Оқытудың мақсаты информатика және қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйелеу арқылы ақпараттық құзіреттілікті қалыптастыру, әр түрлі ақпараттарды өңдеудің қарапайым бағдарламаларымен жұмыс істеу дағдылары, алгоритмдік және операциялық ойлау қабілеттерін дамыту, программалау тілдерінің бірімен, модельдеу қағидаларымен танысу болып табылады.
Жаратылыстану-математика бағытындағы "Информатика" оқу пәнінің базалық мазмұны 6 бөлімді қамтиды:
1) аппараттық және программалық қамтамасыз ету;
2) деректерді ұсыну;
3) ақпараттық процестер мен жүйелер;
4) ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру ;
5) қосымшаларды әзірлеу;
6) компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік
7. "Аппараттық және программалық қамтамасыз ету" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) аппараттық қамтамасыз ету;
2) программалық қамтамасыз ету.
8. "Деректерді ұсыну" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) есептеу жүйелері;
2) компьютердің логикалық негіздері;
3) ақпаратты кодтау.
9. "Ақпараттық процестер мен жүйелер" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) реляциялық деректер қоры;
2) мәліметтер қорын құру;
3) құрылымдалған сұраныстар;
4) ақпараттық технологияларды дамытудағы қазіргі заманғы процестер.
10. "Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру" бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) 3D – модельдеу;
2) web (веб)-жобалау.
11. "Қосымшаларды әзірлеу" бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) алгоритмдер және программалар;
2) мобильдік қосымшалар;
3) IT Startup (ай-ти стартап).
12. "Компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) компьютерлік желілерді ұйымдастыру;
2) желіде жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
10-сыныпқа арналған "Информатика" оқу пәнінің базалық мазмұны:
Аппараттық және программалық қамтамасыз ету: басқару құрылғысының (бұдан әрі - БҚ), арифметика- логикалық құрылғының (бұдан әрі - АЛҚ) және жад регистрінің процессордың бір бөлігі ретінде функциясын сипаттау.
Деректерді ұсыну: есептеу жүйелері: ондық жүйедегі бүтін сандарды екілік, сегіздік, он алтылық санау жүйесіне аудару және кері аудару. Компьютердің логикалық негіздері: логикалық операциялар (дизъюнкция, конъюнкция, инверсия); логикалық өрнектер; ақиқат кестесі; Компьютердің логикалық элементтері (конъюнктор, дизъюнктор, инвертор); логикалық сызбалар. Ақпаратты кодтау: Unicode (юникод) және ASCII (аск(и)и) символдарын кодтау кестелері.
Ақпараттық процестер мен жүйелер: реляциондық деректер қоры: жол, жазба, индекс, бірінші кілт; Bigdata (бигдейта) (үлкен деректер). Деректер қорын
«structured query language» (стракчуред куери лангуйдж) («құрылымдалған сұраныстар тілі») (бұдан әрі SQL (эс кю эль)) әзірлеу: деректер қорын, мәліметтер типін, біркестелі және көпкестелі деректер қоры; формалар; есептер; сұраныстар. Құрылымдық сұраныстар: конструктор режимінде іріктеуге сұраныстар жасау, SQL (эс кю эль), конструктордың және (SQL) (эс кю эль) көмегімен іріктеуге бағытталған сұраныстарды жасау; web (веб)-беттердің деректер қорымен байланысы.
Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру: web-жобалау: HTML (аш ти эм эл) (Hyper Text Markup Language — (хайпер текст маркап лангуйдж)
«гипермәтіндік белгілеу тілі»), CSS (си эс эс) (Cascading Style Sheets — (каскадинг стайл шит) каскадты кестелер стилі); скрипттерді пайдалану, web (веб)-парақшаға мультимедиа нысандарын енгізу.
Қосымшаларды әзірлеу: алгоритмдер мен программалар: пайдаланушы функциялары және процедуралары, жолдармен жұмыс жасау,
файлдармен жұмыс жасау, сұрыптау әдістері; графтардағы іздеу алгоритмдері.
Компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік: компьютерлік желілерді ұйымдастыру: желілік компоненттер (тораптар, маршрутизаторлар, коммутаторлар); IP (ай-пи)-мекен-жайы; DNS (ди эн эс) (Domain Name System (домейн нейм систем) — домендік атаулар жүйесі); жеке виртуалды желілер. Ақпараттық қауіпсіздік: ақпараттық қауіпсіздік, құпиялық, тұтастық және қол жетімділік; деректерді шифрлау; пайдаланушы деректерінің қауіпсіздік шаралары
құпиясөздер, есеп жазбалары, сәйкестендіру, биометриялық сәйкестендіру.
1) білім алушылардың ақпараттық процестердің қоғамдағы рөлі жайлы, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективалары туралы түсінігін қалыптастыру;
2) білім алушыларға жүйені талдау, шешім ұсыну, бағдарламалық қосымшалар жасау, оларды дамытып жетілдіру, сонымен қатар, өздерінің өнімдерін бағалау мүмкіндігін беру мақсатында компьютердің жұмыс істеуінің негізгі қағидаларын түсінуін қамтамасыз ету;
3) талдау, абстракция, үлгілеу мен программалау арқылы білім алушыларға әртүрлі тапсырмаларды шешуді үйрету;
4) білім алушылардың логикалық, алгоритмдік, сондай-ақ, жалпылау және үйлестік тапсырмаларды құрамдас бөліктерге бөлу және ортақ заңдылықтарды табу, қойылған міндеттерді орындауға қажетті тиімді және рационалды тәсілдер табу сияқты қамтитын есептік ойлау қабілетін дамыту;
5) білім алушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру – жалпы ережелерді ұстану және жеке тұлға мен бүкіл Қазақстандық қауымның мүддесінде әрекет ету;
6) білім алушылардың пән аясында академиялық тілді меңгеруіне және терминологиялық лексиканы байытуға жағдай жасау;
7) есептеуіш платформалар негізінде басқарылатын электрондық құрылғыларды құру, құру, программалаудың тәсілдері және қағидаттарымен білім алушыларды таныстыру;
8) қазіргі таңдағы программалау ортасында программалау дағдыларын дамыту;
9) тәжірибеде қолдану арқылы білімді тереңдету және оқуға деген ынтаны арттыру;
10) әртүрлі білім саласында (математика, физика, информатика) алған білімдерін кіріктіріп қолдану;
11) ғылыми-техникалық әзірлемелерге деген қызығушылықтарын дамыту;
12) білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарда
«Информатика» оқу пәнін оқытудың мақсаты білім алушыларды аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету саласында терең біліммен, іскерлікпен және дағдылармен қамтамасыз ету, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды практикада тиімді пайдалану үшін деректерді, ақпараттық процестер мен жүйелерді ұсыну, ақпараттық объектілерді, компьютерлік желілер мен ақпараттық қауіпсіздікті құру және өңдеу болып табылады.
Жаратылыстану-математикалық бағыт мазмұны компьютерлік техника мен ақпараттық технологияларды программалар дайындау үшін қолдануға қажет білім мен дағдыларды меңгеруге арналған. Веб-жобалау, сайт құру, мобильді қосымшалар әзірлеу программалау ортасында жүргізіледі.
10-11-сынып білім алушыларының оқу-ақпараттық құзыреттілігін дамытуда жеке немесе топтық зерттеу-жобалық жұмыстар жүргізіледі. Жобамен жұмыс істейтін білім алушылар жұмысты жоспарлау, мақсат қою, қажетті ақпаратты іздеу, гипотезаны ұсыну, дәлелдеу, эксперимент жүргізу, атқарылған жұмыс бойынша нәтижелерді ұсыну, талдау және бағалау жұмыстарын орындайды, сондай-ақ өз жобасын қорғайды.
Информатика пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 72 сағатты құрайды.
«Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
-
Сынып
|
Тоқсандар бойынша жиынтық бағалау саны
|
1-тоқсан
|
2-тоқсан
|
3-тоқсан
|
4-тоқсан
|
10 сынып ЖМБ
|
2
|
1
|
1
|
1
|
Достарыңызбен бөлісу: |