Сабақ 1
|
Физика 9 сынып
|
Сабақтың аты
|
Қозғалыс материяның ажырамас бөлігі
|
Жалпы мақсаты
|
қозғалыс материяның ажырамас бөлігі жайлы мағлұмат беру
Оқушыларға материя, материяның негізгі қасиеті- қозғалыс туралы түсінік беру.
.Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
|
Күтілетін нәтиже
|
қозғалыс материяның ажырамас бөлігі жайлы мағлұмат алады
қозғалыс заңдарының формуласын есеп шығаруға үйренеді
|
Түйінді идеялар:
|
Топтық жұмыс орында барысында оқушылар жалпы биологияның ерекшелігін түсініп, жалпы биология курсындағы кейбір ерекшеліктерді практикалық тұрғыда орындай біліп, сыни тұрғыдан ойлауға дағдылану.
|
Уақы
ты
|
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс әрекеті
|
1
мин
|
Сергіту сәті
«Қызыл өрік»
|
|
|
1
|
Топқа бөліну
Сынып 3 топқа бөлінеді
1-
|
Ұйымдастыру топқа бөлу
Үстелдің үстінде топ аттары жазылып қойылған
|
Топқа бөлінді
Әр оқушы өз орнын тауып отырады
Ынтымақтастық қарым-қатынас орнату
|
3
мин
|
Қызығушылығын арттыру
Үй жұмысын тексеру
« Миға шабуыл»
Үй тапсырмасын сұрау (5 минут)
8-сынып курсын еске түсіріп шолу жасау
Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут)
Физика ғылымында дененің қозғалғанын қалай білеміз?
Механикалық қозғалыс дегенді қалай түсінесіңдер?
Материя дегенді қалай түсінесіңдер?
|
Постер құруға
А3қағаздар,түрлі-түсті маркерлер, стикерлермен қамтамасыз етілген
|
Миға шабуыл арқылы сыни тұрғыда ойланып, жүйке жүйесі туралы не білетінін
Өз ойларын ортаға салады.
|
7
мин
|
Жаңа сабақ Мағананы тану
Денелердің қозғалысын физиканың негізгі бөлімі – механика зерттейді. Механика кинематика және динамика деген бөлімдерден тұрады.
Кинематика – механиканың қозғалыстарды сипаттайтын шамалар арасындағы байланысты қарастыратын бөлімі.
Кинематикада денелердің қозғалысын анықтайтын себептер қарастырылмайды,
оларды динамика қарастырады.
Дене кейбір дегене қатысты тыныштықта болғанымен, басқа бір денеге қатысты қозғалыста болады, сондықтан денелердің тыныштығы салыстырмалы болып табылады.
Материяның негізгі қасиеттерінің бірі –қозғалыс. Материясыз қозғалыс, қозғалыссыз – материя болмайды.
Материяның қасиеттерін, оның өзгерістерін зерттеу барысында көптеген физикалық шамалар енгізіледі. Бұл шамларадың арасындағы ең маңызды байланыстар ашылады да, олар математикалық қатынастар арқылы өрнектеледі. Сөйтіп, материя қасиеттерін сипаттайтын заңдар тағайындалады.
Материяның ажырамас қасиеті? – Қозғалыс.
2. Жол қандай шама? – Скаляр.
3. Векторлық шамалар деп қандай шамаларды айтамыз? – Сандық мәнімен, бағытымен сипатталатын және геометриялық әдіспен қосылатын физмкалық шамаларды векторлық шамалар дейміз.
4. Бір қалыпты қозғалыс дегеніміз қандай қозғалыс? – Дене кез келген бірдей уақыт аралығында бірдей қашықтық өтетін болса, ондай қозғалысты бір қалыпты қозғалыс деп атайды.
5. ХБЖ жылдамдықтың бірлігі? –
6. Жылдамдық қандай әріппен белгіленеді? – v
7. Үдеу дегеніміз не? – Үдеу деп жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын физикалық векторлық шаманы айтады.
8. Еркін түсу үдеуінің мәні неге тең? – 9,8 м/с2
9. Материялық нүктенің айналу центрінің маңында бір секунд ішінде жасайтын айналым саны? – Жиілік.
10. Период қандай әріппен белгіленеді? - T
11. Бұрыштық жылдамдықтың бірлігі? -
12. Cызықтық жылдамдық пен бұрыштық жылдамдықтың арасында қандай байланыс бар? -
13. Центрге тартқыш үдеу қалай бағытталады? – Центрге қарай.
14. y=ax2 ненің графигі? – Парабола.
15. Қозғалып бара жатқан дененің таңдап алынған санақ жүйесіне қатысты жасаған үздіксіз сызығын не деп атайды?- Траектория.
|