Мұғалімдердің өз кәсіби біліктілігін арттырудың ең тиімді әдісі - бір-бірінен үйрену екендігін көптеген ғалымдар дәлелдеген де (М.Барбер, М.Фуллан, Дж.Хэтти, К.Ушаков, т.б.). Мысалы, М.Барбер мен М.Муршед тиімді мектеп жүйелерінде оқу «нәтижелерін жақсартудың жалғыз ғана жолы бар – оқытудың сапасын жақсарту» дей келе, «оқыту мұғалімдер мен оқушылар арасында өзара әрекеттесу орнаған жағдайда жүзеге асырылады» деп жазады. Сол себепті де оқытудың сапасын жақсарту үшін осы өзара әрекеттесуді тиімді жасау керек. Бұл мақсатқа мынандай іс-шаралар арқылы жетуге болады:
1) тәлімгерлік.
2) мұғалімдерді өз жұмыс орнында, яғни сынып бөлмесінде оқыту,
3) мұғалімдердің дамуына көмек бере алатын мықты басшыларды мектеп директорлығына тағайындау,
4) мұғалімдердің бір-бірінен үйренуіне жағдайлар жасау (Как добиться стабильного высокого качества обучения в школах. Уроки анализа лучших систем школьного образования мира//Вопросы образования, 2008).
«Мұғалімдерді өз жұмыс орнында, яғни сынып бөлмесінде оқыту» дегеніміз олардың бір-бірінің сабақтарына тұрақты түрде қатысып, оларды талқылауы болса, «мұғалімдердің бір-бірінен үйренуіне жағдайлар жасау» деген жәйт мектеп басшыларының құзырындағы мәселе: ол мұғалімдердің сабақ кестесін реттеу, сабақты талқылау мүмкіндіктерін жасау, өзара сабақтарға қатысуды қадағалау және нәтижелерін жариялау дегенді білдіреді.
Ал тәлімгерліктің негізінде мұғалімдердің 1) бір-бірінен үйренуі (жас мұғалімнің тәжірибелі мұғалімнен, ал тәжірибелі мұғалімнің жас мұғалімнен) және де бұл жұмыстың басты нысандарының бірі 2) мұғалімдердің бір-бірінің сабақтарына қатысу екендігі (тәжірибелі мұғалімнің жас мұғалімнің сабақтарына қатысу және керісінше), 3) сынып бөлмесінде, яғни өз сабақтарында үйреніп жатқандығы айқын.
Сонымен мен мұғалімдердің өзара сабақтарына қатысуды кәсіби біліктілікті арттырудың ең тиімді құралдарының бірі деп есептеймін. Осы тұрғыда не жасау керек? Мұғалімдердің бір-бірінің сабақтарына тұрақты түрде қатысуын ұйымдастыру керек. Кейбір елдерде мұғалімдердің бұл жұмысын міндетті жасаған. Мәселен, Жапонияда мұғалімдердің барлығы да Сабақты зерттеу (Lesson Study) топтарының жұмысына міндетті түрде қатысады. Шанхайда (Қытай) әр мұғалім бір тоқсанда 8 ашық сабаққа қатысуы керек (жылына 32 сабақ бола ма сонда?).
Бізге де осындай тәжірибе керек шығар. Бірінші кезекте бұрыннан қалған жылына 2 ашық сабақ қана өткізу, екі сабаққа ғана қатысу тәжірибесінен бас тартып, олардың санын күрт өсіру қажет деп есептеймін. Мысалы, мұғалімдерді Сабақты зерттеу (Lesson Study) топтарының құрамында жұмыс жасауға міндеттеу емес, ынталандыру арқылы. Бұл шағын топтардағы мұғалім саны 3-5 болғаны шарт (одан артық болса, мұғалімдердің бірлесе жұмыс жасауы формалды жаққа ауыса береді: көп адамның жұмысын қадағалау қиын). Сонда әр топтағы әр мұғалім аптасына кемінде 1 ашық сабақ өткізеді. Оның сабағына LS тобы құрамынан кемінде бір мұғалім қатысады, демек әр мұғалім аптасына 1-2 ашық сабаққа қатысады. Бұл дегеніңіз әр мұғалімнің ай сайын 4 ашық сабақ өткізіп, кемінде 4-8 сабаққа қатысады дегенді білдіреді. «Өте көп!» десеңіздер, бұл жерде сабаққа қатысуды 20 минутқа дейін қысқартуға болады.
Мұғалімдердің өзара сабақтарға қатысуы – кәсіби біліктілікті арттырудың тиімді құралы.
2019 жылдың қараша айында Педагогикалық шеберлік орталығында өткізген семинарында Солтүстік Каролина (АҚШ) университетінің докторлары К.Скотт пен Дж.Вандивер мынандай зерттеу нәтижесін келтіріп еді: