Мәселесі қарастырылған. Оларды ақыл-ой мен таным тереңдігі табыстырған, ел қамын жеу мен адамды түзеу идеясы біріктірген



Pdf көрінісі
бет1/19
Дата15.12.2023
өлшемі390,68 Kb.
#138110
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


 
 
 
 
 
ІSSN-p 1727-060Х
 
 
ІSSN-e 2664-3162 Túrkologıa, №2(110), 2022 
31
 
ӘОЖ 82:81-26; 82:81'38 МҒТАР 17.07.51 
https://doi.org/10.47526/2022-2/2664-3162.02 
 
Гүлжан ӘЛІПХАН 
Жалпыакадемиялық ағылшын тілі кафедрасының магистр-оқытушысы, Қожа Ахмет 
Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан 
(gulzhan.alipkhan@ayu.edu.kz) ORCID: 0000-0001-9450-4274 
АБАЙ МЕН АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ САБАҚТАСТЫҒЫ
*
 
 
Аңдатпа
Мақалада Абай мен Ахмет Байтұрсынов шығармаларындағы сабақтастық 
мәселесі қарастырылған. Оларды ақыл-ой мен таным тереңдігі табыстырған, ел 
қамын жеу мен адамды түзеу идеясы біріктірген. Ахмет Байтұрсынов – алғашқы 
абайтанушы, оның Абай туралы терең мәнді мақаласы 1913 жарық көрген. Абайды – 
қазақтың бас ақыны деп алғаш танып бағалаған – Ахмет Байтұрсынов. Оның 
ойынша, Абай қазақтың өлеңін төрге шығарған, қадір-қасиетін арттырған ақын. Абай 
өлеңдерінде ой тереңдігі мен сыншылдық және білім – үшеуі де бар болған. Абай – 
қазақ өлеңін формасы жағынан да жетілдіріп дамытқан жаңашыл ақын. Және Ахмет 
Байтұрсынов жазғандай, Абай – қай нәрсенің де мәнін, өзегін таныта жырлаған 
ойшыл ақын. Абайды осылайша терең танып, жоғары бағалаған, өнеге тұтқан Ахмет 
Байтұрсыновтың өзі де ұстаз Абай, ойшыл Абай биігіне көтерілді, өз дәуірінің 
Абайындай ұлт ұстазы, асыл азаматына айналды. Ахмет Байтұрсыновтың Абаймен 
үндесіп сабақтасуының бір қыры осы. Ахмет Байтұрсыновтың Абаймен сабақтасуы 
туындыларындағы мән-мазмұн, ой мен идея бірлігі, ортақтығы арқылы да көрініс 
тапқан.
 
Ең әуелі екі ақын да өз өлеңдерінде жағымсыз, кеселді қасиеттерді ащы түрде 
әшкерелеп, аяусыз сынады. Адами асыл қасиеттерді дәріптеп насихаттады. Екі 
ақынның да мақсаты – адамгершілікті жырлау арқылы халық санасын ояту. Кеңістік 
пен уақыт, орын алған жүйе мен қалыптасқан жағдай екі ақындағы шығармашылық 
ізденісті ортақ арнаға салды. «Сегіз аяқ», «Жиған-терген» өлеңдері – екі ақындағы 
ақыл-ой мен мақсат-мұрат, көркемдік шешім бірлігінің биік шыңы. Мақалада 
осындай ойлар тұжырымдалған. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет