Дәріс-1 Қолданбалы психология негізі. Практик психологтың кәсіби іс-әрекетін ұйымдастыру Жоспар



бет1/4
Дата12.05.2023
өлшемі25,91 Kb.
#92004
  1   2   3   4
Байланысты:
1 Дәріс


ДӘРІС-1
Қолданбалы психология негізі. Практик психологтың кәсіби іс-әрекетін ұйымдастыру
Жоспар:

  1. Қолданбалы психология негізі

  2. Қолданбалы психология саласының даму тарихы

  3. Қолданбалы психология салалары

  4. Практик психологтың кәсіби іс-әрекетін ұйымдастыру



Қолданбалы психология – психология ғылымының шынайы практикадағы жетістіктеріне ену. Қолданбалы психологияның алдына қойған міндеттерінің бірі ол тұлғаға психологиялық көмек беруде ең қажетті салалардың бірі болып табылуында. Қолданбалы психология қандай да болмасын психологияның қарастыратын мәселелері: яғни, бала психологиясы, ата-ана мени бала арасындағы қатынас, ерлі зайыптылар арсындағы мәселелер,қатаң кәсіби таңдау, жасөпірімдік кезеңдегі мәселелер жалпы өмірлік ситуацияларда тұлғаға қолдау көрсетуде өте тиімді салаланың бірі.Проблемалардың шешу жолдарын практикалық жағынан қарастыру қолданбалы психологияда қарастырамыз.
Қолданбалы психология саласының даму тарихы.
Тәжірибелік психологиялық зерттеулер адамзат қанша өмір сүру, сонша уақыт дамып келе жатыр деп айтуға болады.
Өйткені адам, адам болғалы өзінің тәнімен қатар жанының ерекшеліктерін де жете біліп, оны басқару, өңдеу жолдарын анықтап алуға құмарлығы өте зор болады. Дегенімен нақты психодиагностикалық зерттеулерде жүргізу әдістері анықталып, жекелік психика қасиеттер ерекшеліктерін анықтау XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап дамып келе жатыр. Бірінші психодиагностикалық зерттеулер психикалық аурулар арасында жүргізілді.
Психолог-парктиктердің айтуы бойынша, психоз ауруына ұшырағандардың психикалық қасиеттері дені саулармен бірдей, тек кейбір қасиеттері ерекше дамып, анық байқалатын ауытқуға ұшыраған. Сондықтан оны зерттеу жеңілдеу болды деп көрсетті. Сондай ерекше дамыған қасиеттерді зерттеу де оңай болатындықтан психологиялық қасиеттерінің даму деңгейін диагностикалау жүргізілді. практикалық психология саласының дамуындағы бұл кезең клиникалық деп аталады.
19 ғасырдың екінші жартысында жоғарғы жүйке қызметінің ерекшеліктері анықталуы, жүйке жүйесінің функциялары мен психикалық қасиеттердің байланыстылығы дәлелденгенімен байланысты тип темпераментке жан жақты сипаттама берілді. Соченов, Павлов жүргізілген зертеулер нәтижесінде оолар екінші сигналдық жүйенің нағыз адамдық қасиеттердің қалыптасуына негіз болатыны анықталды. Бұл кезде, тәжірибелік психологияның дамуына физиологтардың қосқан үлесін ескере отырып, психофизиологиялық кезең деп атауға болады.
Жеке психикалық қасиеттерді зерттеу тестілерін қолдану Франция, Германия, т.б. елдерде 19 ғасырдың аяғында кеңінен орын алды. Психологиялық зерттеу жүргізуге қолданыла бастаған әдістерді 1870 жылы Гальтон текст деп атауды ұсынды. Осы кезден бастап қабілетті зертеу арқылы адам мүмкіндігін анықтауға қызығушылықты қанағаттандыру мақсатымен Франция, Германия, АҚШ т.б. мемлекеттерде психологиялық зертханалар ашылып, барлық талапкерлердің іс-әрекет түрлеріне икемділігін анықтауға бағытталған зерттеулер кеңінен қолданылуда. Гальтонның ұсынысы бойынша текст көмегімен өлшенген қасиеттердің бір-бірімен коррекциялық байланысы бар екендігі ескерілді.
Психологиялық зерттеулер математикалық және статистикалық тәсілдерді қолдану үшін Парсонс, Фишер, Спирмен деген математиктер шақырылды. Фишер диспесиялық талдауды, ал Спирмен – факторлық талдауды психологиялық зерттеуде қолдану жолдарын анықтап берді. Фишер ұсынған дисперсиялық талдау әдісі көмегімен жеке факторлардың эксперимент нәтижесіне тигізетін әсерін статистикалық жолмен анықтауға мүмкіндік туды. Ал Спирмен жасап шығарған көп өлшемді факторлық талдау әдісі көмегімен бір-бірімен коррекциялық байланысты өте төмен көрсеткіштер анықталып, олардың байқауын статистикалық жолмен талдауға жол ашылды.
Келесі кезеңде Г.Айзенк және Р.кеттел факторлық талдауды жекелік қасиеттерді зерттеуге қолданды. Осы кезден бастап жеке адамның психологиялық қасиеттерін толық өлшеп психологиялық кескінін жасауға барлық кісілік психикалық көрсеткіштерін бір – бірімен ұштастырып анықтауға жол ашуда. Сонымен қатар интеллектуалдық қасиеттерді зерттеу текстері кеңінен қолданыла бастады . 1905-1907 жылдары француз ғалымы А. Бине статистикалық жағынан негізделген интеллектуалдық текс жасап шығарды. Ұсынылған тәсілді өңдеп шығуға Т.Симон өз үлесін қосып, психодиагностикада бұл әдістеме Бине – Симон шкаласы деп қолданыла бастады.
Өткен ғасырдан жиырмасыншы жылдары жекелік қасиеттерді зерттеуге және интеллектуалдық қасиеттерді анықтауға арналған текстердің көптеген түрлері құралды. Оларды қолдану арқылы жеке тұлғаның психикалық қасиеттерін жан – жақты талдауға мүмкіндік туды. Сонымен қатар топтағы адамдардың өзара қарым – қатынасын зерттеуге арналған Я. Коломенскийдің ұжымының қалыптасу деңгейі бағалау текстері кеңінен қолданылады. 50-60 жылдары психологиялық зерттеулерге қызығушылық күшейіп, психодиагностикалық зерттеулер саны және диагностикалық әдістер көбейе түседі. Көптеген мемлекеттерде психологиялық зерттеу орталықтары мамандыққа баулу кабинеттері, мамандыққа жарамдылықты анықтау қызметін көрсететін кеңселер, жеке адамды мазасыздану жағдайынан шығару шамаларын ұйымдастыратын орталықтар ашылды. Психология бойынша практикум саласының дамуындағы бұл кезеңді психодиагностикалық деп атаймыз.
Қазіргі кезде психологиялық зерттеулер нәтижелері адам өмірінің барлық салаларында кеңінен қолданылуында. Психологиялық қызмет көрсету жүйесі жақсы дамыған болуды өмірдің көптеген орындары талап етіп отыр. Сондықтан психологиялық білімді беру жүйесіне және әлеуметтік орта ерекшеліктеріне икемдеп ұйымдастыру бүгінгі күн талабы деп айтуға әбден болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет