БАҒДАРЛАМА
элективті курс
гимназиялық (лицейлік) компоненттің арнайы курстары
МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ФИЗИКАЛЫҚ МАЗМҰНДЫ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ
8-сынып оқушыларына арналған (аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)
БЕКЖИГИТОВА МАНАТКУЛ ТУНГУШБЕКОВНА
№176 мектеп гимназияның математика пәнінің мұғалімі
Пікір жазғандар:
Eрембасов Касым Кизатович - физика-математика ғылымдарының кандидаты., «Парасат» Республикалық оқу орталығының физика-математика пәндері оқытушысы
Қарабекова Қ. Р. – жоғары санатты, «педагог-зерттеуші», №176 мектеп-гимназияның физика пәні мұғалімі
Құдайбергенова А. С. - жоғары санатты, «педагог-зерттеуші», №176 мектеп-гимназияның математика пәні мұғалімі
Түсініктеме хат
«Математика сабақтарында физикалық мазмұнды есептерді шешу» курсы жаңартылған бағдарламаға сай 8 – сыныпқа арналған алгебраның стандартты курсының толықтырылуы болып саналады.
Курстың мақсаты – оқушылардың математикалық білімді басқа пәндерді оқып-үйренуде қолдану іскерлігін дамыту, физикалық мазмұнды есептерді шешу барысында математикалық модельдеудің кезеңдерін жан-жақты қарастыру, оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарын, функционалдық және математикалық сауаттылықтарын арттыру, математиканың әмбебаптық және қолданбалылық рөлін терең түсінуге бағыттай отырып, 8-сынып алгебра курсы бойынша олардың алған білімдерін қорытындылау, жүйеге келтіру.
Курстың міндеті:
8-сынып алгебра курсындағы пәнаралық ұғымдардың сапалы меңгерілуіне жағдай жасау, алгебраның "Квадрат түбір және иррационал өрнектер", «Квадрат теңдеулер», «Квадраттық функция»,
«Квадраттық теңсіздік» бөлімдері бойынша оқушылардың теориялық және практикалық білім, білік дағдыларын дамыту;
•Пәнаралық есептерді шешудің әдіс-тәсілдерімен танысу;
Оқушылардың математика пәні бойынша білім мен іскерлік дағдыларын кеңейту, түрлі проблемалық ахуалдарды шешу іскерліктерін дамыту;
Физикалық мазмұнды есептерді шешуде математикалық тіл мен негізгі математикалық заңдарды қолдануға мүмкіндік беру;
Оқушылардың математикалық білімдерін модельдерді құруға, шынайы процестерді сипаттайтын математикалық модельдерді түсіндіруге бағыттау;
Физика, химия, т.б. салаларда зерттеулер мен есептерді шешу үшін математикалық әдістерді қолданудың қарапайым дағдыларын қалыптастыру;
Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту;
Оқушылардың жуық мәндерді есептеу, квадраттық функция ұғымдарын түсіну деңгейін кеңейте отырып, математикалық модель құру іскерліктерін дамыту;
Математиканың қолданбалылығын түсіну арқылы техника және жаратылыстану бағыттары бойынша мамандық таңдай білуге бағыттау.
Білім алушының өздігінен шешім қабылдау, өзін-өзі бағалау, тақырыпқа сәйкес есеп құрастыра білу дағдыларын жетілдіре отырып, олардың практикалық зерттеуші деңгейіне көтерілуіне, АКТ қолдану арқылы презентациялар дайындауына жағдай жасау;
Достарыңызбен бөлісу: |