Сабақтың тақырыбы: Шахмат ойынының мақсаты Сабақтың мақсаты: Шахмат ойынының мақсатымен таныстыру.Шахматқа деген қызығушылықтарын арттыру. Көрнекілігі:тақта,буклеттер,шахматтар. I.Ұйымдастыру кезеңі. II. Кіріспе әңгіме. Тақта үстіндегі шиеленіскен тартыста белгілі бір мақсат бар. Ол шахмат ойынында басты фигура болып есепте-летін корольге мат беру. Корольге мат берілуімен партия аяқталады. Ойнаушылар кезектесіп жүреді, яғни кез келген фигураны оның жүру тәртібі бойынша бір шаршыдан екінші шаршыға жылжытады. Кезекте тек бір ғана фигураны жүруге болады. Бұл ереже тек рокировка (корольді тұрадан аттатып қою) жасағанда ғана сақталынбайды. Ақ жағының бірінші жүрісінен кейін, қара жағы бірінші жүріс жасайды. Сөйтіп ойын осылай жалғаса береді. Әрбір шаршыда тек бір ғана фигура тұра алады. Алайда жүрілген фигураның жолында қарсы жақтың ережеге сәйкес «жеуге» болатын фигурасы тұрса, онда оны алып, орнына өз фигурасын қояды. Бірақ фигураларды жеу міндетті емес, оны жеу керек пе, керек емес пе, оны жағдайға қарап ойнаушының өзі шешеді. III. Шахмат ойынын үйрету. IV. Қорытынды. Сабақтың тақырыбы: Ойын ережесі Сабақтың мақсаты: Шахмат ойынның ережесімен таныстыру. Шахматты жетік үйрену үшін ойынның негізгі ережелері мен принциптерін позицияның өрістеу жолдарын ойын үстінде шебер ұштастыра білуге дағдыландыру. Көрнекілігі:шахмат,тақта, магнитті фигуралар. I.Ұйымдастыру кезеңі. II. Кіріспе әңгіме. Шахмат екі ойыншы арасында шахмат тақтасында ойналады. Ойын тақтасы 64 шаршыдан тұрады. Ойынның басында әрбір ойыншының иелігінде ақ немесе қара түсті он алты тас (шахмат фигурасы) болады: бір патша, бір уәзір, екі піл, екі ат, екі тура және сегіз пешка. Ойынның мақсаты: қарсыластың тастарын шабуылдай отырып, патшаға мат қою. Ойын басталғанда король қанатындағы ат пен пілді тез жылжыта отырып, қысқа рокировка жасаған жөн, ол корольдің қауіпсіз жерге орналасуын және тұраның (ладья) ойынға тез шығуын қамтамасыз етеді.