5-бөлім. «Химиялық портрет» тапсырмалары І топ Швед ғалымы, Нобель сыйлығының лауреаты, 1887 жылы электролиттік диссоциациялану теориясының негізгі қағидаларын ұсынған ғалым кім? (Сванте Аррениус)
ІІ топ Орыс химигі, Петербург Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1876). 1834 ж. 27-қаңтарда Ресейдің Тобольск қаласында дүниеге келген. Химиялық элементтерді ретке келтіріп 35 жасында өзінің атақты ғылыми жаңалығын паш еткен, математика мен физиканың әдістерін химияның күрделі мәселелерін шешуге қолданған орыстың ұлы ғалымы, педагог және қоғам қайраткері (Д.И. Менделеев)
І топ Радиоактивтілік және атом құрылысы жөніндегі ілімнің негізін салушы. Оның негізгі ғылыми жұмыстары атом ядросын зерттеуге арналған. Ол 1911 жылы атом құрылысының Күн жүйесіне ұқсайтын планетарлық моделін ұсынған ағылшын физигі (Эрнест Резерфорд)
ІІ топ Шығармашылық қызметі өзінің қызығушылық өрісінің кеңдігімен және табиғат сырларына терең енуімен ерекшеленеді. Оның зерттеулері математика, физика, химия, Жер туралы ілім, астрономия салаларына жатады. Бұл зерттеулердің нәтижелері қазіргі заманғы жаратылыстанудың негізін салды. 1748 жылы атом-молекулалық ілімінің негізін жариялаған және де химиялық реакция кезіндегі массаның сақталу заңын ұсынған орыстың ұлы ғалымы, жаратылыстанушы, суретші, тарихшы (М.В. Ломоносов)
І топ Француз ғалымы 1755-1826 жылы заттың массалық құрамын анықтаумен айналысты. Химияның жеке ғылым ретінде дамуына құрам тұрақтылық заңын ашуға өз ықпалын тигізді. (Ж.Пруст)
ІІ топ 1811 жылы жай газдардың молекуласы бiр немесе бiрнеше атомдардан тұрады деген жорамал жасап, осы жорамал негiзiнде ол негiзгi идеал газ заңдарының бiрiнiң айтылуын (өрнектелуiн), атомдық және молекулалық массаны анықтау әдiсiн анықтады. Ол өз есiмiмен универсалдық тұрақты сан (6,02*1023) – идеал газдың 1 молiндегi молекулалар саны деп атаған итальян физигi және химигі (Амедео Авогадро)