Сабақта тиімді кері байланыс
ұйымдастырудың техникалары.
Муфтахова Анаргуль Кайрбековна
Атырау облысы , Құрманғазы ауданы
Ф. Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебі
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
География пән мұғалімі
«Қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағидаларын
қалыптастыруды ғана емес , сонымен бірге ,
біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге
қажетті нақты жобаларды жүзеге
асыруымызды да талап етеді »
( Н.Ә.Назарбаев )
Болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімде ғана. Қай ел болсын, өсіп-өркендеуі, әлемде өзіндік орнын алуы сол мемлекеттің біліміне, білім сапасына байланысты екенін ел Президенті Н.Ә. Назарбаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында ерекше айтуы да сондықтан. Қазақстан Республикасының білім берудегі басты мақсаты-жан-жақты дамыған, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой – толғамы бар, адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін оқушыға білім мазмұнын терең игертудің тиімді жолдарын іздестіріп, шығармашылыққа жетелейтін қазіргі заман талабына сай ғылыми-әдістемелік біліммен қаруланған, білікті маман, шебер мұғалім дайындау қажет. (1,37-б) Ал жаңа формация мұғалімі-оқыту технологиясының жүйесімен оқушыларды өмірге дағдыландыру құзырлығын айқындау бағытындағы әдіс-тәсілдерді жетік меңгерген тұлға. Білім алуда сенімді, өзіне есеп бере алатын тұлға қалыптастыру үшін оқушылармен кері байланыс орнатудың маңыздылығы мен қажеттілігі туындап отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |