Психологиялық дайындық.
-Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Біздің сабағымызға қонақтар қатысып отыр. Бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл-күймен өткізу үшін, біз бір-бірімізге әуелі жақсы тілектер тілейік. «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген. «Жүректен жүрекке» ойыны
(гүлге жазып, тілектер айтылады. )
-Денің сау болсын!
-Ұқыпты бол!
-Батыл бол!
-Кішіпейіл бол!
-Ізетті бол!
-Әдепті бол!
-Ақылды бол!
-Білімді бол!
-Сүйкімді бол!
-Қазақтың баласы бол!
-Отаныңның баласы бол!
-Еліңе қорған бол!
-Арманшыл бол!
-Атаңның ұрпағы бол!
–Өнерлі бол!
-Нұр жаусын!
-Мерейің үстем болсын!
-Білім беріп, жақсылыққа тәрбиелегеніңіз үшін рахмет!
-Рахмет!
-Міне, балалар, бір-бірімізге денсаулық тілеп, жақсылық жасасақ, ол жақсылық, өзімізге соншалық болып оралады екен.
Мұғалім сөзі:
Өзін ғана ойлаған -
Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған –
Адамдықтың белгісі,-
деген ұлағатты жолдар бекер айтылмаған. Өйткені, адам баласына адамдықтың белгісі адамгершіліктен қалыптасады.
-Ал, адамгершілік дегеніміз не? Мұның жауабы, әрине, адам бойындағы асыл қасиеттер. Демек, асыл қасиетіміз – еңбек сүйгіштік, достық, әдептілік, көмек беру, қоғамға қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін, жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни, адам бойында осы қасиеттер жоғары тұрса, ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ. Сондықтан, біз осы қасиеттерді кішкентай кезімізден бойымызға сіңіруіміз қажет. Ал, керісінше, сөзі дөрекі, мінезі шайпау, менмен мақтаншақ, керенау кесір мінезден аулақ болуымыз керек. Осы жерде бірден ұлы Абайдың сөздері ойымызға орала кетеді:
3. Жаңа сабақ. -Ал енді балалар бәріміз тақтаға қарайықшы.
«Адам болам десеңіз...» (тақтадан сабақ тақырыбын көрсету)
-Иә, бұл өлең жолдар ақынның қай өлеңінде айтылатын еді?
-Кәне, кім айтып берер екен?
«Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап, босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол;
Адам болам десеңіз,
Тілеуің, өмірің алдында,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз…» -
деп, ұлы Абайдың адам баласына айтып кеткен адамгершілік қасиеттері бізге сабақ екенін ешқашан ұмытпауымыз керек.
«Бес асыл іс» - адамгершіліктің Абай ұсынған этикалық-әдеп нормалары. Гуманист атаулының бәрі де дүниедегі ең асыл, бағалы нәрсе - адам деп түсінетін болса, сол адам бойындағы ең басты сипаттар адамгершілік қасиеттер деп жауап береді. Ойшыл ақын жас ұрпақты жаңа дәуір талабы деңгейінде, адамгершілікке тәрбиелеуді мақсат тұтып, күрес жүргізді. Біз де өз тарапымыздан жеңіл ұғындыруға әрекеттендік, өздеріңіз көріп отырғандай күн мен бұлтқа теңедік. Не үшін деп ойлайсыздар?
Абай адам болуға ұмтылған әрбір жалынды жастың бойына адамшылықтың қандай нәрін, нендей ізгілікті қасиеттерді егу, орнықтыру керектігін «Ғылым таппай мақтанба...» өлеңіңде: «Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз...» - деп, айқындап берген екен.
Тәрбие сағатымыздың жалғасын жадынамамен жалғайық, тақтаға назар салсақ.
Достарыңызбен бөлісу: |