Жасылмен бөркін тастады. (Жер)
Ай тобы: Қонақтап күнде қонар су бетіне,
Сүйсінер барлық адам келбетіне.
Тұлғасы су ішінде көрінеді,
Таңырқап қарап тұрсам суретіне. (АЙ)
Күн тобы:Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын,
Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын.
Жаһанның жерін, суын, жәндіктерін,
Іші кең бәрін салса толмайтұғын. (Көк, аспан)
2. Осы аптадағы гороскоп туралы ұялы телефондарын желіге қосып,айту.
3. Жетіқарақшы, темірқазық жұлдыздары туралы аңыз.
Интернет желісі
Бағалау:
Мұғалім мен оқушылар арасындағы кері байланыс.
Тақтада қажетті плакаттарды ұсынады.
1-топ: «Білім ағашы», 2-топ: «Бес саусақ» , 3-топ: «Нысана» : (не үйрендім, не қиын -болды, ұнады,ұнамады, үлес қостым , қызықты тұстары, сұрақ.т.б.)
Оқушылар ойын білу.
Интерактив ті тақта.
Үйге тапсырма:
Тарау бойынша .
Ұсынады
Реферат, баяндама,қызықты мағлұматтар жинақтау.
Жердің өз осінен айналатындығынан жұлдыздар аспанда орын ауыстырып қозғалып жүрген сияқты болып көрінеді. Егер бетімізді горизонттын оңтүстік жағына беріп, Жердің солтүстік жарты шарының, орталық ендіктеріндегі жұлдыздардың, тәуліктік қозғалысын бақылайтын болсақ, онда мынаны байқауға болады: жұлдыздардың, горизонттың шығыс жағында туып, оңтүстігіне қарай ең, жоғары көтеріліс, батыс жағында бататынын, яғни олар сағат тілі бағытында солдан онға карай қозғалатынын байқауға болады. Назар салып қарасак, Темірқазық жұлдызы горизонтқа қатысты өзінің орнын онша өзгертпейтінін байқауымызға болады. Ал басқа жұлдыздар бір тәулік ішінде толык, дөңгелек (центрі Темірказықтың маңында) сызып шығады. Бұған айсыз түні қойылған мынадан тәжірибе арқылы оңай көз жеткізуге болады. Фотоаппаратты «шексіздікке» оңтайлап, оны Темірқазықка бағыттайық та, осы қалпынан тапжылтпай бекітейік. Объектив түгел ашылып тұратын етіп, затворды (қалқан) жарты не бір сағат ашайық. Осылайша түсіріліп алынған суретті айқындағаннан кейін, одан біз концентрлі доғаларды - жұлдыз жолынын. іздерін көреміз. Осы доғалардың ортақ центрі, яғни жұлдыздардың тәуліктік қозғалысы кезінде мызғымай өз орнында калатын нүкте - шартты түрде солтүстік дүние полюсі деп аталады. Темірқазық оған өте жақын. Оған диаметральды қарамақарсы нүкте дүниенің оңтүстік полюсі делінеді. Солтүстік жарты шарда ол горизонттан төмен орналасады.
Аспанның тәуліктік айналысы кұбылысын аспан сферасы делінетін математикалық салуды пайдаланып зерттеу ыңғайлы. Ол центрі бақылау нуктесінде болатын, кез келген радиуспен алынған жорамал сфера. Оның бетіне барлық шырақтардың көрінерлік орындарын проекциялайды да, ыңғайлы болу ушін бірқатар нуктелер мен сызықтар жүргізіледі. Бақылаушы арқылы өтетін LCZ¢тік сызығы, біздің нақ төбемізде, аспанды Z зенит нуктесінде қиып өтеді. Оған диаметральды қарамақарсы нукте LCZ', надир деп аталады. Z' сызығына перпендикуляр жазықтық (NESW) горизонт жазықтығы болып табылады, бұл жазықтық жер шарының бетімен бақылаушы тұрған нүктеде жанасады.
Ол аспан сферасының бетін екі жарты сфераға бөледі: барлық нүктелері горизонттан жоғары орналасқан көрінерлік және нүктелері горизонттан төмен орнаяасқан көрінбейтін жарты сфералар.
Дүниеніқ екі полюсін (Р және Р') қосатын жэне бақылаушы (С) арқылы өтетін аспан сферасынық көрінетін айналу осін дүние осі деп атайды. Кез келген бақылаушы үшін дүние осі Жердің айналу осіне әрқашан параллель болады. Горизонтта дүниенің солтүстік полюсі астында солтүстік нүктесі N жатыр, оған дйаметральды қарамақарсы нүкте S - оңтүстік нүктесі. NCS сызығы талтүстік сызық деп аталады, өйткені тал түсте вертикаль қойылған стерженьнің горизонталь жазықтықтағы көлеңкесі әлгі сызықтың бойымен түседі. Шығыс Е және батыс W нүктелері горизонт сызығының бойында жатады. Олар солтүстік N және онтүстік S нүктелерінен 90° қашықтықта тұр. N нүктесі, дүние полюстері, Z зенит және S нүктс арқылы аспан меридианының жазықтығы өтеді де, ол бақылаушы үщін оның географиялык. меридиан жазықтығымен беттеседі. Ақырында, сфера центрі арқылы дүние осіне перпендикуляр өтетін аспан экваторы жазықтығын құрайды, ал ол Жер экваторы жазықтығына параллель болады. Аспан экваторы аспан сферасыньщ бетін екі жарты шарға төбесі дүниенің солтүстік полюсінде жататын солтүстік жарты шарға жәңе төбесі дүниенің оңтүстік полюсінде жататын онтүстік жарты шарға бөледі.