2. Мына нақыл сөздерді жадыңда сақта!
Дүниедегі ең оңай нәрсе – кісіге ақыл айту, ең қиыны өзіңді-өзің түсіну. Әл-Фараби
Өзіңді-өзің тану – даналықтың бірінші белгісі. Карл Маркс.
Өзгермейтін, түзелмейтін мінез болмайды. Адам өз мінезіне өзі жауапты. Б.М.Теплов
Жақсы мінез-құлық пен ақыл екеуі біріккенде – бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады.
Әл- Фараби
Адамгершілік қасиеттер туралы айтылған даналарымыздың сөздері өте көп. Тек соны терең түсіне білу, ойға түйе жүру керек. Әйтпесе, бұл өмір деген қызығы мен шыжығы қатар жүретін алпауыт дүние. Аспанның бұлтсыз болмайтыны сияқты, адамның өмірі де қиындықсыз болмайды, тек соны жеңе білуіміз керек.
«Екі қолы, екі аяғы жоқ адамның миллионер болуы» жайында сюжет.
-Ал, балалар, біраз нәрселерді түсіндік. Абайдың дана сөздеріне талдау жасап, жадынама, нақыл сөздер оқыдық, сюжет көрдік, енді нені көңілге түйдік, бүгінгі тәрбие сабағымыздан қандай әсер алдыңыздар? Барлығын жинақтап, ой қорытсақ. Шағын ой толғау, мүмкін өлең жолдарымен жеткізерсіздер. Ал, қалғанымыз мақал-мәтелдер айтудан сынасайық, кім көп біледі екен?
«Кім жылдам?» – Мақал – мәтел сайысы.
Адам болатын бала алысқа қарайды.
Сыйласаң, сыйымды боларсың.
Жаманға жан жуымас, жалқауға мал жуымас.
Әдепсіз өскен адамнан, тәртіпті өскен тал артық.
Тәрбиелі кісі қант қосқан жармадай, тәрбиесіз кісі шаң боратқан арбадай.
Тәрбиесіз наданнан, үйретілген хайуан артық.
Жолдың қамысы болмайды, жаманның намысы болмайды.
Ақыл – дос, ашу – дұшпан, ақылыңа ақыл қос.
Түйін. Мұғалім сөзі:
Әрбір адам туғаннан керемет сыйға бөленген, ол – жетілуге талпыну. Біз бәріміз білімді аңсаймыз, биікке көтеріліп, ортамызға жағымды жақтарымызбен көрінуге тырысамыз, үлкен жетістіктерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Ол үшін адам ең алдымен, өзі неге қабілетті, өзінде жақсы не бар, соны түсініп алуы керек. Өзінің бар қабілеттерін жетілдірумен қатар өзіндегі кемшіліктерді түзетуі тиіс.
Адамгершілікті, әдепті болыңдар!
Бұл сабақ өмірлік сабақ болсын!
дегендей қазақта нақыл, дана сөздердің көп екенін ескере отырып, тәрбие сағатымыздың жалғасын мақал-мәтелдермен жалғастырсақ.
Достарыңызбен бөлісу: |