Сабақтас құрмалас сөйлемдердің ерекшеліктері бойынша тапсырмалар орындау. «Танымал тұлғалар» тақырыбындағы мәтіндермен жұмыс



бет2/3
Дата19.12.2023
өлшемі20,07 Kb.
#141090
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
АБ сұрақтары, 2 курс, ЖМ, Стоматология

 –
Жағы сембеді (тынбады) –
Жанары кетті –
Жанды жегідей жеу –
Жараның аузын алу –
Иісі мұрнына кірмейді 
Көздің жауын алу –

  1. Кең пейілді қазақ халқының жер аударылып келген ұлттарға деген бауырмалдылығы туралы әңгімелеу;

  2. Көмекші есімдер;

  3. Медициналық терминдерді қатыстырып, «Дәрігердің қабылдауында» тақырыбына диалог құру;

  4. «Оқи берсең көзің ашылады, отыра берсең, жалқаулық басынады» мақалының мағынасын түсіндіру.

  5. Отан туралы 2 мақал жазып, мағынасын ашу;

  6. Есімшенің анықтауыштық қызметіне үш сөйлем жазу;

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» мақалының мағынасын түсіндіру.

  1. Неологизмдерге мысалдар;

  2. «да, және, бірақ, сондықтан» жалғаулықтары;

  3. «Тіс дәрігерінде» тақырыбына диалог құру.

  4. Іс қағаздарының атауларын орыс тіліне аудару:

  5. Мақалдың мағынасын түсіндіру:

Бір бала, әкесіне жете туатын,
Бір бала әкесінен өте туатын,
Бір бала әкесінен кете туатын.

  1. Қанатты сөздің мағынасын ашу:

Бала нені білсе жастан, ұядан – 
Өле өлгенше соны таныр қиядан.
(Жүсіп Баласағұни)

  1. Берілген қанатты сөздердің мағынасын түсіндіру:

1) Көркемөнер біздің ішкі дүниемізге, жан жүйемізге әсер етіп, адамдық қалпымызды тәрбиелейді.
М. Әуезов
2) Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін - математика.
М. Ломоносов

  1. Қанатты сөздерге мағыналық талдау жасау:

Нені үйренсең де, өзін үшін үйрен.
Барлық нәрсеге қызушылық жоғалтсан, есінді де жоғалтасын.
Ынтасыз үйренетін оқушы – қанаты жоқ құс тәріздес.

  1. Берілген фразеологиялық тіркестердің мағынасын түсіндіру:

көз ілмеу, жүрегі жарылу, төбе шашы тік тұру.

  1. Берілген фразеологиялық тіркестердің мағынасын түсіндіру:

Жұмған аузын ашпау, қара қылды қақ жарған, қой аузынан шөп алмас.

  1. Берілген фразеологиялық тіркестердің мағынасын түсіндіру:

өлердегі сөзін айту, тас жүрек, тісі тісіне тимеу.

  1. Фразеологиялық тіркестердің мағынасын түсіндіру:

жұмған аузын ашпау, қой аузынан шөп алмас, жүрегінің түгі бар.

  1. «Дәрігер мәдениеті» тақырыбына сұқбат құру;

  2. Тұрақты тіркестердің мағынасын ашу:

жаны зәр түбіне жету, жағы сембеді (тынбады), көздің жауын алу.

  1. Өлеңді оқып, мағыналық талдау жасау:

«Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой-
Бес асыл іс, көнсеңіз… 
Адам болам десеңіз,
Оған қайғы жесеңіз,
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ-
Бес дұшпанын білсеңіз…» (Абай)

  1. Мақал-мәтелдердің мазмұнын талдау:

1. Мезгіл жетсе, мұз ерір.
2. Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисе игі еді,
Батыр болсаң, жауыңа найзаң тисе игі еді.
3. Оқи берсең көзің ашылады, отыра берсең, жалқаулық басынады.
4. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
5. Тіл тас жарады,
Тас жармаса,бас жарады.

  1. Тұрақты тіркестердіің мағынасын ашу:

екі аяғын бір етікке тығу, төбе шашы тік тұру, көз шырымын алу.

  1. Берілген фразеологиялық тіркестердің мағынасын түсіндіру:

жаны мұрнының ұшына келу, үйді басына көтеру, бетінен оты шығу.

  1. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы диалог құру;

  2. «Экология және ұлт денсаулығы» тақырыбына диалог құру;

  3. «Университетіміздің танымал түлектері» тақырыбына диалог құру;

  4. Әлеуметтік және кәсіби салаларда қолданылатын сөздер бойынша (тұлға, азамат, заң, шетелдік, нарық, келіссөз, жол қатынасы) тапсырмалар;

  5. Тірек сөздерді пайдаланып, «Білімді жастар» тақырыбына әңгіме құру;

  6. Экологиялық мәселелер туралы хабалама жасау;

  7. Тұрақты тіркестердің мағынасын ашу:

Жанды жегідей жеу

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет