Сабақтарының толық МƏтіні пəннің коды жəне толық атауы, циклы



бет3/24
Дата03.04.2023
өлшемі128,49 Kb.
#78721
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Дәріс матіні (1) (1)

Ұсынылатын əдебиеттер:


  1. Жамбылов Д. Саясаттану негіздері. А.,2010 ж.

  2. Əбілдаев Қ, Мелдебеков Ə. Саясаттану. А.,2002ж.

  3. Елікбаев Н. Е. Саясаттану негіздері. Қарағанды,1997ж.

  4. Кенжебаев. М. Саясаттану негіздері. А.,1995ж.

  5. Қуандықов Е. Саясаттану негіздері. Астана,2000ж.

  6. Сыдықов Ұ. Саясаттану. А.,1996ж.

  7. Қ. Рахметов, А. Болатова, З. Исмағамбетова Саясаттану. А.,2005ж.

  8. Основы политологии. Под.ред Н.К.Капесова. А.,1995г.

  9. Панарин А.С. Политология: Западная и восточная традиции. М.,2000г.

  10. Политический словарь. Ростов-на-дону, 2000г.

  11. Сидельникова Т.Т. Политология: комментарии, схемы, афоризмы. М.,1999г.



  1. тақырып. Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері Дəріс мақсаты:


  1. Көне шығыстағы саяси ой. Көне Греция мен Римдегі саясат тұжырымы.

  2. Орта ғасырдағы саяси ойдың дамуы. Қайта өрлеу жəне реформация дəуірі.

  3. Жаңа кезеңдегі саяси ойдың дамуы.19-ғ.II-жартысы мен XX-ғ. Қазақстандағы қоғамдық- саяси ойдың дамуы.

Негізгі ұғымдар:


Авторитаризм, агрессия, азаматтық қоғам, анархизм, анархия, аристократия, бюрократизм, демократия, деспотизм, деспотя, диктатор, диктатура, иерархия,
құқықтық мемлекет, легитимділік, либерализм, люмпен, меритократия, метрополия, милитаризм, монархия, саяси утопия, олигархия, охлократия, революция, теократия, тиран, фашизм, геноцид.

Дəріс мазмұны:


Адамзат өркениеті тарихындағы саяси білімнің дамуы. Шығыстың саяси дəстүрлері (Египет, Вавилон, Үнді, Қытай)
Ежелгі Грек саяси ілімінің жалпы сипаттамасы мен оның даму кезеңдері. Б.з.д. мыңжылдықтың басында Ежелгі Греция жеке жəне тəуелсіз полистер формасы түрінде бірнеше қала-мемлекеттер пайда болды. «Полис», -қала деген сөзден шыққан. Грек полистерінде басқару формасының өздері жақтаған түрін орнату жолында əртүрлі əлеуметтік топтар арасында аяусыз күрес жүрді. Ол кездегі басқару формасының негізгі түрлері мынадай еді: аристократия (ескі немесе жаңа ақсүйектер тобы), олигархия (байлар мен дəулеттілер тобы) жəне демократия (халық билігі). Б.з.д. VI-V ғғ. əртүрлі полистерде басқарудың өзіндік формалары пайда болып, одан əрі дамыды. Афинада демократия, Фивыда олигархия, Спарта мемлекетінде аристократия пайда болды. Осы процесс Ежелгі Грецияның саяси ілімінде көрініс тапты. Ежелгі Грек полистерінде саяси көзқарастың пайда болуы мен дамуында 3 кезең айқын байқалады:
Ерте кезең- (б.з.д.IX-VI ғғ.) ежелгі грек мемлекеттілігінің пайда болуына сəйкес келді. Бұл кезеңде саяси көзқараста рационалау (Гомер, Гесиод, атақты «жеті данышпан») байқалады. Мемлекет, құқық мəселелеріне философиялық тұрғыдан қарау (Пифагор, Гераклит) қалыптасады.
Екінші кезең- (б.з.д.V-IV ғ. бірінші жартысы) ежелгі грек философиясы мен саяси ойларының гүлденген кезеңі (Демокрит, софистер, Сократ, Платон, Аристотель т.б.)
Үшінші кезең- (б.з.д. IV ғасырдың екінші жартысы мен IIғ.) эллинизм кезеңі, грек мемлекетінің құлдырауы.
Адамдардың еріктілерге жəне құлдарға бөліну жағдайында қалыптасқан антикалық саяси ой еркіндік идеологиясы ретінде дамыды. Бостандық-басты құндылық, ежелгі гректің саяси ілімінің негізгі мақсаты мен мəселесі болды. Бірақ бұл жалпыға бірдей бостандық емес, шектелген бостандық еді. Құлдар бостандық мəселесінде есепке де алынбады. Қоғамдағы алатын орнын олардың шығу тегіне қарап емес, мүліктік жағдайымен байланыстырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет