Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. 2 Шаттық шеңбері



бет1/4
Дата08.11.2022
өлшемі26,08 Kb.
#48500
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
тарбие сағ


Тақырыбы: «Зиянды әдеттен аулақ бол!»
Мақсаты: Студенттерді үлкенге құрмет көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу. Әдептілік қағидаларын меңгерте отырып, зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға шақыру.Салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру.
Сабақтың міндеттері: 1. Денсаулықты сақтау және нығайту туралы білім беру.
Өзін-өзі тәрбиелей білу, жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болу.
Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, көрме, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, буклет, сурет салу. Салауатты өмір салтына байланысты суреттер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
1.2 Шаттық шеңбері.
Мұғалім. Студенттер, бәріміз шаттық шеңберіне жиналдық. Енді бір-бірімізге денсаулық туралы жақсы тілектер айтайық.
(Студенттер бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне және денсаулық туралы тілектер айтады) 
1.3.Сұрақ қою.
“Денсаулығың өз қолыңда” дегенді қалай түсінесіңдер?
Салауатты өмір салты не үшін керек?
“Сатып алған ауруға дауа жоқ” дегенді мысалдармен түсіндіріңдер.
/Студенттер сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойларын ортаға салып, өзгелердің де пікірлерін, көзқарастарын тыңдады./
Оқушылардың жауап, пікірлерін негізге ала отырып,мұғалімнің қорытынды сөзі: 
1.4. Мұғалім: 
Денсаулық әркімнің өз қолында. Денсаулықты адам баласына табиғат сыйлаған басты байлық. Денсаулықты жоғалту оңай, қалпына келтіру қиын. Сондықтан адамның денсаулығының мықты болуы адамның өзіне байланысты. Жағымды, жағымсыз заттарды дұрыс таңдау арқылы салауатты өмір сүруге болады.
1.5. Назар аударайық!
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасының негізгі жеті басымдығының, төртіншісінде- Қазақстан азаматтарының әл-ауқаты, білімі және денсаулығы туралы атап көрсеткен. Халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі үш бағытта күрес жүргізу керек деді. 
Бірінші бағыт-”Темекі шегуді тоқтату”
Екінші бағыт-”Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес”
Үшінші бағыт-”Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес”

1.6. Түйіндеме: 
Құрметті оқушылар! Еліміздің мықты тірегі –дені сау ұрпақ. Алдымен адамға денсаулық керек. Адам баласының денсаулығы оның жаны мен тәнінің саулығынан құралады. Адам денсаулығының жақсаруы, рухани жанының тазаруы. Тіршілікте салауатты өмір салтын ұстану- салауатты өмір кешумен байланысты. Сонымен балалар, денсаулық -адам бақытының бірінші байлығы. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет