Дискретті сигнал — бөлек-бөлек үзілісті сигналдардан тұратын сигнал. Үзіліссіз (аналогты) сигналдарды кодалау, яғни сандық сигналдарга айналдыру үшін оларды үзіп, дискреттейді. Дискретті сигналдар периодты, периодсыз болып және түрлеріне қарай тіктөртбүрышты, үшбұрышты, қоңырау тәрізді, экспоненсиалды болып бөлінеді.
Тасушы сигнал — байланыс жолдарын тығыздап, бір байланыс жолымен бірнеше хабар сигналдарын беру және сигналдардың таратылу жағдайын жақсарту үшін оларды бірспектр ауқымынан басқа спектр ауқымына ауыстыру үшін пайдаланатын сигнал. Тасушы сигнал параметрлерінің біреуі хабар сигналының заңдылыгына сәйкес өзгереді.