Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті
«Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәнінен семинар
сабақтарын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау
Семей, 2015 ж.
Семинар сабақтарын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау 5В011400
«Тарих» мамандығының студенттеріне жасалған
курс 3
Құрастырушы: аға оқытушы Ахметова А.К.
Тақырып №1 Версаль-Вашингтон жүйесінің қалыптасуы
Сабақтың мақсаты: Версаль-Вашингтон жүйесіне сипаттама беру
1. Париж бейбіт конференциясы:
а) конференциядағы ұлы державалардың бағдарламалары;
б) Ұлттар Лигасының құрылуы. Мандаттық жүйе;
в) Версаль бітім шарты
2. Вашингтон конференциясы:
төрт ірі мемлекеттің келісім шарты;
3. Версаль-Вашингтон жүйесінің сипаты және қайшылықтары
Сабаққа дайындалу барысында мына мәселелерге назар аудару керек:
Бірінші дүниежүзілік соғыста Германия мен оның одақтастарының әскери
жеңілісі. Компьен бітімі мен оныі шарттары. Париж бейбіт конференциясы.
Американың бейбітшілік жоспары. Англияның бейбітшілік жоспары.
Версаль бітім шарты. Ұлттар Лигасының құрылуы. Мандаттық жүйенің
пайда болуы. Репарациялық мәселе. Вашингтон конференциясы. Версаль-
Вашингтон жүйесінің ішкі қайшылықтары және тиянақсыздығы.
Есеп формасы: семинар сабағы
Тақырып № 2 Европа және Америка елдерінің бірінші дүниежүзілік
соғыстан кейінгі дамуының негізгі бағыттары
Сабақтың мақсаты: Европа және Америка елдерінің бірінші дүниежүзілік
соғыстан кейінгі дамуының негізгі бағыттарын анықтау
1.
Билеуші топтардың саяси билігін нығайту әдістерінің
дамуындағы өзгерістер
2.
Европа және Америка елдерінің бірінші дүниежүзілік соғыстан
кейінгі экономикалық дамуының жалпы сипаты
3.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін көпұлтты отарлық
империялардың ыдырауының басталуы
4. Европа және Америка елдерінің бірінші дүниежүзілік соғыстан
кейінгі қоғамдық-саяси дамуының негізгі бағыттары
Сабаққа дайындалу барысында мына мәселелерге назар аудару керек:
Батыс елдерінің Кеңестік Ресейді экономикалық оқшаулау әрекеттерінің
сәтсіздікке ұшырауы. Генуя конференциясы. Раппало келісімі. Гаага
конференциясы. КСРО-ның құрылуының халықаралық маңызы. Таяу Шығыс
дағдарысы және Лозанна конференциясы. Керзон ультиматумы және оның
сәтсіздікке ұшырауы. Батыс елдерінің экономикалық тұрақтануы және оның
халықаралық қатынастарға әсері. Германияға қатысты батыс елдерінің
саясатының өзгеруі және оның себептері. «Дауэс жоспары» және оның
сипаты. Локкарно конференциясы. Қарусаздану туралы мәселе және
Келлогтің пактісі. Рейн кепілдеме пактісі. Женева конвенциясы. Европа
мемлекеттері арасындағы қайшылықтардың шиеленісуі. «Юнгтың жоспары».
Брианның «паневропалық» жоспары. Жапон-американ және жапон-ағылшын
алауыздықтары. Қиыр Шығыста соғыс ошағының пайда болуы. Германияның
әлемдік үстемдікке ие болу жоспарлары. Версаль-Вашингтон жүйесінің
күйреуі. Фашистік державалардың ашық агрессияға көшуі.
Есеп формасы: семинар сабағы
Тақырып № 3 1918-1939 жылдардағы Испания
Сабақтың мақсаты: 1918-1939 жылдардағы Испания тарихын көрсету
1.
Испанияның әлеуметтік-экономикалық құрылысының
ерекшеліктері
2.
1931-1936 жылдардағы Испаниядағы буржуазиялық-демократиялық
революция
3.
Франко бүлігі, Испаниядағы азамат соғысы және диктатураның
орнығуы
Сабаққа дайындалу барысында мына мәселелерге назар аудару керек:
1917-1923 жылдардағы революциялық өріс және компартияның туындауы.
Кәсіподақ ұйымдары. 1924-1929 жылдары еңбекшілерді қанаудың күшеюі
есебінен капиталистік экономиканың тұрақтануы. Дүниежүзілік
экономикалық дағдарыс жылдарындағы Испания. 1931-1936 жылдардағы
Испаниядағы буржуазиялық-демократиялық революция. 1936-1939
жылдардағы испан халқының ұлттық революциялық соғысы. Фашистік
бүлікшілік Италияның, Германияның және Португалияның интервенциясы.
Испаниядағы азамат соғысының маңызы мен берген сабағы.
Есеп формасы: семинар сабағы
Тақырып № 4 1918-1939 жылдардағы Франция
Сабақтың мақсаты: 1918-1939 жылдардағы Франция тарихын көрсету
1.
Франция үшін бірінші дүниежүзілік соғыстың экономикалық және
саяси салдары
2.
Р.Пуанкаре үкіметінің саясаты
3.
Франциядағы экономикалық дағдарыстың ерекшелігі
4.
Францияда фашистік ұйымдардың құрылуы. Халық майданының
қалыптасуы
Сабаққа дайындалу барысында мына мәселелерге назар аудару керек:
Франция үшін бірінші дүниежүзілік соғыстың экономикалық және саяси
салдары. Француз коммунистік партиясының құрылуы. Пуанкаре үкіметінің
саясаты. Капитализмнің Францияда ішінара тұрақтануы және оның
ерекшеліктері. «Солшыл одақтың» құрылуы. Эдуард Эрио үкіметі және оның
саясаты. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдарындағы Франция.
Францияда фашистік ұйымдардың құрылуы. Халық майданының құрылуы.
Халық майданының бағдарламасы. Л.Блюм үкіметі. Франциядағы жаңа
экономикалық дағдарыстың басталуы. Деладьенің Мюнхендік саясаты.
Есеп формасы: семинар сабағы
Тақырып № 5 Социализмнің кеңестік үлгісі мен оның ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты: 1918-1939 жылдардағы Кеңестік Ресейдің тарихын
көрсету
1.
Ресейде бір партиялық жүйенің қалыптасу себептері
2.
«Әскери коммунизм» саясаты
3.
КСРО-ның құрылуы
4.
КСРО-дағы индустрияландыру және ауыл шаруашылығын
ұжымдастыру
Сабаққа дайындалу барысында мына мәселелерге назар аудару керек:
1917 жылғы қазан революциясы. Кеңестік жүйенің қалыптасуы. Рессейдегі
азамат соғысы. Кеңес үкіметіне қарсы ашық интервенцияның басталуы.
«Әскери коммунизм» саясаты. Жаңа экономикалық саясат пен оның
қорытындылары. Ұлттық мемлекеттік құрылыс мәселесі мен КСРО-ның
құрылуы. КСРО-да социализм құру жоспары.
Есеп формасы: семинар сабағы
Тақырып № 6 1929-1933 жылдардағы дүниежүзілік дағдарыс және оның
әлеуметтік-экономикалық зардаптары
Сабақтың мақсаты: 1929-1933 жылдардағы дүниежүзілік дағдарыс үрдісін
көрсету
1.
1929-1933 жж. экономикалық дағдарыстың негізгі себептері
2.
1929-1933 жж. экономикалық дағдарыстың ерекшелігі және негізгі
белгілері
3.
Германия, АҚШ, Франция және Англия 1929-1933 жж. дүниежүзілік
экономикалық дағдарыс кезінде
Сабаққа дайындалу барысында мына мәселелерге назар аудару керек:
1929-1933 жж. экономикалық дағдарыстың негізгі себептері. Германия,
АҚШ, Франция және Англия үшін дағдарыстың ерекшеліктері және негізгі
белгілері
Есеп формасы: семинар сабағы
Тақырып № 7 1918-1939 жылдардағы Латын Америка елдері
Сабақтың мақсаты: 1918-1939 жылдардағы Латын Америка елдерінің
тарихын көрсету
1.
1918-1939 жылдардағы Латын Америка елдерінің экономикалық және
саяси дамуының негізгі бағыттары
2.
Латын Америка елдерінің әлеуметтік-экономикалық және саяси
дамуына латифундизмдің ықпалы
3.
1933-1935 жж. Кубадағы буржуазиялық-демократиялық революция
және оның нәтижелері
4.
Мексикада
Карденас
үкіметінің
демократиялық
және
антиимпериалистік өзгерістері (1934-1940 жж.)
5.
Бразилия, Аргентина және Чилиде халық майданы үшін күрес
Сабаққа дайындалу барысында мына мәселелерге назар аудару керек:
Латын Америка елдерінің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына
бірінші дүниежізілік соғыстың ықпалы. Латын Америка елдерінде американ
империализмінің күшейуі. Латын Америка елдеріне ықпал ету үшін
Америка-Англия бәсекелестігі. Латын Америка елдерінде азаттық және
жұмысшы қозғалыстарының көтерілуі. Жұмысшы қозғалысының жаңа
белгілері. Латын Америка елдеріндегі халық майданы тактикасының
ерекшеліктері.
Есеп формасы: семинар сабағы
Тақырып № 8 Екінші дүниежүзілік соғыстың негізгі мәселелері
Сабақтың мақсаты: Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихын көрсету
1.
Екінші дүниежүзілік соғыстың себептері, сипаты және кезеңдері
2.
Антигитлерлік коалицияның құрылуы. Антигитлерлік коалицияға
мүше елдердің қарым-қатынастары
3.
Екінші дүниежүзілік соғыс барысындағы түбегейлі өзгеріс
4.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде екінші майдан мәселесі
5.
Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижелері
Сабаққа дайындалу барысында мына мәселелерге назар аудару керек:
Екінші дүниежүзілік соғыстың себептері, сипаты және кезеңдері. Батыс
майдандағы «оғаш соғыс». Фашистік Германияның Данияға, Норвегияға,
Голландияға, Бельгияға шабуылы. Соғысқа Италияның кірісуі. Францияның
тізе бүгуінен кейінгі батыстағы жағдай. Англияға әуе шабуылы. Фашистік
Германияның КСРО-ға басып кіруі және кеңес халқы үшін Ұлы Отан
соғысының басталуы. Фашистік агрессорларға қарсы күресте КСРО-ның
шешуші ролі. АҚШ-тың соғысқа араласуы. Гитлерге қарсы коалицияның
құрылуы, оның сипаты мен қайшылықтары. Москва, Сталинград, Курск
шайқастарының халықаралық маңызы. Солтүстік Африка операциялары,
олардың кезеңдері. Италияның тізе бүгуі. Екінші майданның ашылуы.
Фашистік Германияның күйреуі және сөзсіз тізе бүгуі. КСРО-ның
Жапониямен соғысының басталуы.
Есеп формасы: семинар сабағы
Тақырып № 9 Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы халықаралық
қатынастар
Сабақтың мақсаты: Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы
халықаралық қатынастар тарихын көрсету
1. Тегеран конференциясы және оның шешімдері
2. Крым (Ялта) конференциясындағы герман мәселесі
3. Потсдам конференциясы және оның шешімдері
Сабаққа дайындалу барысында мына мәселелерге назар аудару керек:
Тегеран конференциясы. Қырым (Ялта) конференциясы және оның
нәтижелері. Потсдам конференциясы.
Есеп формасы: семинар сабағы
Тақырып № 10 «Қырғи-қабақ соғыс» тарихы
Сабақтың мақсаты: «Қырғи-қабақ соғыс» тарихын көрсету
1.
«Қырғи-қабақ соғыстың» бастамасы. АҚШ-тың атом
дипломатиясы
2.
НАТО-ның құрылуы
3.
Варшава Шарты Ұйымының құрылуы
Сабаққа дайындалу барысында мына мәселелерге назар аудару керек:
АҚШ қарулы күштерінің атом бомбасын қолдануы, оның мақсаттары.
«Қырғи-қабақ соғысы» және тыңшылықтың өсуі. НАТО-ның құрылуы.
НАТО-ныңагрессиялық пактісі және оның Кеңес Одағына қарсы бағытталуы.
Варшава Шарты. Варшава Шарты Ұйымының пайда болуы.
Есеп формасы: семинар сабағы
Тақырып № 11 Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Шығыс Европа
Сабақтың мақсаты: Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Шығыс
Европа елдерінің тарихын көрсету
1.
Соғыстан кейінгі Польшаның дамуы
2.
Соғыстан кейінгі Румынияның дамуы
3.
Соғыстан кейінгі Венгрияның дамуы
4.
Соғыстан кейінгі Чехословакияның дамуы
Сабаққа дайындалу барысында мына мәселелерге назар аудару керек:
Польша үкіметі мен шекарасы мәселелері бойынша Қырым және
Потсдам конференцияларының қаулысы. 1945 ж. кеңес-поляк келісімі.
Польша еліндегі социалистік қайта құрулардың ерекшеліктері.
Кеңес әскерінің Румынияны фашизмнен азат етуі. Капитализмге қарсы
шаралар. 1946 жылғы сайлау. Монархияның құлауы. Румыниядағы
социалистік өзгерістер.
Венгриядағы халықтық-демократиялық революция және оның
социалистік революцияға ұласуы. Аргарлық реформа және басқа да
әлеуметтік-экономикалық өзгерістер.
КСРО-ның Чехословакиямен келісім шарты. Ұлттық майдан үкіметі.
Градецк бағдарламасы. Өндіріс пен банктерді национализациялау. Елдегі
таптық күрестің шиелінісуі. 1948 жылғы конституция. Коммунистік және
социал-демократиялық партиялардың бірігуі. Партияның социалистік
құрылысқа бағыты.
Есеп формасы: семинар сабағы
Тақырып № 12 ХХ ғ. 50-60-шы жылдарындағы халықаралық қатынастар
Сабақтың мақсаты:
ХХ ғ. 50-60-шы жылдарындағы халықаралық қатынастарды
көрсету
1.
Соғыстан кейінгі Германияны қайта құру мәселесі. Берлин дағдарысы және
Германияның бөлінуі
2.
АҚШ және Латын Америкасы. Панамериканизм. Кариб дағдарысы
Сабаққа дайындалу барысында мына мәселелерге назар аудару керек:
Соғыстан кейінгі Германияны қайта құру мәселесі. Берлин дағдарысы және Германияның
бөлінуі. АҚШ және Латын Америкасы. Панамериканизм. Кариб дағдарысы.
Есеп формасы: семинар сабағы
Тақырып № 13 ХХ ғ. 70-90-шы жылдарындағы халықаралық қатынастар
Сабақтың мақсаты: ХХ ғ. 70-90-шы жылдарындағы халықаралық қатынастарды көрсету
1.
ХХ ғ. 70-90-шы жылдарында халықаралық қатынастар жүйесінің трансформациясы
2.
Әлемдегі елдер арасындағы қайшылықтардың негізгі түрлері
3.
Жаһандық мәселелердің маңыздылығының артуы
Сабаққа дайындалу барысында мына мәселелерге назар аудару керек:
ХХ ғ. 70-90-шы жылдарында халықаралық қатынастар жүйесінің трансформациясы.
Әлемдегі елдер арасындағы қайшылықтардың негізгі түрлері. Жаһандық мәселелердің
маңыздылығының артуы.
Есеп формасы: семинар сабағы
Достарыңызбен бөлісу: |