«Мен кіммін?» ойыны: (Әр дұрыс жауапқа 5 балл) І топ 1. Бірінші бөлігім көп емес, екінші бөлігім тілсіз жау. (азот) 2. Бірінші бөлігім «алда бол» деген бұйрық рай, екінші бөлігім сан есім (озон)
ІІ топ
3. Бірінші бөлігім тасқын су, екінші бөлігім мал құлағына салатын белгі. (селен)
4. Бірінші бөлігім қабылда деген сөздің мағынасын береді, екінші буыным шараппен улану деген мағынада (алмас)
5. Жазылуым бойынша оқысаңыз элементпін, керісінше оқысаңыз – өткізгішпін (мыс - сым)
2-бөлім. «Полиглот» Бұл тур екі сатыдан өтеді (Әр дұрыс жауапқа 5 балл) Химиялық таңбалармен жұмыс Тапсырма: «Таңбаны оқып, қазақша ,орысша және латынша атаңыз». Әрбір топқа екі элементтің таңбасы көрсетіледі.