Сабақтарының мазмұны «Қазақстан тарихы»


-БЛОК. ТҮРКІ ӨРКЕНИЕТІ ЖӘНЕ ҰЛЫ ДАЛА



бет3/29
Дата15.11.2023
өлшемі131,7 Kb.
#123826
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
«Қазақстан тарихы» ПӘні бойынша дәріс сабақтарының мазмұНЫ-emirsaba.org

2-БЛОК. ТҮРКІ ӨРКЕНИЕТІ ЖӘНЕ ҰЛЫ ДАЛА
2-дәріс. Монғол кезеңіне дейінгі Орталық Азиядағы түркі тілдес этностардың этномәдени интеграциясы кезеңдері – 2 академ.сағ.
Көне түркі кезеңіндегі көшпелі мемлекеттік және мәдени дәстүрлердің дамуы. Жазба және археологиялық деректер мәліметтері. Түркілердің шығу тегі мәселесі. Мекендеген аумағы. Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси тарихы. Көршілес мемлекеттермен өзара қарым-қатынас: Византия, Сасанидтік Иран, түркі-соғды синтезі, эфталиттер мемлекеті.Батыс Түрік қағанаты («он жебе»): құрылуы, аумағы, этникалық құрамы. Әлеуметтік-экономикалық даму.Саяси тарих. Тан империясымен қарым-қатынас. Жетісу және Оңтүстік Қазақстандағы араб-қытай қайшылығы. Талас өзені бойындағы тарихи шайқас (751 ж.). Жетісу аймағындағы билігінің күшеюі. Түркі-соғды мәдени синтезі. Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы: құрылуы, көрші мемлекеттер мен тайпалармен қарым-қатынастары.Қарлұқ тайпаларының қоныстану аумағы және тайпалық құрамы. Мемлекеттің экономикалық және мәдени өміріндегі қалалардың рөлі. Исламның енуі және түркілердің мұсылман әлемімен халықаралық байланысы. Түркілер арасында қожалардың этностық топтарының пайда болуы.
ІХ-ХІІ ғғ. Қазақстанның этносаяси тарихындағы түркі факторы. Сырдария бойындағы жабғу мемлекеті. Ауызша тарих және археологиялық деректер. Оғыздардың этникалық тарихының мәселелері және олардың қазақ халқының этногенезіндегі рөлі. Қимақтардың мемлекеттік құрылымындағы ежелгі түркі әлеуметтік-саяси дәстүрлерінің сабақтастығы. Ортағасырлық Қазақстан аумағындағы Қараханидтер. Араб және парсы деректеріндегі Қараханидтер туралы мәліметтер. Қараханидтер мемлекеттілігі түркі мемлекеттілігі эволюциясының жаңа кезеңі ретінде. Исламды қабылдау және Қараханид мемлекетінің мұсылман әлеміндегі орны.Сауда-экономикалық және мәдени байланыстардың ерекшеліктері. Орталық Азияның халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қараханидтер мемлекетінің рөлі. Қарақытайлардың басып кіруі және олардың Жетісу мен Мәуереннахрға билік құруы. Қыпшақтар жайлы нарративті деректер мәліметтері мен қыпшақтардың шежірелік мәліметтері. Қимақтар мемлекетінің ыдырауы. Көшпелі тайпалардың көші-қоны. Қыпшақтардың шығу тегі мен этникалық тарихы. Қимақ, қыпшақ, кумандардың үштік этникалық триадасы. Тайпалардың көші-қон және олардың этникалық процестерге әсері. Қыпшақтардың саяси гегемониясының таралуы. Түркі көшпелі мемлекеттік және әлеуметтік-мәдени дәстүрлерінің дамуының соңғы кезеңі ретінде Қыпшақ хандығының құрылуы. Қыпшақтардың қимақ, қидан, оғыз, хорезмшах, орыс княздықтарымен байланысы. Орталық Азия кеңістігіндегі түріктердің әскери салтанаты кезеңі. Қыпшақтардың тілі мен әдеби ескерткіштерін қосу. Найман, керейіт, меркіт, жалайырлар туралы деректердің мәліметтері. Этникалық тарих және тілдік тиістілік мәселесі (моңғол және түркі тектес ұғымдар).
Түркілер өркениеті және Ұлы жібек жолы. Көшпелілер («қала-дала» жүйесі) және отырықшылар: екі шаруашылық-мәдени типтерінің өзара қарым-қатынасы. Қалалар мен қоныстар – әскери-әкімшілік, мәдени, сауда мен қолөнер орталықтары ретінде. Қазақстанның түркі дәуіріндегі ортағасырлық сәулет ескерткіштері. Оңтүстік Қазақстан және Жетісу қалалық мәдениетінің гүлденуі. Ұлы жібек жолындағы қазақстандық трассалар. Ақша айналымы. Ұлы Жібек жолының ежелгі дәуір мен ортағасырдағы маңызы.
(Орхон-Енисей (руникалық) жазуы ежелгі түркі өркениетінің өркениеттік белгісі ретінде. Ежелгі нанымдар мен культтер, буддизмнің таралуы, несторианизм, манихейизм және Жібек жолындағы басқа да автохтонды діндер. Түркі әлемінің исламға кірігу жолдары мен формалары. Түркі-ислам синтезінің қалыптасуындағы Қожа Ахмет Ясауи сопылық мектебінің рөлі. Түркі мәдениетіндегі ауызша дәстүр. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари, Ахмет Ясауи шығармаларының әлемдік маңызы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет