Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.
- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.
- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.
Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
Үй тапсырмасын пысықтау Қызығушылығын ояту
Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгерегндерін тексеру. Шоқжұлдыздар дегеніміз не?
Аспанда қанша шоқжыұлдыз бар?
Көрінерлік және абсолют жұлдыздық шамалар қалай белгіленеді?
5-кестедігі жұлдыздардың қайсысы ең жарық, қайсысы ең солғын?
Аспан сферасы дегеніміз не?
Аспан сферасының негізгі элеменеттерін атаңдар.
Аспан экваторы мен аспан меридианы қандай нүктелерде қиылысады?
Эклиптика аспан экваторына қатысты қалай орналасқан?
Эклиптика мен аспан экваторының қиылысу нүктелері қалай аталады?
Көкжиектік координаталарды атаңдар.
Азимут дегеніміз не?
Шырақ биіктігі дегеніміз не?
Экваторлық координаталарды атаңдар.
Еңістік дегеніміз не?
Тура көтерілу дегеніміз не?
Физикалық диктант «Аспан сферасы. Аспан координаталар жүйесі» 1т оп Радиусы анықталмаған жорамал сфера - ...... деп аталады.
Сферадағы екі нүктенің арасындағы доғамен өлшенетін қашықтықты немесе оған сәйкес орталық бұрыш шамасын.................... деп атайды.
Аспан сөзі ежелгі үнді тілінен айдарғанда .................. деген мағына береді.
Зенитке қарама – қарсы орналасқан нүкте .................. деп аталады.
Зенит пен надирді қосатын нүкте .................. деп аталады.
Тік сызықққа перпендикуляр әрі аспан сферасының орталық нүктесі арқылы өтетін жазықтық ............................. деп аталады.
Төңірегінде аспан сферасының айналысы сағат тілінің айналу бағытына кері болатын полюс ..... деп аталады.
Зенит және дүние осі арқылы өтетін жазықтық ............. деп аталады.
Аспан сферасының орталық нүктесі арқылы өтетін және дүние осімен тік бұрыш жасайтын жазықтық ..... деп аталады.
Жер экваторына параллель бағытталған жазықтық аспан сферасымен қиылысқанда пайда болатын үлкен дөңгелек ................. деп аталады.
Дүние полюстері және шырақ арқылы өтетін үлкен дөңгелек .............. деп аталады.
............... – Күннің зодиак шоқжұлдыздары бойымен жылдық қозғалысы атқарылатын үлкен дөңгелек.
.............. аспан денелерінің аспан сферасында орналасуын анықтайды.