Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі Кіріспе бөлімі


Сабақты оқушылар жалғастырады



бет2/3
Дата12.04.2023
өлшемі19,71 Kb.
#81834
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Тәрбие сағаты Қазақтың текті қыраны-Талғат Бигелдинов

Сабақты оқушылар жалғастырады

  1. оқушы: ( слайд)

Әуе шабуылының қаһарманы даңқты ұшқыш Талғат Жақыпбекұлы 1922 жылы 5 тамызда Ақмола облысының Майбалық ауылында дүниеге келген. Қадиша әжесінің бауырында тәрбиеленген батыр ел басына күн туған қиын шақтарда әжесіне қолғабыс беріп, үлкендермен бірге еңбекке ерте араласқан. Қара жұмысқа жастайынан дағдыланған ол алдына ұшқыш болам деген мақсат қойып, Бішкектегі ДОСААФ авиамектебіне түседі.

  1. оқушы: ( слайд)

Екінің біріне бұйырмайтын мұндай бақытқа иеленген ол ең алдымен Саратовтың арнайы барлаушылық ұшқыштар авиамектебіне оқуға жіберілген. Оны абыроймен аяқтаған соң Чкаловтағы 3-ші бомбалаушы және 1-ші жойғыш авиациялық ұшқыштар мектептерінде мамандығының қыры мен сырын одан әрі терең меңгерді. Екі жарым жыл бойы ИЛ-2 шабылдаушы ұшағында ұшуға дайындалып үйренеді.1942 жылы сұрапыл соғыс кезінде 144-ші гвардиялық деп аталатын алғы шептегі 800-ші шабылдаушы авиаполк қатарынан табылды. Міне, соның құрамында Талғат Бигелдинов соғыстың соңғы күндеріне дейін кеудесін отқа төсеп, от-жалынның ортасында жүрді. Даңқты ұшқыш қан майданда көкке 305 рет әскери шабуылға шыққан. Бар болғаны 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атанған ол Берлинді алуға алғаш қатысқан.

  1. оқушы: (слайд)

Ия, батырдың қан майдандағы ерлігінен бөлек, бейбіт өмір кезіндегі қазақ халқы үшін жасаған қызметі орасан. Мәселен, оның басшылығымен елімізідің көптеген облыс орталықтарында заман талабына сәйкес келетін ұшу-қону алаңдары бар аэродромдар салынды. Үкімет тапсырмасымен Лисаков кен байыту комбинатының құрылысына, Жамбыл суперфосфат комбинатына, Алматыдағы Республика сарайы, республикалық кітапхана ғимаратын салуға атсалысты. Осы жылдарда өзінің құрылысшылар ұжымымен барлық облыстарда автодромды автомектептер тұрғызған.

  1. оқушы: (слайд)

Талғат Бигелдинов отандық патриотизмнің қайталанбас үлгісін көрсете білген тау тұлғалы азамат. Өзінің естеліктерінде жүрегінде әрдайым патриоттық сезім болғанын айтады. Батырдың ерлікпен өрілген өмірі туралы фильмнің дүниеге келуі де сондықтан. «Подняться в воздух» фильмі нағыз ерліктің өрнегін көрсеткен тың туынды. Батыр туралы бір жылдай түсірілген фильм желісіне ұшқыш-шабуылдаушының 1966 жылы қаламынан туған «Илы атакуют» кітабындағы естеліктер арқау болған еді.

  1. :

  1. оқушы: (слайд)

Соғыстан кейін Әскери әуе күштері академиясын( 1950), Мәскеу инженер-құрылыс институтын (1968) бітірді. 1956 жылы әскери қызметтен босап, 1957-1970 жылдары Қазақстан территориалдық азаматтық авиациясы басқармасында аға инспектор және бастықтың орынбасары, ұзақ уақыт Қазақ КСР-інің құрылыс саласында басшылық қызметтер атқарды.
( Интербелсенді тақтадан ордендері, медальдары мен Бішкек қаласында қоладан жасалған ескерткіш мүсіні көрсетіледі.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет