Сабақтарының мазмұны «Қазақстан тарихы»


XVII ғ. және XVIIIғ. басындағы Қазақ хандығы



бет6/29
Дата15.11.2023
өлшемі131,7 Kb.
#123826
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
«Қазақстан тарихы» ПӘні бойынша дәріс сабақтарының мазмұНЫ-emirsaba.org

XVII ғ. және XVIIIғ. басындағы Қазақ хандығы
XVI ғ. Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. Есім ханның Сырдария бойындағы қалалар үшін күресі. Қазақ және Бұхар хандықтары арасындағы қарым-қатынастар. Жоңғар хандығының пайда болуы, алғашқы қазақ-жоңғар қатынастары. XVII ғ. екінші жартысындағы қазақ-жонғар қатынастарының сипаттамасы. Қазақ қоғамында батырлар мен билер ықпалының өсуі. Жәнібек хан. Орбұлақ шайқасы. Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығы.
«Белгісіз жылдар» кезеңі.1652-1680 жж. Сайрам соғысы.
Тәуке ханның билікке келуі, оның саясаты. Қазақ-жоңғар қатынасында шиеленістің күшеюі. Тәуке ханның «Жеті жарғысы». Билер институты. Қазақ мемлекетінің сыртқы саясаты мен дипломатиясы: Мавераннахрмен (шейбанидтер, аштарханидтер), Иранмен байланыс, Осман империясымен байланыс орнату әрекеттері, қазақ-орыс байланыстары.
Қазақстанның XIV ғасыр – XVIII ғғ. бас кезі аралығындағы мәдениеті
Қазақтардың дәстүрлі көшпелілер мәдениеті. Көшпелі шаруашылық түрлері, олардың ерекшеліктері. Еңбек құралдары. Қарулар. Қолөнер және үй кәсіпшілігі. Сауда және сауда жолдары.
Қазақ халқының рухани мәдениеті. Орталық Азия сунниттік-ханафи мектебі шеңберінде қазақ-мұсылман діни дәстүрін қалыптастыруды аяқтау. Қазақтар арасындағы Құран мен Сүннеттің беделі. Ежелгі тәңірлік жәдігерлері, Наурызды сақтау және оның көшпелі өмір салтына бейімделуі. Қазақ хандығының рухани өмірі мен идеологиясындағы Ахмет Ясауи кесенесі мен қасиетті Түркістан қаласының рөлі.
Поэзия мен шешендікке табыну, қазақтардың ауызша-вербальды мұрасы.
Қазақстанның қалалық мәдениеті. Қала мен даланың өзара байланысы. Қазақстанның түрлі аймақтарындағы қалалардың құрылымы. XVIIғ. – XVIIIғ. басында мәдениеттің кері кетуі.
Тарихты ауызша айту, оның ерекшеліктері мен маңызы. Жазбаша тарихнама, Мұхаммед Хайдар Дулатидың, Қадырғали Қасымұлы Жалайыридің аса көрнекті еңбектерінің маңызы.


3-БЛОК. ЖАҢА ДӘУРДЕГІ ҚАЗАҚСТАН (XVIII - ХХ ғ.басы)
5-дәріс. XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ жүздерінің сыртқы саяси жағдайы – 2 академ.сағ.
Жаңа заман дәуіріндегіҚазақстан: зерттеудің жаңа әдіснамалық трендтері. Кезеңдеу.Тарихнама және дереккөздер. Қазақстан Ресей империясымен, ортаазиялық хандықтармен, Башқұртстанмен, Қимақ хандығымен халықаралық қатынастар жүйесінде. Жоңғар хандығының күшеюі: жоңғарлардың басқыншылық стратегиясы. «Ақтабан шұбырынды», «Алқакөл сұлама» жылдары. Қазақ ақсақалдарының Ордабасындағы жиыны – өзара келісім және аумақтық біртұтастықты сақтап қалу жолы. Әбілқайыр ханның қазақ қолбасы болып сайлануы. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт-азаттықкүресі. Бұланты шайқасындағы жеңістің маңызы. Аңырақай шайқасы. Қазақ халқының ұлт-азаттық күресіндегі қазақ батырларының рөлі. Қазақтар мен жоңғарлардың әскери өнері: салыстырмалы талдау. Қазақ-башқұрт, қазақ-қалмақ қатынастары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет