Сіз не істей аласыз?
Өз қызметіңізге қалыптастырушы бағалау идеясын енгізу үшін, ең алдымен, сіз не
істейтіндігіңіз төңірегінде ойлануыңыз қажет. Әріптестермен талқылау және сабақтарда
бірін-бірі бақылау осындай ойларға түрткі болуы мүмкін.
Келесі қадам енгізілген өзгерістерді тексеру болуы тиіс. Бәрін түбегейлі өзгерту
қауіпті болып, бәрін бүлдіруі мүмкін, сондықтан өзгерткіңіз келетін бір нәрсе таңдап
алыңыз, мейлің, «бағдаршам» карточкаларын пайдалану немесе құрбы-құрдастарын бағалау
болсын, немесе күрделендірілген жауап алу болсын, әйтеуір біреуі болуы тиіс. Тек істі
бастаудан қорықпаңыз. Егер де сіз орта немесе жоғарғы сыныптарда сабақ беретін болсаңыз,
онда алдымен бір сыныппен ғана орындап көріңіз. Мұғалімдер өздеріне сенімі артып,
оқушыларға нені білетіндерін және нені білгілері келетіндерін айтуға мүмкіндік бере
бастасымен-ақ, бағалауды өзінің бүкіл оқыту тәжірибесінде пайдалану керек деп
ұйғаратынын байқадық.
Стратегияларды пайдалануды жалғастыру алдағы прогреске апарады. Бірнеше
мұғалім бірлесіп жұмыс істегенде, әрқайсысы өзінің стратегиясын таңдап алып, кейіннен қол
жеткізген жетістіктерімен бөліседі. Бұл үдеріс бірқатар стратегиядан тұратын «іс-әрекет
жоспарының» нақты тұжырымдамасын жасауға әкелуі тиіс, бұл жағдайда сыныппен жұмыс
істеуді оқу жылының басынан бастаған дұрыс. Оқу жылының басынан бастап кірісудің
бірінші себебі - мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де жұмыстың жаңа тәсіліне үйреніп-
төселуіне уақыт болады. Екінші себебі – әбден орныққан жұмыс тәртібін оқу жылының
ортасында өзгерту қиын болады. Бірнеше сыныпта ғана бір жыл бойы үзбестен жұмыс істеу
тәжірибесі, осы кезде басқа мұғалімдер де осы сияқты жұмыс атқарса, бұл жаңа тәсілдерді
жаппай бейімдеуге мықты негіз бола алады.
Осы сияқты инновацияларды енгізуге тартылған топтармен бірлесіп жұмыс істеу
қажет. Жалпы бақылау, идеялармен және қол жеткізілген өрлеу туралы тәжірибемен алмасу,
тактика үшін де, стратегиялық деңгейде де пайдалы. Сыныптағы оқытудан күтілетін
«Қара жәшік» ішіндегі жұмыс
17-бет
нәтижелерді және сынып мәдениетін өзгертуді ниет еткен кездегі алғашқы күмәнды жеңу
үшін әріптестеріңіздің қолдау көрсетуі өте маңызды.
Кез келген жаңалыққа қатысты мектеп әкімшілігінің де қолдауы маңызды болмақ.
Мектеп әкімшілігінің қолдау көрсетуінің бір жолы – мұғалімдерге жиі-жиі кездесу өткізуге
уақыт бөлу. Сондай-ақ, мұғалімдерге әдістемелік бірлестікке және Педагогикалық кеңеске
атқарылған жұмыс туралы баяндама жасауға мүмкіндік беру де маңызды.
Жаңалықты зерттеумен айналысатын кез келген топтың жұмысы бүкіл мектептің
қызметіне құйылған инвестиция болып табылады, сондықтан көмек кішіпейілділік сипатта
болмауы тиіс. Керісінше, топтың жұмысын бағалағаннан кейін, бай тәжірибені тарату
басталады деп күткендіктен, мұндай жұмыс мектеп жұмысын жақсарту жоспарына енгізілуі
тиіс.
Сонымен қатар, қалыптасқан мектеп саясатын қайта қарау қажет, себебі саясаттың
кейбір қағидаттары қалыптастырушы бағалаудың пайдаланылуын шектеуі мүмкін.
Қарапайым мысал ретінде кез келген үй жұмысына ұпай немесе баға қоюды талап ететін
саясатты айтуға болады. Ол түсініктемелерді пайдалануға кедергі келтіреді. ПМОҚБЖ
жобасына қатысқан алты мектептің бесеуі математика мен жаратылыстану ғылымдары
мұғалімдерінің тәжірибесіне сүйеніп, баға қоюдың орнына түсініктеме беруді енгізіп,
өздерінің оқыту тәжірибелерін өзгертті, осы мектептердің екеуі қабылдаған өзгеріс барлық
мектеп бойынша үй тапсырмасына ұпай және баға қоюдан бас тарту түрінде болды. Тағы бір
мысалда жиі-жиі қайта қарауды талап ететін «мақсат қою» жүйесі орта, ұзақ мерзімді оқу
дағдыларын дамытуда шұғыл «өрлеуді» баяулататын оқытудың кез келген тәсілдерін
өзгертуге кедергі келтірді.
Сондықтан, оқу үшін бағалаудағы жаңалықтарды оқыту тәжірибесіне енгізуге көмек
көрсету, бағалау және алдағы уақыттағы тарату, дамуды бақылау жауапкершілігі мектептің
әкімшілігіне жүктелген жағдайда ғана үйлесімді жоспарланатын болады. Біздің
тәжірибемізден көрініп отырғандай, бірнеше адамның күшімен қалыптастырушы бағалауды
іске асыру сол адамдардың өздеріне қатысты әділетсіздік болар, ал барлық мұғалімдерден өз
рөлдері мен әдістемесін табан астында өзгертуді талап ету – ессіздік.
Бұл ретте кем дегенде үш жылға арналған даму жоспары қажет, онда бірнеше шағын
топтарға екіжылдық зерттеу жүргізуде қолдау көрсетіледі. Алдағы уақытта бұл топтар осы
идеяларды бүкіл мектепке тарату үшін және әріптестеріне өздерінің осы сияқты
экспериментін жүргізуге қолдау көрсету үшін түйінді өзек болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |