Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі «Тез сұрақ» сұрақ-жауап әдісі «Қызықты математика» интеллектуалды ойыны



Дата20.05.2023
өлшемі18,68 Kb.
#95468
түріСабақ

Тақырыбы: Сиқырлы математика
Сабақтың мақсаты: 7-8 сыныптарда өткен алгебра және геометрия бөлімдерін қайталау, математика жайлы оқушылардың жаңа көзқарастарын ояту;
Пән аралық байланыс: бейнелеу
Сабақтың типі: ашық-интеллектуалды ойын сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ойын
Оқыту құралдары: интерактивті тақта, үлестірмелі қағаз, постер
Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

  2. «Тез сұрақ» сұрақ-жауап әдісі

  3. «Қызықты математика» интеллектуалды ойыны

  4. Сергіту сәті: «Математика және логика әлемінде»

  5. Постер қорғау

  6. Қорытынды, марапаттау

І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
«Пазл» әдісі арқылы оқушыларды топтарға бөлу. 4 түрлі суреттің пазлдық бөлшектерін оқушылар таңдап алады, бір суретті құрастыратын 4 бала бір топ болады. Топтарға ат қойғызу.
ІІ. «Тез сұрақ» сұрақ-жауап әдісі
1-топ:

  1. Жалғыз жұп жай санды ата? екі

  2. Pi мәні? 3.14

  3. 31 күннен тұратын жылдың соңғы айы? Жауап: желтоқсан

  4. Бір жылда неше тәулік бар? 365

  5. Барлық қабырғалары тең төртбұрыш? Шаршы

  6. Ұзындық бірліктерін ата. мм, см, м, км

  7. Санмен байланысы бар мақал

  8. Бұрышты тең екі бөлікке бөлінетін сәуле? Биссектриса

  9. 196 қай санның квадраты? 14

2-топ:

  1. Халық мақалында қанша құмалақ бір қарын майды бүлдіреді?

  2. Ең үлкен цифр? 9

  3. 180 - қа тең бұрыш қалай аталады? Жазыңқы

  4. Перпендикуляр түзулер неше градус жасап қиылысады? 90

  5. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Үш стакан

  6. 60 санының 50%- ын тап (30)

  7. Бұрышты өлшейтін құрал? Транспортир

  8. 100 саны ағылшын тілінде? Hundred

  9. Геометрия сөзі қандай мағына береді? Жерді өлшеу

3-топ:

  1. Екі қатынастың теңдігі? Пропорция

  2. Кез - келген санның бір дәрежесі. Өзіне тең

  3. Теріс санның жұп дәрежесі? Оң сан

  4. Ең кіші үш таңбалы сан? 100

  5. Нөлдің бір дәрежесі? 0

  6. Ең кіші натурал сан? 1

  7. 11 санның квадраты? 121

  8. Санмен байланысы бар мақал

  9. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы? 180

4-топ:

  1. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек? Бұрыс

  2. Теріс сандардың қосындысы? Теріс

  3. Екі санның бөліндісі аты? Қатынас

  4. Кез - келген санның нөлінші дәрежесі? 1

  5. Ең үлкен үш таңбалы сан? 999

  6. 5 - ке қарама - қарсы сан? - 5

  7. 4 санның кубы? 64

  8. 100 санының 25%-ы? 25

  9. Шеңбер элементтері? Хордасы диаметрі радиусы

ІІІ. «Қызықты математика» интеллектуалды ойыны
Ұяшықтар таңдауға арналған интеллектуалды ойын. Әр топ кезек-кезек ұяшық таңдап, сол ұяшықта көрсетілген сұрақтарға жауап береді. Берген жауаптары дұрыс болған жағдайда 5 ұпайға ие болады. Ұяшық категориялары:

  1. Әлем тілінде

  2. Салт-дәстүр

  3. Математикалық лайфхак

  4. Өткенген шолу

  5. Естімеген елде көп.....

  6. Сурет

  7. Физика

  8. Қазақ спорты

  9. Қорқыныш

  10. Жануарлар

  11. Блоггинг

  12. Әйел және математика

  13. Л-Логика

  14. Демалыс

  15. 11 111

  16. Уақыт

ІV. Сергіту сәті: «Математика және логика әлемінде»
Kahoot.it – сабаққа арналған ойын платформасы арқылы, оқушыларға «сауалдар» және «дұрыс немесе қате» ойындарын өткізу. Тапсырмада: логикалық сұрақтар және қысқаша көбейту формулалары қайталанады.
Сілтеме: https://create.kahoot.it/details/bf9ec4a1-92ab-4c2b-9c87-a62e701b7284
V. Постер қорғау. Топтарға «Математика өмірде» және «Математиканың басқа салалармен байланысы» тақырыптарын таңдап алуға мүмкіндік беріледі. Таңдап алған тақырыпқа постер құрып, оны кезектесіп қорғайды.
VІ. Қорытындылау. Оқушылардың ойын деңгейін бағалау, мадақтау.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет