Тақырыбы: «Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде» Мақсаты: Жаңа технология элементтерін қолдана отырып, оқушылардың математика, физика және информатика пәндері бойынша білімдерін тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту Қатысушылар: 5-11 сынып оқушылары Көрнекіліктер: нақыл сөздер жазылған плакаттар, шарлар Өтілу барысы: (теледидарды қосады) Жүргізуші: Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың математика мен физика пәндерінен біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары. Жүргізуші: Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде . Себебі математикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Жүргізуші: Осыған байланысты Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Мухтар Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде 8 қазандан 20 қазан аралығында математика, физика және информатика пәндері апталығы өткелі жатыр. 1.Ғылымдардың патшасы – нақты ғылым жайында, Апталықта бастаймыз. Білім құмар достарым қызыққа толы сұрақты Алдарыңа тастаймыз. Сұрақ сырын тереңірек ұғайық, Математика, физика, информатика құрметтеуге лайық. Дүниеде құбылыстың мәнінде, Зерттейді ол өзгерістің бәрінде. Нақты ғылым дүние кілті бүгінде, Бүкіл әлем сөйлейді, нақты ғылым тілінде. 2.Математика – 1,2,3…натурал саннан тарайды,
Алгебра сырын ашсам деп,
a,b,c,d әріптер жан – жағына қарайды.
Үшбұрыш, төртбұрыш, конус пен цилиндр,
Геометриялық денелер нүкте менен түзуді арғы атасы санайды.
Синус пенен косинус, тангенс пен котангенс
Жүрген жерде паңданып сұлуға өзін балайды.
Үшбұрыштар Бәйтеректе көз ұшында көрінген,
Пирамида орын алған Астананың төрінен.
Математика күллі әлемді өз тілінде сөйлетіп,
Білімнің нұрлы шуағы шар тарапқа тарайды.
3.Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге,
Бақтырып жұлдыздарды ескен желге,
Жансызға жан бітіріп қолға салып,
Физика кереметті көрсетті елге.
Бір өшіп, кітаптардың бірі тозған,
Қай жүйрік Архимедті басп озған,
Жалынды патриот, батыр, ғалым,
Ғасырлар түпкірінен басып озған.
Физика – тілдесер табиғаттың тілі екен ғой,
Көз тартар табиғаттың сыры екен ғой,
Салғаннан айтылған сөз ішілген ас,
Бәрінің бағынары физика ғой.
Сондықтан табиғаттың сырын терең,
Деушіге оқып, зерттеп, көрем, білем.
Демесең болсын егер еңбегің еш,
Негізі бар ғылымның физика,
Жалықпай оқып үйрен тек қана,
Білімнің есігін ашты көзін тауып,
Ньютон, Эйнштейн, Архимедтер.
Бүгінде физика барлық жерде,
Құрылыста, техникада, өндірісте
Сырларын бұл ғылымның үйретіңдер
Шәкірттер зерделікпен үйреніңдер.
4.Шындықты алғаш таратқан,
Жыл күніңді санатқан.
Тауып ғажап жаңалық,
Жоқтан барды жаратқан,
Компьютер емей немене?
Құтқарып ауыр бейнеттен,
Техниканы үйреткен.
Роботтай адамды,
Тіл бітіріп сөйлеткен.
Компьютер емей немене?
Білмегенді білдірген,
өлшеп киім кигізген.
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
Компьютер емей немене?
Физика, математика,инфарматика пәндері бойынша білімдерімізді толықтырайық
1. Геометрияда жаңалық ашқан Зевс құдайына ашқан үшін Зевс құдайына жүз өгіз сойып құрбан еткен кім? (Ж: пифагор)
2. Информатика қандай ғылым (ЭЕМ арқылы ақпаратты жинау, сақтау, түрлендiру, жеткiзу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсiлдерiн зерттейтiн жаңа ғылыми пән.)
3. Геометрияны білмейтіндер академияға кірмей- ақ қойсын деген кімнің сөзі (Платон)
4. Компьютердің құрылғылары нешеге бөлінеді және оларды ата (2-ге негізгі және қосымша)
5. Арифметика дегеніміз – бұл математиканың негізі. Осы сөзді айтқан орыс жазушысы кім? (Л.Н.Толстой)
6. Бірінші баланың әкесі ұлына 150 сом,ал екінші ұлына 100 сом берді.дегенмен екі ұлы бірігіп өздерінің қорларына 150 сомға, ғана көбейткені белгілі болды. Неліктен?
7. Самолет А-дан В қаласына дейінгі қашықтықты 1 сағат 20 минутта ұшып өтті. Ал қайтра жолда 80- ақ минутта ұшты . Бұл қалай?
8. Ақпараттар ағынын , есіңде мол сақтайды. Оқушының сенімін , ол әркез ақтайды (Ж. процессор)
9. Кішкене ғана саусаққа,Ұқсайды ма білмеймін. Сақұтай алар өзіне барлық қызық дүниені. (Ж.Флэшка)
10. Аналитикалық машинаның жобасын жасаған кім? (Ж: 1834 жылы оқымысты Чарлз Бэббидж «аналиталық машинаның» жбасын жасады.)
11. Адам мен монитор арасындағы қашықтық қанша болу қажет? (Ж: 50-70 см)
12. Microsoft фирмасын құрған адам (Ж: Билл Гейтс)
13. Ақпараттың ең кіші өлшем бірліктері (Ж: Бит)
14. Теріс санды «бересі» демей нөлден кіші сан деп атаған математиктер кімдер? (Ж: Неміс математиктері М.Штифель, А.Жирар)
15. Windows сөзінің қазақша бламасы қалай аталады? (Ж: Терезе)
16. 16. айнымалы шама ұғымын ең алғаш математикаға енгізген француздың атақты математигі кім? (Ж: 1641 жылы Лейбниц)
17. Вирустың кері әсерін жоятын программа (Ж: Антивирус)
18. Жиын теориясының негізін салушы кім? (ХІХ ғасырдың екінші жартысы , Г.Контер)
19. Екілік санау жүйесінің сандары (Ж: 0 мен 1 )
20. Қазіргі қолданылып жүрген теңдік (=) белгісін бірінші рет қолданған ағылшын дәрігері кім? (Рекорд 1557 жыл)
Компьютердің айналасындағы әзіл-қалжыңдар.
1. Интернетке кіріп алып, қайда баратыныңды білмесең дисперсияға ұшырағаның…..
2. Баласының ұмытқанын көрген әкесі баласына: балам –ау сенің жадын форматталып кеткен ба ?- депті, әлде вирус кіріп кеткен ба ? не қарап тұрсын депті.
3. Бір тарақан өлтіру үшін неше программалаушы қажет?. Екеу….. біреуі тарақанды ұстап тұрады, екіншісі оны тышқанмен бастырады.
4. Оқушы программалаушыдан Windows 95, Windows XP, DOS операциялық жүйелерінің айырмасын түсіндірудісұрадыы: программалаушы оған:
— Аэропортқа келдің дейік. Ұшуға дайындалып тұр, ішке кірсең кілем, күшті орындықтар, шамдары жарқырап тұр. Жолаушылар отырған соң , ұшақ аэропортты бір айналады да, қайта қонып жолаушылардың одан шығуын сұрады. Бұл- Windows XP
— Келесі орында тағы бр ұшақ тұр, оған жолаушылар отырған соң , ол аэропортты бір айналады да жарылып , жерге құлайды. Бұл- Windows 95
— Ал үшіншісі ұшақтың түрі нашар, сырты кір, дөңгелектері де қисайған секілді.Жолаушылар жүктерін ұшаққа тиеп,өздері оны итеріп от алдырып, ішіне секіріп мінген соң , ақырын ұшып барып барар жеріне жетеді. Бұл- DOS деп түсіндіреді.
Келесі кезекте тақтада ілініп тұрған «Математика» туралы ұлы ғалымдардың айтқан сөздерінен мысал келтірілді.
1. Математиканың түсінікті болған 10 беті, түсінбей жаттап алған жүз беттен артық, ал өздігінен оқып игерген бір сәт , әйтеуір түсінікті он беттен артық. Юнг
2. Еңбек пен жаңалық ашудың байтақ және қиырларына апаратын кең жол мектеп білген матеатикалық білімдер арқылы өтеді Маркушевич
3. Математика – ұлы ғылым, адамның ең бір асыл қасиеттерінің тамаша жемісі. Писарев Д.И
4. Математикада формуланы есте сақтау қажет емес, тек ойлау процестерін есте сақтау керек. Ермаков
Айтыс 1 – жүргізуші:
Кел, келіңдер балалар
Тамашаға қараңдар
Шақырады сіздер менен біздерді
Математика, физика, информатика әлемі
2 — жүргізуші:
« Есеп» керек бәріне
Ел дәулетін арттырар
Үміт арттық сіздерге
Есеп сүйгіш өрендер
Шақырайық ортаға
Айтысуға айтыскер
1
Ассалаумағалейкум халқым менің
Иіліп сәлем беру салтым менің
МИФ апталығы құтты болсын
Ойлары оқушылардың жаңалыққа толсын
Әрқашан еңбектері жемісті боп
Ежелгі гректердей мықты болсын
Талай ғалым тер төккен біздер үшін
Оқып , білсін , үйренсін ғылым үшін
Ал енді Сағынған ақыным менің
Жауап берші бірнеше сауалыма
Хабарың бар ма сенің тарихи мәліметтен
Сүйікті алгебра пәніміз
Қай уақытта әлемге әйгілі болған
Алғаш рет алгебраны зерттеп жазған
Білсең кім, айтшы қане аты –жөнін
2
Жауабыңа сүйсіндім замандасым
Сен де оңай беріспес жеңісті қолдан дедім
Сауалың орынды, ізденгенің көрінді
Кім білмейді атақты Пифагорды
Теоремасы үшбұрышқа қойылды
Ашқан жаңалық теоремасы үшін
Ертеде 100 өгіз де сойылды
Жауабыма толса көңілің
Сауалым бар өзіңе ұнаса
Біз міне 21-ғасыр ұрпағымыз
Ойлансаң ой тоқтатып, өткен күнге
Бабалар ерте кезде санауды
Есептеуді қалай білді?
3
Ассалаумағалейкум халқым менің
Иіліп сәлем беру салтым менің
Басталды міне апталықта
Жыр –шашуды мен дағы ала келдім
Сұрадың алгебра жайлы мәліметті
Айтайын мәлім етіп жауабын бұл сұрақтың
Алгебра пәніміз IX ғасырда әйгі болған
Алғаш рет алгебраны зерттеп жазған
Білсем мен әл- Хорезми болған еді
Қарсыласым Рысхан қалың қалай?
Отырмысың айтысуға жаның қалмай
Білсең сен сұрағыма жауап берші
Пифагор кім, неліктен ғылымда аты қалды?
1
Бабалар ерте кезде санағанда
Ұсақ таспен , есепшот пайдаланған
Кейіннен тәжрибе толыққан соң
Абакты есеп шоттай ойластырған.
Жарайсың, айтыскер ақын құрбым
Жүйріктігің айтыста көрінді тым
Осыменен аяқтайық енді біз
Келесі кездескенше аман болайық.
( Ғылым патшаларының нақыл сөздері) Аль – Фараби
• Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді.
• Жүргендер көп достық атын малданып, Қалмағайсың сен де бірде алданып.
• Білімді болу деген – жаңалық ашуға қабілетті болу.
• Шын білім – ақиқат, анық білім.
ПифагорТаңертең оянысымен: «Мен не істеуге тиіспін»,-деп, кешқұрым, ұйықтар алдында: «Мен не тындырдым»,- деп сұра.
Өзіңді өзің құрметтеу – сенің басты заңың.
Достық әділдікті білдіреді.
Ньютон Жеңістің ең ұлысы — өз-өзін жеңу.
• Адам бар жан дүниесімен ақиқатқа ұмтылуы керек.
• Достықтеңдіктенбасталады.
Билл Гейтс
Сіздің аты-жөніңіз ғаламторда жоқ болса, демек сіз бизнестен тым алшақсыз
Жаңаісбастауешқашан да кешемес.
Егербасыңызғажақсы идея топ етеқалса, оны дереуіскеасыруғаталпыныңыз.
Білім – еңмаңыздыаспап
— Билл Гейтс
Компьютер мен Билл Гейтс құдды егізұғымдай. Иә, дүние жүзі білетін Microsoft компаниясының негізін қалап, бізді «терезелерге» қаратып отырған осы кісіемеспе? Заманауи компьютерлік технологиялардың дамығаны осы кісінің қажырлы еңбегінің арқасыемеспе?
1 – жүргізуші:
Царица наук – математика.
Но выросла рядом принцесса –
Прекраснейшая Информатика,
Дочь мысли людской и прогресса.
Сегодня без этой науки
Представить наш мир невозможно.
Она нас спасает от скуки.
Она наш помощник надежный.
There were parallels.
Somewhere very far away.
And once tired
These cute parallels
Our findings. About the fact that
They never see the intersection.
So says the Great Doctrine.
— It was necessary for this to happen!
No way with you we can not unite —
One straight was indignant.
«Awful!» — supported her other.
-Let’s show everyone, everything,
How we will cross for good!
-How do we do this
After all, this is a difficult matter?
— Now we will think a bit.
When your thoughts light up,
Get down to business quickly, —
That’s how she wanted
2 – жүргізуші:
Ақапарат, ақпараттық әрекетті.
Жүзеге асырасың, бас ұрасың
Интернет желісін жүктейсің де,
Әлемдік жүйеге сен енесің
Өмірдің тулап жатқан толқынында.
Өзіңді өзгелермен бір көресің
Ақапарт, ақпараттық әрекетті.
Жүзеге асырасың, бас ұрасың
1 – жүргізуші:
Сейчас компьютеры применяются почти
во всех отраслях науки и производства.
По кремнистым ступеням
Взбираясь к опасным вершинам…
Никогда, никогда, никогда
Не отдаст человек
Своего превосходства
Умнейшим машинам!
Онсыз құралмайды өлшеусіз картасы.
Нақты жауап ой толғауын ашатын,
Жауаптарын дұрыс шешіп табатын .
Ғалымдардың сыр сандығын жинақтап,
Дәлелдейді шығарады салалап.
Керегіне жаратамыз біз оны,
Онсыз пәннің келіспейді ажары.
Ешқайсысы онсыз өмір сүре алмас,
Өмірдегі құбылыстарды ол болмаса біле алмас.
«Бекзадасы ,әрі қызметшісі » бәрінің ,
Математикамен жоқ ешкімде талас
Енді логикалық есеп:
Жолаушының бір ешкісі, бір капустасы, бір қасқыры бар. Ол өзеннің бір жағынан екінші жағына екі орынды қайық арқылы өтуі керек. Жолаушы ешкіні, капуста және қасқырды өзеннен қалай өткізді? Қасқырды ешкімен қалдыра алмайды, ал ешкіні капустамен қалдыра алмайтыны белгілі болса? Шешімі: Ол үшін үшеуін де қадағалаусыз қалмауы керек. Бірінші қатынағанда жолаушы өзеннің ар жағына ешкіні апарады. Екінші қатынағанда жолаушы қасқырды алады, капуста қалады. Өзеннің ар жағына жеткен соң қасқырды қалдырып, ешкіні қайтадан өзеннің бер жағына әкеледі. Үш қатынағанда ешкіні қалдырып, капустаны өзеннің ар жағына апарады. Капустаны қалдырады да, өзі бер жаққа қайта оралады. Төрт қатынағанда ол ешкіні өзеннің ар жағына шығарады.
1.Математика – 1,2,3…натурал саннан тарайды,
Алгебра сырын ашсам деп,
a,b,c,d әріптер жан – жағына қарайды.
Үшбұрыш, төртбұрыш, конус пен цилиндр,
Геометриялық денелер нүкте менен түзуді арғы атасы санайды.
Синус пенен косинус, тангенс пен котангенс
Жүрген жерде паңданып сұлуға өзін балайды.
Үшбұрыштар Бәйтеректе көз ұшында көрінген,
Пирамида орын алған Астананың төрінен.
Математика күллі әлемді өз тілінде сөйлетіп,
Білімнің нұрлы шуағы шар тарапқа тарайды.
2.
Қарасаңшы міне осындай ғажапқа.
Үшқоңырдай жайлауы бар елімнің
Елбасындай ұл сыйлаған қазаққа!
Тәрбиелеп біліммен ұрпақтарын,
Қазағым бесіктен ақ берген білім.
Ұқтырып жеті санының кереметін,
Әр сөзінен дананың терген ілім.
3. Симметрия ұғымын пайдаланып,
Ою — өрнек бұйымына сызғызған.
Заңдарын Пифагордың басшылыққа ап,
Таңғажайып зәулім үйлер тұрғызған.
Ғылымдардың патшасы атанған,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған,
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен қаталдансың
Ақыл – ойды тәртіпкек келтіретін
Нағыз пән математика атанғансың
2 – жүргізуші:
Осымен «МАТЕМАТИКА, ИНФОРМАТИКА, ФИЗИКА» пәндері апталығының ашылу салтанаты аяқталды. Барлығыңызға сәттілік тілейміз