Сайлаутүсінігі.Əр мемлекеттердегі саяси режимнің əр түрлілігіне (оның ішіне авторитарлық, диктаторлық та кіреді) байланысты сайлау жүргізіліп отырады. Сайлау жүргізілгенде, оның шарттары мен ұйымдастыру қағидалары мемлекеттегі демократизмнің деңгейін сипаттайды. Өкілдік органдарды қалыптастыру кезінде үш негізгі басты түсініктер қолданылады. Олар: сайлау, сайлау жүйесі, сайлау құқығы. Кең мағынадағы сайлау азаматтардың өз еркімен, бірнеше немесе екі кандидатты немесе саяси партияны сайлау мүмкіндігі.
Адамзат қоғамындағы ежелгі институттардың бірі сайлау институты. Сайлаудың бір нысаны қауымдық қоғамда, Римде құл иеленушілік қоғамында мемлекеттіліктің қағидасына ие болып, капиталистік қоғамдық қатынастардың дамуымен республикалық басқару нысанының пайда болуымен байланысты сайлау ерекше маңызға ие болады. Қазіргі көптеген мемлекеттерде сайлау қоғамдық-саяси өмірдің ажырамас бөлігі болып табылады. Оның саяси режиміндегі демократизмнің деңгейін анықтайды.
Демократиялық елдердегі сайлау тұрғындардың еркінің негізгі нысанын, халық суверенитетін жүзеге асырудың нысанын конституциялық қағидаларының бірі ретінде көрсетеді.
Азаматтарының саяси құқығына жататын маңызды құқықтың бірі сайлау құқығы. Тəжірибе жүзінде сайлау саяси процестің жарыссөздігі, саяси күрестердің рұқсат
берілген нысаны, оны жүзеге асыру кезінде конституциялық бекітудің шегінде қамтамасыз етілген құрал. Сайлау құқығы конституциялық құқықтың ең маңызды институты, ал сайлау дамыған демократиялық елдерде заңды шектелген күрделі саяси күрес. Сайлау құқығы əдет-ғұрып тəжірибесінде қалыптасқан, адамзатқа сайлауға қатысу құқығын беру тəртібін реттейтін өкілеттік билік органдарын қалыптастыру тəсілдерінің ережелерін заңды санкцияландырылған құқық нормаларынан тұратын конституциялық құқықтың негізгі институты.
Сайлау —бұл бұқаралық билік органының құрылу процедурасы немесе лауазымды тұлғаларға өкілеттік беру.
Сайлауды келесі түрлерге жіктеуге болады:
тікелей сайлау;
жанама сайлау;
жалпы, мұнда елдің барлық сайлаушылары қатысады;
қосымша жəне бөлше, олар жеке депутаттардың алдын-ала шығуына байланысты территория бөлігінде өткізіледі;
ұлттық, аймақтық, жергілікті;
қайта дауыс беру;
кезекті;
униноминалды (əрбір төңіректен бір тұлға сайланады) жəнеполинноминалды(төңіректен бірнеше тұлға сайланады) яғни ол мандаттар санына байланысты;
Жоғарыда аталған сайлау түрлері Конституцияда бекітіледі жəне сайлау туралы заңда реттеледі.
Шетел Конституциялары сайлау жүргізудің кезеңділігімен де анықтайды. Ол парламент үшін 4-5 жылды, ал президенттер үшін 5-7 жылды құрайтын сайлау органдарының өкілеттілік мерзімдерімен байланысты.
«Сайлауқұқығы»термині 2 мағынада қолданылады: Объективтісайлауқұқығыбұқаралық билік органдарының сайлау жүргізу мен құқықтық нормалар жүйесі. Субъективті сайлау құқығы — сайлауға қатысу мен байланысты азамат пен басқа субъектілердің заңдық мүмкіндіктері.Сайлау құқығының негізгі қағидаларына:жалпы, тең, тікелей, жанама, ерікті, міндетті, құпия дауыс беру.
Жалпы сайлау құқығы-белгілі жасқа жеткен жəне құқықтары бар азаматтарға сайлау құқығы.Сайлау құқығы белсенді жəне белсенді емес болады.Белсенді сайлау құқығы 18 жасқа толған азаматтарға ғана беріледі.Белсенді емес сайлау құқығы Конституция жəне Заңмен бекітілген.
Тең сайлау құқығы сайлаушылардың тең мүмкіндіктерін білдіреді.
Тікелей жəне жанама сайлау тікелей сайлау немесе жоғарғы лауазымға сайлану құқығы, сайлаушының сайлаушылар коллегиясының мүшесін сайлау құқығы.
Сайлауға еркін қатысу сайлаушының дауыс беру процесіне қатысуы жəне қатыспауын өзі шешетіндігі.
Сайлау процесі – бұл сайлауды дайындау жəне жүргізу бойынша дауыс беру құқығының нормалармен реттелген түрлі субъектілер іс-əрекеті. Ол бірнеше кезеңдерден тұрады:
сайлауды тағайындау, яғни дауыс беру күнін белгілеу Парламенттік сайлау тəртіп бойынша президентпен тағайындалады, ал Президентті сайлау Парламенттің бір палаталарымен тағайындалады;
аймақтық сайлау құру, яғни территориялдық бірліктен бір немесе бірнеше депутат, лауазымды тұлға сайланады. Аймақтың сайланушы депутаттар санына байланысты аймақтар бір мандатты жəне көп мандатты болып бөлінеді;
Сайлауучаскелерінқұру.Сайлау учаскелері дауыс беру бірлігі. Сайлау округтері құрылғаннан кейін, олар көптеген ұсақ бірліктерге бөлінеді. Сайлау
учаскелері қаладағы аумақтың жəне селолық жерлердегі тұрғындардың пунттерін қамтып, сонда тұратын сайлаушылардың дауыс беруін қамтамасыз етеді.
Сайлаушыларды тіркеу — сайлауда дауыс беруге құқығы бар азаматтардың тізімін жасау. Оны жүзеге асыру түрлері: міндетті (тізімді сəйкестелген органның жасауы. Мысалы: алдын-ала тіркелуі (сайлаудан 1 жыл бұрын тізімі жасалып, кейіннен өзгерістер енгізілуі мүмкін. Мысалы: Канада, Ұлыбритания); өз ерікті (сайлаушы сəйкестелген органға өзі келіп тіркеледі).
Кандидаттарды ұсыну — сайлау өтпей тұрып кімді сайлайтынын анықтауды қажет ететін, сайлау процесінің жауапты кезеңі. Негізгі əдістері: саяси партиялардың ұсынуы, сайлаушылардың ұсынуы, өзін-өзі ұсыну.
Сайлау алдындағы үгіт — насихаттың нысандары: митинг, кандидаттардың, оның жақтаушылары мен оппоненттерінің радиодан, теледидардан сөйлеуі, баспасөзде мақала жариялауы; кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі; кандидаттардың арасындағы теледебаттар; баспа өнімдерін тарату жəне т.б.
Сайлауды қаржыландыру: жартылай мемлекеттік бюджеттен; жартылай саяси партиялардың қаржысынан; жартылай кандидаттың өзінің сайлау қорынан беру арқылы жүзеге асырылады.
Дауыс беру — сайлау науқанының шыңы. Дауыс беру сайлау тағайындалған күні сайлау учаскелері бойынша арнайы мекемелерде жүргізіледі.
Дауыстысанау.Алдымен сайлау учаскелерінде, одан кейін сайлау округтерінде (сайлау учаскелері оларға өздерінің мəліметтерін жібереді жəне онда олар округ бойынша қосылады); округ бойынша дауыс беру нəтижесі аумақтық сайлау комиссиясына жіберіліп, онда қорытынды жасалады; шығарылған қорытынды аумақтық сайлау комиссиясына жолданып, онда бүкіл ел бойынша сайлаудың қорытындысы шығарылады. Сайлау қорытындысы сəйкестелген мемлекетте қабылданған сайлау жүйесі бойынша анықталады.