Өткен шақ көсемше формалы
ет ст кт ң қатысуымен жасалатын
сабақтас құрмалас сөйлемдер
Орындаған: Джомартова Эльянур
Жоспары:
Көсемше формалы етістік
Құрмалас сөйлемдер компонеттерінің
мағыналық қатынастары
-п формалы көсемше
КӨСЕМШЕ ФОРМАЛЫ ЕТІСТІК БАҒЫНЫҢҚЫ КОМПОНЕТТІҢ
БАЯНДАУЫШЫ РЕТІНДЕ СОҢҒЫ ПОЗИЦИЯДА ТҰРЫП, ОНЫ
БАСЫҢҚЫ КОМПОНЕТПЕН БАЙЛАНЫСТЫРАДЫ. КӨСЕМШЕ
ҰЙЫМДАСТЫРҒАН ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕР КӨП МАҒЫНАЛЫҚ
ҚАТЫНАСТЫ БІЛДІРЕДІ.
1. Жалғастық қатынасты білдіреді. Компоненттер бірін-бірі
толықтырып жалғасып келетін пікірлерді хабарлайды.
«Апа, көбі кетіп, азы қалды, шыда», – депті (Д. Досжанов).
Күлген кезде екі бетінің ұшына қызыл бояу ойнап, онысы өзіне сонша
жарасады екен (Д. Досжанов).
Əкесі арбасын жөндеп, шешесі құрт қайнатып жатыр еді
(Ғ. Мүсірепов).
2. Мезгіл жағынан қатар болған оқиғаларды хабарлайтын компоненттер
байланысады.
Үлкен таудың ішінде жел гуілдей соғып, ақ боран ұйытқып ойнап тұр
(М.Əуезов).
Майдың күні көк жетіліп, гүл-жапырақ молайған
(М. Əуезов).
Дастарқандағы бауырсақтар мен қанттар жөңкіле үркіп,
кеселер соқтығысып қалды (К. Оразалин).
3. Мезгіл жағынан ілесе болатын оқиғаларды хабарлайтын
компоненттер құрмаласқа қатысады.
Жел тұрып, бұлттар ыдырады.
Күлипаның киімдері тегіс су болып, бойын суық алайын деді
(С. Мұратбеков).
Сай шеті ұшы-қиыры жоқтай созылып, трактор мен
шөп таусылмас бір ұзақ еңіске қарай сырғанап келе жатқан
сияқты
(С. Мұратбеков).
4. Сын-қимыл бағыныңқы компонент басыңқы компонентпен
байланысады.
Өсітіп терге быршып отырғанда, көзінің асты қалталанып, Саясат
келді (Д. Досжанов).
Қоңыр қойдың көзіндей қарашығы кішірейер еді,
қасын қағып, селдір мұрты дірілдеп, қамығар еді (Д. Досжанов).
5. Себеп бағыңқы компонент басыңқы компонентпен байланысады.
Сөзіне көбінесе сыбыр араласып, не айтқандары ұғымсыз болды
(М. Əуезов).
Суық қармап, денесі тоңази бастады (Д. Досжанов).
Жаз ортасы ауып, жұрт егін-пішенге қам қыла бастады (М. Əуезов).
Көктемгі жауын қалың болып, шөп шүйгін шықты (Д. Досжанов).
6. -п формалы көсемше бағыңқы компоненттің баяндауышы болып,
қарсылықтық қатынасты білдіретін құрмалас сөйлем ұйымдастырады.
Шəнтитіп, осының қай жерін аға дейсің (С. Мұратбеков).
Кішкентай болып, тілінің ащысын! (С. Мұратбеков).
-п формалы көсемше ұйымдастырған сабақтас құрмалас
сөйлемнің көп мағыналығына байланысты кейде компоненттердің
арасына жалғаулық немесе анафористік есімдік кірігеді.
Арқадағы Əлке Байдалы деген елге барымталы болып қалып, содан
жылдағы жайлауға бара алмай, жолда отырып қалыпты (Тиесов).
Бұл типт сабақтас құрмаласқа
жалғаулықтың к ру не ек себеп бар
1. Компоненттердің арасындағы мағыналық қатынас компоненттердің
мағынасының үйлесуінен туып, -п формасы тек байланыстырушы ғана
амал болып көрінеді.
2. Баяндауышы -п формалы бағыңқы тұлға лебізде экспрессивтік
тудырып дара жұмсала береді. Мысалы: Не болса соны айтып! Бұның
жарамайды. Байдың малын жарлы қызғанып!
Компоненттердің бойындағы осы сипат жалғаулықтардың кірігуіне
жол береді.
Назарларыңызға
рақмет!
Достарыңызбен бөлісу: |