Бірінші ретті сигнал — берілетін хабарды алып жүретін электр сигналының алғашқы (көбіне төменгі жиіліктегі) түрі. Мүмкіндігіне қарай (жақын жерлерге) сигналдың алғашқы (бірінші) түрі өзгертілмей, сол күйінде байланыс жолдарымен таратылады, мысалы, қаланың телефон байланысында.
Арналық сигнал. Электр сигналын қашық жерлерге таратқанда ол байланыс жолы бойында әр түрлі себептермен өшіп, әлсірейтіндіктен және хабар таратуды арзандату, бірбайланыс жолымен бірнеше хабар беріп тығыздау үшін бірінші ретті (алғашқы) сигналды түрлендіріп өзгертуге тура келеді. Өзгерту хабар тасымалдайтын байланыс жолдарына карай жасалынады. Осындай байланыс жолдарымен берілетін өзгертіліп, түрлендірілген сигналды арналық сигнал дейді.