Сабақтарының мазмұны «Қазақстан тарихы»


Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі



бет14/29
Дата15.11.2023
өлшемі131,7 Kb.
#123826
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29
Байланысты:
«Қазақстан тарихы» ПӘні бойынша дәріс сабақтарының мазмұНЫ-emirsaba.org

Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Егемендік жолындағы қиындықтар: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік қиындықтар, өмір сүру деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық пен қылмыстың көбеюі. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі кезеңдері. Нарықтық экономикаға өту, жекеменшік институттардың орнығуы және Отандық бизнес негізінің қалануы. Жаңа экономикалық жүйені қалыптастырудағы қиыншылықтар мен кемшіліктер. Ұлттық валютаның енгізілуі. Ұлттық қордың құрылуы.
БҰҰ-ның даму жөніндегі Бағдарламасы (БҰҰДБ), адамның даму мәселесі туралы есептер, Адам дамуының индексі (АДИ). Қазақстанда Адам дамуы туралы есептің тұңғыш басылымы. БҰҰДБ Қазақстанда АДИ-нің өсуі туралы. Қазақстанда ұлттық компаниялардың құрылуы. Экономиканың өнеркәсіп, аграрлық және қаржы-банк секторларын басымдықпен дамытудың келешегі. Қазіргі кезеңде Қазақстан экономикасын реформалау бағыттары.
Қазақстан Республикасының АҚШ, Батыс Еуропа, Оңтүстік Шығыс Азия, Таяу Шығыс елдерінің ірі компанияларымен сыртқы экономикалық ынтымақтастығы. Экономиканы дамытудағы «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» бағдарламаларының жүзеге асырылуы.
Пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму. 2025 жылға дейінгі «ұлттық даму жоспары». Ұлттық жобалар.


14-дәріс. Қоғамдық-саяси даму – 2 академ.сағ.
Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш Құрылтайының шақырылуы және оның тарихи маңызы. Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайлары (1992-2017жж.). Қазақстан халықтарының форумы (1992 ж.). ҚР қоғамдық қозғалыстарының құрылуымен көп партиялық жүйенің қалыптасуы. Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер.
Тәуелсіздік жылдарындағы халық санақтары және оның қорытындылары (1999 ж., 2009ж., 2021ж.). Қазақстан халқының ұлтаралық келісімі – тәуелсіздік пен демократияны нығайтудың кепілі. Демократиялық үдерістердің дамуы, Парламент сайлауларына пропорционалдық жүйенің енгізілуі және партиялық тізім бойынша сайлау нәтижелері. Азаматтық институттардың дамуы. Азаматтық форумдар және олардың маңызы. ҚР ақпаратсаясаты, БАҚ-ның дамуы. Қазақстан Республикасының Ұлттық Кеңесінің қызметі. Азаматтық қоғамды дамыту және демократияландыру жөнінде ұсыныстар дайындайтын Мәжілістің тұрақты ұйымы. Демократияландыру және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі Ұлттық комиссияның қызметі. Қазақстан Республикасының жастар саясаты және тарихпен тәрбиелеу шаралары. Құқық қорғау және сот орындарының қызметін жетілдіру. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі Комиссия және оның қызметі. ҚР Адам құқықтары бойынша өкілдік институтын (Омбудсмен) құру.
Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласының арихи маңызы. Елді демократияландыруға, саяси жүйені жаңғыртуға бағытталған саясат. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы.
«Қаңтар оқиғасы». Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының мәні мен маңызы.
Конституцияға түзетулер енгізу жөніндегі Референдум. Демократиялық қайта құрулардың кеңеюі. Қазақстанда Парламенттің рөлінің артуы және еліміздің саяси жүйесіндегі өзгерістер.Саяси партияларды тіркеу рәсімін жеңілдету. Ұлттық Құрылтайды құру.
Рухани даму
Білім және ғылым жүйелеріндегіреформалар. «Болашақ» бағдарламасы. Денсаулық сақтау ісінің нарықтық экономика жағдайына көшуі.
«Мәдени мұра», «Тарих толқынында»мемлекеттік бағдарламалары: мақсаты мен негізгі кезеңдері. Мемлекеттік тілде гуманитарлық білім қорын құру.«Мәңгілік ел» идеясының негіздері. Тарихи сананы жаңғырту.
Тәуелсіз Қазақстанның конфессионалдық саясаты. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері.
«Ұлы даланың жеті қыры».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет