Қағаз кесінділерінен құрамақтар жасау. Қағаз кесінділерінен жасалған құрамақтар
Мақсаты
Сабақың білімділік мақсаты: өзге елдер өнері (жапон өнері) – оригами туралы мағлұмат беру, қағазды бүктеу арқылы қажетті бұйымдарды жасап үйрену;
Дамытушылық мақсаты: шығармашылығын, түс үйлесімін дұрыс таңдауды дамыту;
Тәрбиелік мақсаты: шыдамдылыққа, әсемдікке, сабақта алған білімдерін өмірде пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, сабақ тақырыбына сай суреттер мен мәліметтер, дайын бұйымдар, эскиздер, нұсқау карталар, буклет, слайдтар, қолөнер туралы мақал – мәтелдер.
Сабаққа қажетті құрал – жабдықтар: түрлі түсті қағаздар, желім, сызғыш түрлері, қайшы.