1 минутинтеллектуалды шоуының қатысушыларына бар-жоғы 1 ғана минут беріледі. Сол уақыт аралығында берілген тапсырмаларды орындау - олард...
Сабақтың атауы "1 минут" Интеллектуалды шоу
Жалпы мақсаттар Сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау.
Оқыту нәтижесі Сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімін көрсете білуге үйрету. Оқушылардың сөздік қорын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге және шығармашылықпен еңбек ете білуге дағдыландыру.
Негізгі идеялар Болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу
Қажетті материалдар Топ аттары жазылған қағаздар, қима қағаздар, интерактивті тақта.
Тапсырмалар 1. Топты таныстыру (5 минут)
2. Бірінші айналым. «Тездет, бірақ қателеспе!» (10 минут)
3. Екінші айналым. «Ұшқыр ой»(2 минут)
4. Үшінші айналым. «Ойлы болсаң, озып көр»(15 минут)
5. Төртінші айналым. «Тапқыр болсаң, талас жоқ»(2 минут)
6. Бесінші айналым. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» жарнама жасау.(5 минут)
7. Қорытындылау. (6 минут).
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Психологиялық дайындық.
Әрбір сабақ – үйрену, ұғу, ұлағат
Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адамдық.
Кіріспе сөз: бүгін біз сіздермен "1 минут" атты интеллектуалды шоу өткіземіз. Оқушылар көк және сары түстер болып екі топқа бөлініп отырады.
І топ – «Білімділер»
ІІ топ – «Ойшылдар»
Әр топ мүшелері өз ұрандарын атап, өздерін таныстырып шығады.
«Білімділер» тобы.
Бір сыныпта оқимыз, бәріміз де
Достық сөзі әрқашан дәрі бізге
Жарысуға сендермен келіп тұрмыз
Мына жұрттың таңырқасын бәрі бізге.
Біздің тобымыздың ұраны: «Білімдіге – дүние жарық, білімсіздің күні – кәріп»
«Ойшылдар» тобы.
Біз дайынбыз жарысуға достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Біздің тобымыздың ұраны: «Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы»
Ойын ережесімен таныстыру. Әділқазылар алқасын сайлау.
Ойын 5 - айналымнан тұрады.
1 – айналым. 1 слайд
«Тездет, бірақ қателеспе!»
Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Бір сөзбен «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Екі топтың да жауабы тыңдалады. Содан кейін тақтадан дұрыс жауабы шығады.
«Білімділер» тобы.
1) Дауыссыз дыбыстар 3 - ке бөлінеді. (Иә. Қатаң. Ұяң. Үнді)
2) Өмір сүру үшін адамға ең қажетті нәрселер: үй, киім, көлік, теледидар. (жоқ. Тамақ, ауа, су, жарық, жылу)
3) Барлық сатып алынған заттар бағасының қосындысы заттың құны деп аталады. (иә)
4) Судың 4 күйі бар. (жоқ. 3 күйі бар: қатты, сұйық, газ)
5) Көкжиектің негізгі 4 тұсы бар. (иә. Солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс)
6) 120 минутта 3сағат бар.(жоқ. 2сағат)
7) Жұмбақ – үлгі – өнеге ретінде айтылатын әрі қысқа, әрі нұсқа нақыл сөз. (Жоқ. Бір затты, жайды ойлап табу үшін астарлап айтылған қысқаша өлең)
8) Қандай? Қай? Сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың сынын, сапасын білдіреді. (иә)
9) 9 бен 4 – тің көбейтіндісі 32 - ге тең. (жоқ. 36)
10) Тік төртбұрыштың периметрін табу үшін ұзындығы мен енін қосамыз. (иә)
«Ойшылдар» тобы. 2 слайд
1. Зат есім қандай? қай? деген сұраққа жауап береді.(жоқ. кім? не?)
2. Ұзындық өлшем бірліктері мм, см, дм, м, км.(иә)
3. Өмірде болған адамға қатысты құрылған халық шығармасы ертегі.(жоқ. Аңыз)
4. Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі карта.(иә.)
5. 45 - тің 5 - тен бір бөлігі 8 - ге тең.(жоқ. 9 - ға.)
6. Үш биді ата. Олар Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би.(иә)
7. Негізгі сөйлем мүшесі баяндауыш.(жоқ. бастауыш)
8. Адам денесінің тірегі бас.(жоқ. қаңқа)
9. Шаршы дегеніміз барлық қабырғасы тең төртбұрыш.(иә)
10. Абылай ханға Төле бидің қойған аты Сабалақ.(иә)
2 – айналым. 3 слайд.
«Ұшқыр ой».
Берілген бір сөзден бірнеше сөз ойлап табуларың керек.
«Ойшылдар» тобы. Атамекен.
«Білімділер» тобы. Болашақ.
Дұрыс орындаған топқа10 ұпай беріледі.
- Өте жақсы, балалар, біздің әр сайысымызды әділқазылар бағалап отыр, нәтижесін соңында айтады. Келесі айналымға өтелік.
3 – айналым. 4 слайд
«Ойлы болсаң, озып көр». Әр сұрақтың өз ұпайы бар.
Дүниетану.
Бұл аңда жаудан қорғанудың 2 тәсілі бар, ол бүркеніш реңі және
аяғы. Тез жүгіреді және тез секіреді. Ол тек тез қашып қана қоймай, қауіпсіз жерге қысқа, тез жетудің жолын біледі. Кейде оған бұл қасиеттері көмектеспейді. Онда ол шалқасынан жата қалады да артқы аяқтарымен қорғанады. 20 ұпай. 5 слайд
Қай құс жұмыртқа баспайды? Өз атын қайталай береді? 30 ұпай. 6 слайд
Өсімдіктің тірі организм екендігін дәлелде. 40 ұпай. 7 слайд
Математика.
Есік алдында 3 гүл өсіп тұр. Оның біреуі қызыл, біреуі сары және біреуі көк. Сары гүл ортасында емес және қызыл гүлдің қасында емес Онда гүлдер қалай орналасқан? (сары, көк, қызыл) 20 ұпай. 8 слайд
2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма? 30 ұпай. 9 слайд
Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг болады? 40 ұпай. 10слайд
Қазақ тілі.
Ребусты дұрыс шешсең, мақал шығады. 40 ұпай. 11 слайд
Еңбек туралы мақал - мәтел айт. 30 ұпай. 12 слайд
Хат сөйлеудің қай түріне жатады. (жазбаша) 20 ұпай. 13 слайд
Ана – тілі.
Жыртық терезе, қара су, аштық азабы. Әңгіме кім жайлы? Авторын ата. (Б. Майлин. Күлпаш.) 20 ұпай. 14 слайд
Суретке зер сал. Қай мысал, авторы кім? Мысалды екі оқушы сахналап көрсетеді. (Шегіртке мен құмырсқа. И. Крылов. Аударған Абай.) 30 ұпай. 15 слайд
Қасиетті тілімнен түңілмедім. Қай өлең? Авторы кім? Жатқа айт. (Үш бақытым. М. Мақатаев) 40 ұпай. 16 слайд
4 – айналым. «Тапқыр болсаң, талас жоқ»17 слайд
Шрифтограмма шешу. 10 ұпай.
«Білімділер» тобы.
пан – ба – ла
тап – ха – на – кі
ған – бал – дыр
«Ойшылдар» тобы.
те – ма – ка – ти – ма
ыр – шақ – қу
ле – ди – те – дар.
5 – айналым. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»18 слайд
Жарнама жасау 10 ұпай.
«Білімділер» тобы.
«Менің мектебім» жарнама
«Ойшылдар» тобы.
«Сүйікті оқулығым» жарнамалау.
Осымен ойынымыз шарықтау шегіне жетті. 19 слайд
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену, жалықпау. –
деп сөз кезегі әділқазыларға беріледі. Жеңімпаздарға марапаттау айтылады. Ең көп ұпай жинаған білімді оқушы анықталады.
Топ жетекшілері қорытындысын айтты, бағалады.