Психологиялық дайындық
«Жүректен - жүрекке» шеңбері – Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Топқа бөлу
Ойыншықтар үлестіріледі
Оқушылар таңдаған ойыншықтарына сай топтарға бөлініп отырады.
«Күн мен жаңбыр»
Бір бала күн, екінші бала жаңбыр болады. Күн болып тұрған бала «күн»деп орнынан тұрғанда балалар жүгіреді, ойнайды. «Жаңбыр» деп екінші бала орнынан тұрғанда барлық бала бастарын жасырып тығылады.
Мақсаты: Балаларға табиғат құбылыстарын сезіне білуге үйрету.