен ән айтуда балалардың көңіл күйлері көтеріліп жақсы әсер алды. Балалар бір-бірін тыңдап, өз ойларын ашық білдіріп отырды.

  • Оқушылардың сабақ материалын қалай қабылдағандығы:

Оқушылар сабақ материалын жақсы деңгейде қабылдады деп ойлаймын. Себебі: оқушылар дәекісөзді оқығаннан кейін сұрақтарға Мақсатқызы Жанбота « Арды адам бойындағы жақсы қасиеттердің өлшемі, адамгершілік санасы деуге негіз бар» - деп жауап берді.
Топқа берілген шығармашылық жұмысты жасағанда, сахналық көрініс қойғанда, өздерінің ойларын толық жеткізе алды. Оқушылар белсенділікпен тапсырмаларды орындап, рухани – адамгершілік тұрғыдан қойылған сұрақтарға мұқият жауап берді.

  • Оқушылардың рухани – адамгершілік көзқарастағы өте маңызды жауаптары:

Оңайбай Жапырақ: «Ар-ұждан дегеніміз адамдықтың өлшемі. Адам болу үшін үлкен нәрсенің керегі жоқ,бәрі кішкентай заттан бастау алады. Дұрыс іс-әрекет ете білу керекпіз». Орал Айдын: «Адам өз бойындағы ең асыл құндылық ар-ұждан қазынасы екенін танып білгеннен кейін, білім іздеп еңбектенсе ол шын мәніндегі намысты тапқаны күмәнсіз» - деп жауап берді. Оқушылардың бұл жауаптары рухани – адамгершілік көзқараста маңызды жауаптар болды. Дұрыс әрекет құндылығын түсіне білгендерін көрсетті.

  • Оқушылардың сабақ мазмұнына қызығушылығы оқушыларды шабыттандыра алуы:

Балалар сабаққа белсенді түрде қатысып отырды. Шығармашылық жұмыста әр топ өзіне берілген тапсырмаларды сөз жұмбақ сұрақтары арқылы тиым сөздерді тізбелеп, оны қорғағандарынан сабаққа деген қызығушылығы арта түскенін байқауға болады.

  • Сабақта орындалған және әзірге орындалмаған мақсаттар:

Оқушылар үй тапсырмасына толық дайындалмаған. Оған қоса маған да мектебімізде жөндеу жұмыстарының бітпегендігі оқушыларға да керемет ыңғайлы болмады.Жағымды көңіл-күйге келуде оқушылар түгелдей көздерін жұмып қатыса алмады. Сонымен қатар оқушылардың кейбірінің көздерінен лаулаған жалынды көре алмадым. Себебі бізде дәрізде тарсылдаған дыбыстар кедергі келтірді.

  • Сабақта өзгерту және жақсарту бойынша ұсыныстар:

Жоспар бойынша жеңілірек ән таңдауым керек еді деп ойлаймын.

  • Бір немесе бірнеше өзін-өзі тану сабағынан кейін оқушылардың шығармашылық жұмыстарының әрекеті мен мінезінде байқалған өзгерістер

Шығармашылық жұмыста сыныптағы инклюзивный Осман Айгерім есімді оқушы топқа қосылып, өзінің ойын білдіріп отырды. Әжесінің « әрқашан өтірік айтпа, әрдайым шындықты айта біл» деген тиым сөздерді айтты деп өзінің пікірін білдіріп отырды. Басқа оқушылар да Айгерімге көмектесіп пікірін қағазға түсіріп отырды.
Үш топқа бөлініп тапсырма орындаған оқушылардың барлығы өздерінің ата-аналарының, үлкен ата-әжелерінің тиым сөздер айтатындарын естеріне түсіріп, бір-бірімен жарыса айтты.
Сабақтан оқушылар жақсы әсер алды. «Шынайылық», «Шындық», «Кешірімділік» қасиеттерді оқушылардың жете түсінгенін берген жауаптарынан аңғаруға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет