Оқытудың мақсаты: Білім алушыларды заманауи ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану үшін базалық білім, білік және дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады. 8-сыныпқа арналған "Информатика" оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі бөлімшелерді қамтиды: 1) "Компьютердің құрылғылары". Процессор және оның негізгі сипаттамалары;
2) "Компьютерлік желілер". Компьютерлік желінің өткізу қабілеті;
3) "Ақпаратты ұсыну және өлшеу". Ақпараттың көлемін бағалаудың алфавиттік тәсілі;
4) "Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру". Электрондық кестелердегі деректер пішімдері. Абсолюттік және салыстырмалы сілтемелер. Функциялар графиктерін құру. Кірістірілген функцияларды пайдалану: математикалық (сомасы, көбейтіндісі, дәрежесі), статистикалық (ең төменгі, ең жоғары, орташа, есеп), логикалық (егер);
5) "Модельдеу". Интеграцияланған дайындау ортасында қолданбалы міндеттерді шешу;
6) "Алгоритмдер". Алгоритм трассировкасы. Интеграцияланған дайындау ортасында міндеттерді шешу;
7) "Программалау". Цикл операторлары (параметрі бар цикл, алғышартты цикл, кейінгі шартты цикл).
8) "Эргономика". Электрондық құрылғылардың адам ағзасына әсері, электрондық құрылғылардың теріс әсерінен қорғау тәсілдері.
9) "Ақпараттық қауіпсіздік". Желідегі пайдаланушының қауіпсіздігі: алаяқтық, интернеттегі агрессия.
Оқыту міндеттері:
білім алушылардың бойында ақпараттық процестердің қоғамдағы рөлін, адамзат қызметінің әр түрлі саласында ақпараттық технологияларды пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективаларын түсінуін қалыптастыру;
ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде, оқуда және келешек еңбек іс – әрекетінде тиімді қолдану біліктерін дамыту;
білім алушылардың жүйелерді талдауда, шешімдерді әзірлеу, программалық қосымшаларды қалыптастыру және өз өнімдерін бағалауда компьютерлердің жұмыс істеуі негізгі қағидаларын меңгеру;
талдау, абстракция, модельдеу және программалау арқылы әр түрлі міндеттерді шеше білулерін дамыту;
білім алушылардың логикалық, алгоритмдік, сонымен қатар, жалпылау мен үйлестік, тапсырмаларды құрамдас бөлікке ажырату мен ортақ заңдылықтарды бөлу, қойылған міндеттерді шешуде тиімді әрі оңтайлы тәсілдер табу мүмкіндіктерін қамтитын есептік ойлауды дамыту;
білім алушылардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру – жалпы ережелерді ұстану және жеке тұлға мен бүкіл қазақстандық әлеуметтің мүддесін көздеу;
білім алушылардың ғылыми тілді меңгеруіне және пән бойынша ұғымдық аппаратты байытуына ықпал ету
Информатика пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
8 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 36 сағат;
5-9сыныптардағыИнформатика»пәнібойыншажиынтықбағалаусаны. Пәннің оқу бағдарламасы бойынша 6, 7, 8, 9-сыныптарда 3-тоқсанда бір ғана «Phyton программалау тілінде программалау» бөлімі оқытылады. Білім алушылардың бөлім бойынша оқу мақсаттарын игеру деңгейлерін нақты анықтау үшін аталған бөлім бойынша екі жиынтық бағалау өткізу ұсынылады.