Сабақтарының толық МƏтіні пəннің коды жəне толық атауы, циклы



бет5/24
Дата03.04.2023
өлшемі128,49 Kb.
#78721
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Дәріс матіні (1) (1)

«Платон менің ұстазым, бірақ шындық одан да артық» немесе Аристотельдің мемлекет пен билік туралы саяси көзқарасы. Антикалық саяси ойдың əрі дамуы Платонның шəкірті жəне сыншысы Аристотельдің (б.з.д. 384-322)атымен тығыз байланысты. Оның «Саясат», «Афины политиясы», «Никомах этикасы» жəне 1000-ға жуық еңбектері əлі күнге дейін өзектілігін жоймаған. Аристотель тұңғыш рет саясат ғылымы жайлы талдау жасады. Мемлекет фопмасын Аристотель мемлекеттегі жоғары билікті білдіретін саяси жүйе ретінде сипаттайды. Мемлекет формасы билеушілердің санымен (біреу, аз ғана топ, көпшілік) анықталады. Бұдан басқа мемлекеттің дұрыс жəне бұрыс формалары айтылады. Дұрыс формадағы билеушілер көпшіліктің мүддесін қорғаса, бұрыс формадағы билеушілер тек қана өздерінің жеке басының мүдделерін көздейді. Аристотельдің пікірінше, дұрыс формадағы мемлекеттерге монархиялық, аристократиялық жəне полития, ал бұрыс формаға тирания, олигархия жəне демократия жатады. Мемлекеттің ең дұрыс формасы ретінде Аристотель политияны айтады. Политияда жалпының мүддесі үшін көпшілік билік құрады. Жоғары билік заңның емес, демостың қолында деп есептеген Аристотель демократияны сынға алды. Ол мүліктік демократияны ғана мақұлдайды жəне демократияның екі түрін – заңға негізделген жəне жоғарғы үкіметке билік жүргізетін демократияны анықтайды.
Аристотельдің саясат жөніндегі ойлары да көңіл қоярлық. Оның айтуынша, саясаттың мəні оның алдына қойған мақсатына қарай анықталады. Дұрыс саясаттың негізі – адамдардың тəрбиелігінде. Дұрыс тəрбиенің арқасында олар жақсы қасиеттерді бойларына сіңіріп, саяси мақсаттарын игілікке қарай бұрды, осының арқасында ғана əділдік орнайды деп түсіндіреді. Аристотельдің саяси концепсиясы «Саясат» еңбегінде берілген. Платоннан айырмашылығы, ол мемлекеттік құрылыстың идеалды үлгісін жасамайды, қайта дұрыс деректерге сүйене отырып, оның нақты формасын талдауға əрекет жасайды.
Саяси ойдың даму тарихында айтарлықтай із қалдырған Ежелгі Рим болды. Онда, əсіресе атақты шешен, мемлекет қайраткері жəне ойшыл Марк Туллий Цицерон (б.з.б. 106-43) өмір сүрді. Оның "Мемлекет туралы", "Зандар туралы", "Міндеттер туралы" деген еңбектері көпке əйгілі.
Цицерон мемлекеттің пайда болуының иегізгі себебі-адамдардың бірінші өмір сүруге тырысатын табиғи талабының жəне меншікті қорғау мақсатынан туындайды дейді. Коғамга жəне жеке меншікке қол сұғуға болмайды. Бұлардың мызғымастығын бұзушылықты əділеттілік пен құқықты қорлаумен бірдей көрді.
Цицерон мемлекеттің құрылым түрі оны баскарушының "мінезі мен еркіне'' байланысты болады деп түсіндірді.
Цицерон мүліктік теңдік идеясына қарсы болды, қоғамдық-саяси қатынастарда əлеуметтік жіктелу мен теңсіздікті əділеттілік деп санады.
Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды (V—XVI ғасырлар). Бұл дəуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан мəдениетінің негізі болды.
Орта ғасырдағы Батыс Еуропаның саясат тарихында римдік-католиктік шіркеудің, папалықтың жəне ақсүйек феодалдардың арасында коғамдағы басқарушы рөл үшін киян-кескі күрес болып тұрды. Үкімет басында дін иелері ме əлде аксүйектер болуы керек пе деген сұрақ сол кездегі саяси білімнің негізгі мəселелерінің бірі болды.
Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин (354—430) еді. Ол христиан фəлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарастары "Құдай каласы" туралы деген еңбегінде баяндалган.
Қайта өрлеу дəуірінің дүниені түсінуінде адам тағдыры, оның шыққан тегі, атағы, конфессионалды статусы арқылы алдын ала болжанбай, ол адамның қажырлығы, белсенділігі, игілікті істері істері арқылы анықталуға тиіс. Тендік пен əділеттік принциптеріне сүйенеді.
Дүниені қайта өрлеу тұрғысынан түсіндірудің шеңберінде қоғамдық келісімнің ескі концепциясы жаңартылды. Оның негізінде мемлекетттің пайда болу себептері мен мемлекеттік биліктің легитимділігі түсіндіріледі.
Қайта өрлеу дəуірінің ойшылының бірі-итальяндық Николо Макиавелли (1469- 1527). Макиавелли саяси ой тарихында өзінің Патша (1513), «Флоренцияның тарихы» (1532) т.б. еңбектерімен танымал. Макиавеллидің саяси іліміндегі негізгі өзекті мəселе- өкіметтің өз қоластындағы азаматтарын игере алу қабілетінің болуы.
Қайта өрлеу дəуірінің гуманист-рационалисі, утопиялық социализмнің негізін салушылардың бірі-ағылшын ойшылы Томас Мор (1478-1535) болды, Мордың басты шығармасы- Утопия (1516), бұл еңбекте ойдан шығарған Утопия аралындағы əңгіме етеді. Қайта өрлеу дəуіріндегі саяси ойшылдардың бірі-француз ғалымы Жан Боден (1530-1596). Ол негізінен феодалдық мемлекеттегі орталықтандырылған биліктің ыдырауына жəне сол кездегі діни фанатизмге қарсы шығады. Мұндай көзқарасқа не себеп болды дейтін болсақ, XVI ғасырдың аяқ шенінде Франция діни ағымдар арасындағы күрестердің ордасына айналды десе болды. Өйткені католиктер мен протестанттар арасындағы жиі-жиі қақтағыстар болып отырды. Осыдан мемлекеттің тағдырына үлкен қауіп төнді. Осы тұста елдегі бейбітшілікті сақтау негізі мəселеге айналды. Қоғамдық санада бейбітшілік – басты құндылық статусына ие болды. Ал бейбітшілікті сақтап қалу, оны қамтамасыз ету тек монархқа байланысты еді. Сондықтан монархиялық билікті күшейту қажеттілігі туды. Саяси-əлеуметтік ойдың дамуындағы ерекше маңызды кезең – Жаңа дəуір, ол XVII-XVIII ғасырлар аралығын қамтиды. Жаңа дəуірдің саяси дүниетанымы екі негізгі принципті басшылыққа алды: «шынайы табиғи құқық» жəне «қоғамдық келісім».
Сол кездегі саяси ойға өз үлесін қосқан ойшылдың бірі – ағылшын ғылымы Томас Гоббс (1588-1679) болды. Ол өзінің саяси ой-тұжырымдарын «Левиафан, немесе материя, форма жəне мемлекет билігі» деген еңбегінде салмақтады. Жоғарғы билік жəне егеменді ізгілікті мемлекет – оның саяси іліміндегі басты идея болды. Ол патшалық билік корольға құдай жіберетін «сыйлық» дейтін теорияға қарсы болды.
Жаңа дəуірдің екінші бір ойшылы ағылшын философы Джон Локк (1632-1701). Оны реалистердің қатарына жатқызуға болады. Егер Гоббс абсолюттік монархияны жақтаған болса, ал Джон Локк оған қарсы шықты. Локк үшін адамның шынайы, нақты жағдайы – ол Гоббстың «бəрінің бəріне қарсы соғысы» емес, керісінше, меншікке негізделген бостандық қатынасының, теңдік пен өзара тəуелсіздік жиынтығы.
Француз ағартушыларының бірі Шарль Луи Монтескье (1689-1755) саяси ойлар тарихында өзінің екі түрлі маңызды үлесімен белгілі болған ғалым. Ол өзінің «Заң рухы» деген еңбегінде, біріншіден, мемлекеттің даму заңдылықтарын, саяси билікті жүргізудің формаларын айқындауға ықпал ететін факторлардың тізбегін көрсетуге тырысты.
Француз ағартушысы, ұсақ буржуазиялық идеолог Жан-Жак Руссоның (1712- 1778) саяси іліміне келетін болсақ, ең алдымен оның азаматтық концепциясын алуға
болады. Оның саяси теориясындағы өзекті мəселе – халық егеменділігі идеясы. Бұл концепциядан мынадай екі нəрсені байқауға болады: біріншіден, халық ассоциацияларының пайда болуын, олардың қоғамдық келісімінің нəтижесі ретінде қарастыра отырып , оны «Тұтас моральдық дене», «Қоғамдық адам» деп мойындап жəне оның «өз тұтастығы, біртектілігі, өз өмірі əрі өз еркі» болатындығын көрсетеді. Қоғамның мұндай өз болмасын жеке индивидтің болмысымен тең қоюға болмайтындығын атайды. Адам табиғатынан өзін-өзі қорғауға, сақтауға, өмір сүруге қабілетті жəне алғашқы адамдар өзара тең құқылы болған. Ал халықтың өмірінің дамуына байланысты бірте-бірте қауымдастықтардың (жанұя, топтар, халық) пайда болуымен бірге адамдар арасында теңсіздіктер қалыптасып, олар бақытсыздыққа ұшырай бастады. Сайып келгенде Руссо адамдар арасындағы теңсіздіктің қалыптасуын жеке меншіктің пайда болуымен байланыстырады. Адам бақытсыздығының басты себебі сол деп есептейді. Ал осындай бақытсыздықты жою үшін, халық қоғамдық келісімге келу керек деп көрсетіледі
Қорытындылай келгенде, Жаңа дəуір ойшылдарының идеялары олардың кейінгі саяси көзқарастар мен теорияларда көрініс тауып, жалпы əлеуметтік ой дүниесіне маңызы зор болды. Мəселен, Жан-Жак Руссоның саяси консепциялары Француз революциясы көсемдерінің іс əрекеттерінде көрініс тапты жəне оның əлеуметтік доктриналары Кант пен Гегельдің саяси концепциаларына іргетас қызметін атқарды. Жаңа дəуір ойшылдары жасаған мемлекетті түбірінен қайта өзгерту арқылы əділетті қоғамдық құрылысқа өту туралы ойлары көптеген жаңа бағыттардың пайда болуына түрткі жəне олардың көзқарастарына теориялық негіз болды.
XIX ғасырдың екінші жартысы қазақ қоғамының əлеуметтік – саяси өмірінің түбегейлі өзгерістерімен сипатталады. Осы ғасырдың ортасында қазақ хандығы жойылып, ол Ресей империясының отарына айналды. Əлеуметтік-саяси жүйе түгелдей өзгерді. Сот жүйесі де Ресейдің зандары негізінде өзгерді. Қазақ жұртының жүзге, руға жіктелуімен қатар, енді болысқа, ауылға бөліну процесі күшейді, əлеуметтік-саяси өмірі руаралық тартыс, шиеленіскен күреске толды. Ел ғасырлар бойы, талай қилы замандарда зордың күшімен қалыптаса бастаған тұтастық-бірлігінен айырылу алдында болды. Сондықтан бұл ауыр кезенде Қазақстанда саяси ойдың дамуы бір бағытта болды-қазақ жұртының халықтық ой-санасын арттыру, күшейту, одан ұлттық ой-сананың қалыптасуына, дамуына демеу беру бағытында.
Осы бағыттағы саяси ойдың негізін салушылар қазақтың үш алып перзенттері – Шоқан Шыңғыс ұлы Уəлиханов (1835-1865), Ыбырай Алтынсарин (1841-1889), Абай Құнанбаев (1845-1904). Бұл үшеуінің өмір сүрген уақыты, қоғамдық-саяси ортасы тарихи бір кезенде өткен-діктен, арман-мүддесі де ортақтас болды – туған халқының ой- санасын ояту, əлемдік мəдениет қатарына ұлттық өркениетін сақтап, басқа дамыған елдермен тең етіп қосу. Сондықтан Шоқан да, Ыбырай да, Абай орыс халқының алдыңғы қатарлы прогресшіл мəдениетін қазақ даласына таратушылар ретінде Қазақстан тарихыннда ағартушылық қозғалысының негізін жасады.
Жалғыз қазақ халқының ғана емес, Орта Азия халықтарының да жаңа дəүірдегі тұңғын ғалымы Шоқан қоғамның саяси-əлеуметтік құрылымы жөнінде көптеген еңбектер жазды. Олардың бастылары: «Үлкен қырғыз-қайсақ ордасының ескі аңыз əңгімелері», «Қырғыздардың шежіресі», «Даладағы мұсылмандық туралы», «Қытай империясының басты өлкесі», «Қашғария туралы жазбалар», «Абылай», «Сот реформалары жайында хат». Соңғы аталған саяси еңбегінде Шоқан патша үкіметінің соттық реформасына қарсы шығып қазақтың ертеден қалыптасқан əдет-ғұрыптары мен адамгершілік, демократиялық принциптерін қорғады. Бұқара халықтың мүддесіне сай билер сотының өзгеріссіз, ежелгі түрінде сақталуын қолдады. Билер сотының əдетте ауызша, халықтың ана тілінде, жұрт алдында ашық мəщіліс ретінде, яғни,
демократиялық дəстүрде өтетінін ескертті. Шоқанның демократиялық саяси ой- пікірлерін кейіннен Ыбырай Алтынсарин мен Абай жалғастырады.
Қазақ халқының ұлы ағартушысы, бас педагогі, этнографы, қоғам қараткері Ыбырай Алтынсарин бар өмірін жастарға білім беруге арнады. 1864 жылы тұңғыш қазақ мектебін ашып берді, 1879 жылы алғашқы «Қазақ хрестоматиясын» Қазанда бастырып шағарды. Қоғамның экономикалық дамуына қажетті мамандар əзірлеу ісіне ерекше мəн беріп, колөнер, ауылшаруашылық училищелерін ашуға күш жұмсады. Қазақ қыздарына дүние жүзілік білім беру ісіне жол ашқан да Ыбырай Алтынсарин болды. Ол қазақ халқының жалпы мəдениетін көтеруді көксеп, ең алдымен, ел-жұррттының тұрмыс- салтын өзгертуге, отырық-шылыққа көшуге шақырды. Ыбырай Алтансарин қазақ халқының прогресстік даму жолында, орыс халқының озықмəдениетін қазақ даласында кеңінен тарату жолында жалынды күрескер болды. 1884 жылы Қазан қаласында басылып шыққан «Ислам Шариаты» атты кітабінда ғылым мен өнерді игеруде шариаттың зияны жоқ деп, барлық адамдарды қай дінде, сенімде болмасын, оларды бірін-бірі құрметтеуге,сыйлауға шақырды. Əл-Фарабидің адамзат бақыты туралы ойларымен үндес, барша адам өз бақытын тек адал еңбек арқылы табуға тиіс деді. Ыбырай өмір бойы қазақ халқын отырықшылыққа шақырып өтті, оған өтүдің қисынды дұрыс жолын бағдарлады. Патша үкіметінің «Дала облыстарын басқару жөніндегі уақытша ережесі» (1868 ж.) ғасырлар бойын көшпелі өмір кешіп келген қазақтарды бірден күштеп отырықшылыққа айналдырып, артық жерлерді жаңадан қоныстанушыларға алып беругі ұйғарған болатын. Осыған байланысты Ыбырай былай деп жазды: «Даланы мекендеген халықтарды қабылдамас бұрын алдымен осы халықты жəне оның өмірін зерттеп білу ақылдырақ болмай ма? Бұл халықта отырықшылық үшін қандай алдын ала орындалған шарттар бар .... т.б. сол сияқты мəселелерді күні бұрын біліп алған дұрыс болмай ма?... Шындығында, табиғаттыңзаңында жас баланы бірден естияр адамға айналдыруға болмайды ғой». «Халыққа білім беру, қөзін ашу ісінің өзі осы отырықшылықпен тығыз байланысты» деді.
Қазақстанда қоғамдық-саяси ойдың даму жолында Абайдың алатын орны ерекше. Абай қазақ халқының ұлы ойшыл ақыны, философы, ағартушысы. Абайдың əлеуметтік- саяси көзқарасында демократиялық, прогресшілдік бағыт басым. Абай қазақ бұқарасының идеологы, оның жарқын болашағының жаршысы болды. Бұл туралы Мұхтар Əуезов былай деді: Абайдың тікелей халықтығы – халықты езушілерді бұқараның тұрғысынан əшкерелеуінде... Абай халық жыршылары айта алмаған, бірақ халық бұқарасының санасында жүрген ойларды айтты. Осыдан келіп Абай халықтығының екінші бір сапасы басталады. Халықтың саналы түрде түсініп болмаған, стихиялы тілектерін, саналы түрде айтып, бұл үшін өз бойына жинаған нəрді пайдаланып, сол кездегі орыс мəдениетінің шыңына құлаш ұра, ақын жалпы мəдениеттік, жалпы тарихтық маңызы бар бұкіл ұлттық қазына жасайды. «Қазағым» дегн сөзді Абайдың «ұлтым» деген мағынада түсінуі осыдан. Абай қазақты жалпы адамзаттық ой-санаға, гуманим биігіне шақырды. «атаның баласы болма, адамның баласы бол» деуі де осыдан. Ұлы ағартушы, саяси қайраткер халықты экономиқалық жəне мəдени мешеулікпен күресуге, прогресске, отырықшылыққа, білімге шақырды. Қазақ елін алға бастыруда орыстың мəдениетін, білімін, ғылымын үйренудің қажеттігін баса көрсетті. «Жиырма бесінше» қара сөзінде: «Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылымда – бəрі орыста зор. Залалынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға, тілін, оқуын, ғалымын білмек керек.... Сен оның тілін білсең, көкірек-көзің ашылады. Əрбіреудің тілін, өнерін білген кісі онымен бірдейлік дағуасына кіреді Орыстың
ғылымы, өнері – дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі», - деп жазды.
Қазақ қоғамындағы ең ауыр мəселенің бірі əйел теңсіздігіне, əйелді «қалың малға сату», əмеңгерлік тəрізді əйел адамгершілігін қорлайтын əдет-ғұрып зандарға Абай
түбірімен қарсы болды. Жалпы алғанда, ол патриархалды феодалдық қоғамдағы кертартпалыққа, əділетсіздікпен заңсыздыққа, зорлық-зомбылыққа, үстем тап өкілдерінің қалың бұқараға жасаған қаталдығына, жауыздығына қарсы күрес жолында қысқа өмірін аяусыз қиды.
Шоқан, Ыбырай, Абай қазақ халқының қоғамдық-саяси ой тарихында ағартушылық идеяларының одан əрі өркендеуінің негізін салды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет