Сапура (Көктемір батыр) ана туралы мәліметті мұқият оқып шығыңыз
Сапура Мәтенқызы шамамен 1753-1776 жылдар аралығында өмір сүрген. Зерттеуші қаламгер Әнес Сарай 1997 жылы ақпан айында «Қазақстан әйелдері» журналында жарық көрген мақаласында, Сапура 1753 жылы қазіргі Ақтөбе облысының жері – Қобда бойында туды деген деректі алға тартады. Ақтөбе облысы Қобда өзені бойын мекендеген Мәтен батырдың отбасында дүниеге келген. Әйел басымен қол бастауға қымсынғандай, далада жүретін бір құпия тұлға – «Көктемір» туралы аңыз таратады. Барлық іс-қимылды соның атынан жүргізіп, көзге көрінбейтін күрескер келіншек шайқасқа шығады. Алайда, орыс әскерлері оның әйел екендігі туралы ғана емес, тіпті кім екенін білмейді, «Көктемір» деген атын ғана білетін болған. «Көрінбейтін Көктемір батыр» туралы алып-қашпа әңгімелер тараған.
|
Шоқан Уәлихановтың әжесі Айғаным жайындағы мәліметті мұқият оқып шығыңыз
|
Айғаным Ханым (1783 - 1853 жылдары) Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Сырымбет жайлауында өмір сүрген. Уәли ханның кіші әйелі. Солтүстік Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірге ықпал еткен. Ол өз кезеңінің алдыңғы қатарлы адамы болған, шығыстың бірнеше тілдерін білген. Санкт-Петербургтегі Ресей сыртқы істер министрінің Азия департаментімен хат жазысып, Омбыдағы, Тобыл мен Петропвалдағы шенеуніктермен тығыз байланыс орнатқан.
| Сұрақтар тізбегі:
1. Сапура ана өзі жайлы «көктемір батыр» туралы аңыз таратқан? (Иә).
2. Айғаным Шоқанның анасы болған (Жоқ, әжесі).
3. Бопай ханым Кенесары ханның қарындасы болған? (Иә).
4. Көктемір батыр Мәтен батырдың қызы (Иә).
5.Айғаным ел бастаған басшы болған (Иә).
6.Бопай 600 әскер бастаған (Иә).
Дескриптор.'>Кері байланыс.
«Көңіл-күй аралы» әдісі.
|
Дескриптор.
1. Семантикалық карта бойынша сұрақтарға жауап береді.
2. Жауаптарын дәлелдейді.
Дескриптор.
1. Оқушылар сабаққа кері байланыс жасайды.
2. Өз пікірлерін дәлелдейді.
|
Семантикалық карталар.
|